Freedom Holding Corp. түсімді 2 есе, пайданы 1,5 есе ұлғайтты
2024 фискалдық жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша (күнтізбелік жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі кезең) Freedom Holding Corp. түсімді 96% -ға, өткен жылдың осы кезеңіндегі нәтижемен салыстырғанда $418,6 млн-ға дейін ұлғайтты.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі (Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан) холдингтің түсімі өткен жылмен салыстырғанда 137% артып, $361,3 млн. жетті.
Атап айтқанда, Қазақстанда $359 млн түсім жасалды. Фридом Финанс Банкінің үлесі $140,2 млн құрады, Freedom Finance Global үлесі $96 млн тең, «Фридом Финанс» АҚ үлесі — $13,3 млн, Freedom Life үлесі — $76,97 млн, Freedom Insurance үлесі — $17,1 млн болды.
Еуропалық бизнес бөлімшесінің кірісі $39,5 млн. құрады. Қазан-желтоқсан айларында холдинг Австрия, Нидерланды, Италия және Болгарияда өкілдік кеңселерін ашты.
Freedom Holding Corp. түсімінің негізгі оң драйвері пайыздық кірістердің өсуі болды, олар $226,4 млн жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 182% -ға ұлғайды. Бұл нәтиже Холдингтің меншікті бағалы қағаздар портфелінің кеңеюіне және берілген банк кредиттері көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
Холдингтің сақтандыру қызметінің белсенді дамып келе жатқан сегментінен кірістері есепті тоқсанда өткен жылмен салыстырғанда 177% -ға өсіп, $79 млн. болды.
Freedom Holding Corp. бизнесінің жалпы өсуі аясында комиссиялық кірістер 49% -ға немесе $39,3 млн. ұлғайды.
Бағалы қағаздар саудасынан таза шығын $5 млн. құрады. Бұл серпіннің негізгі драйвері Қазақстандық орнықты даму қорының бағалы қағаздары құнының төмендеуі болды.
Freedom Holding Corp. шығыстары 2024 фискалдық жылдың үшінші тоқсанында бизнестің белсенді дамуының арқасында 89% -ға ұлғайып, $307 млн құрады. Бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілелері арқылы қысқа мерзімді қаржыландыруға арналған шығындардың өсуіне және клиенттік салымдар қаражаты бойынша пайыздық шығындардың ұлғаюына байланысты пайыздық шығыстар 152% өсіп, $131,2 млн-ға жетті.
Жалпы және әкімшілік шығыстар $32,1 млн. жетіп, 95% -ға өсті Ең елеулі жарналар Қазақстанда – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына, Қазақстан шахмат федерациясына және «Парыз» Ақтөбе қоғамдық қорына жасалды.
Freedom Holding Corp. таза пайдасы 2024 жылдың үшінші тоқсанында 54% -ға ұлғайып, $96 млн. болды.
Олардың 58,578,691 данаға тең орташа өлшенген санынан есептелген FRHC акциясына пайда $1,65 жетті.
Холдингтің активтері $5,085 млн-дан $7,449 млн-ға дейін (+ 47%) өсті. Міндеттемелер көлемі $4,314 млн-дан $6,410 млн-ға дейін (+ 49%) өсті.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша холдингтің брокерлік клиенттік шоттарының саны сол жылдың 434 қыркүйегінде 458 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды.