Lifestyle қызметтерден күнделікті қажетті тауарларға дейін: Freedom Holding Corp. экожүйесіндегі сервистер қалай дамып жатыр

Freedom Travel 2026 жылдың тоғыз айында 2,47 млн әуе жолаушысына қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы 1,22 млн адаммен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Ал Arbuz платформасындағы тапсырыстар саны 853 мыңнан шамамен 1,9 млн-ға дейін өсті. Компаниялар Freedom экожүйесі аясында күнделікті пайдаланылатын сервистерді дамытып, оларды SuperApp арқылы қаржылық өнімдермен біріктіріп келеді.
Freedom Travel: брондау мен жолаушылар саны артты
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Freedom Travel арқылы 1,62 млн әуе билеті брондалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 821,7 мың брондаумен салыстырғанда шамамен 100%-ға көп. Сервистің қызметін пайдаланған жолаушылар саны 1,22 млн адамнан 2,47 млн адамға дейін өсті. Ал сатылымдардың жалпы көлемі, яғни сервис арқылы рәсімделген тапсырыстардың құны 110,6%-ға артып, 180 млрд теңгеге жетті.
Туристік компанияның орташа чек көлемі 6,7%-ға өсіп, 110,9 мың теңгеге жетті. Сонымен қатар бизнес-классқа жасалған брондаулар саны төрттен бірге артып, 22,1 мыңға жеткен. Freedom Travel әуе билеттерін брондау бойынша ең жоғары өсім қарқынын сәуір айында тіркеді. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,7%-ға артқан. Ал жолаушылар саны бойынша маусым мен шілде айлары көш бастады: бұл айларда тиісінше 333,1 мың және 325,2 мың адам сервистің қызметін пайдаланған.
Компанияның мәліметінше, теміржол сапарларына деген сұраныс та артып келеді: тоғыз айдың қорытындысы бойынша брондаулар саны 67%-ға өсіп, 1,35 млн-ға жетті, ал сатылым көлемі 99,8%-ға артып, 24,7 млрд теңгені құрады. Орташа чек 19,6%-ға өсіп, 18,3 мың теңгеге жеткен. Шетелдік әуе бағыттары арасында ең танымал бағыттар Стамбұл, Ташкент, Мәскеу, Баку және Тбилиси болды. Ал Бангкок, Шанхай, Куала-Лумпур және Гуанчжоу бағыттарына сұраныс ең жоғары қарқынмен өскен.
Бұрын Aviata брендімен жұмыс істеген Freedom Travel 2023 жылы холдинг құрамына кірді. Бүгінде сервис арқылы әуе және теміржол билеттерін, сондай-ақ Қазақстан бойынша саяхаттарды қоса алғанда, түрлі турларды сатып алуға болады.
Ал Freedom SuperApp қосымшасында саяхатшыларға eSIM қызметі де қолжетімді. Бұл — баратын елде байланыс қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды SIM-карта.
Клиенттерді тартудың маңызды құралдарының бірі — артықшылықтар бағдарламасы: 2026 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Freedom Travel сервисіндегі сатып алулар үшін ұсынылатын кешбэк көлемі 10%-ға дейін жетеді. Freedom экожүйесінің CEO-сы Тимур Турловтың айтуынша, кешбэк клиенттердің экожүйе ішіндегі түрлі сервистер арасында белсенді түрде ауысуына ықпал ететін маңызды тетікке айналған.
Arbuz: тоғыз айда шамамен 1,9 млн тапсырыс
Arbuz онлайн-супермаркеті қаңтар-қыркүйек аралығында шамамен 1,9 млн тапсырысты орындады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 853 мың тапсырыспен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Сервистің айналымы да екі есеге жуық өсті: сатылған тауарлардың құны 17,11 млрд теңгеден 34,05 млрд теңгеге дейін артты. Ең жоғары өсім ақпан айында байқалды. Егер 2025 жылдың ақпанында тапсырыстар саны шамамен 76 мың болса, 2026 жылдың ақпанында бұл көрсеткіш 190 мыңға жеткен.
Өсімге қызмет көрсету географиясының кеңеюі және клиенттерді Freedom SuperApp арқылы тарту ықпал етті. 2025 жылдың соңына қарай Arbuz Қарағанды мен Шымкент қалаларына шығып, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан екі негізгі нарық — Алматы мен Астананы толықтырды. Қазіргі таңда сервис Қазақстанның төрт қаласында азық-түлік пен күнделікті тұтынатын басқа да тауарларды жеткізеді.
Тимур Турлов Arbuz сервисін 2023 жылы сатып алды. Қазір онлайн-супермаркет холдингтің күнделікті сервистер бағыты болып саналатын Freedom Lifestyle құрамына кіреді. 2026 жылдың маусымындағы жағдай бойынша Arbuz сервисінің ай сайынғы белсенді аудиториясы 260 мың пайдаланушыны, ал күн сайынғы белсенді аудиториясы 24 мың пайдаланушыны құрады. Freedom экожүйесінің төлем құралдары арқылы жүргізілген төлемдердің үлесі 91%-ға жеткен.
Халықаралық экожүйедегі күнделікті сервистер
Freedom Travel мен Arbuz холдингінің қаржылық бағыттарын толықтыратын сервистердің қатарына кіреді. Экожүйе құрамына банк, брокерлік компаниялар, және сақтандыру компаниялары, төлем сервистері, билет платформасы және медиасервистер кіреді. Ал мен байланыс қызметтері мен есептеу инфрақұрылымын дамыту бағытында жұмыс істейді.
Қаржылық және күнделікті қызметтер қосымшасында біріктірілген: пайдаланушылар сатып алулардың ақысын төлей алады, ақша аударады, банктік өнімдерді рәсімдейді, инвестиция салады, сақтандыру полистерін сатып алады және саяхаттарын жоспарлайды. Банк қосымшаның аудиториясы 6 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды.
2026 жылдың ортасына қарай холдингі 24 елде жұмыс істеп, 264 кеңсені біріктірді. Цифрлық экожүйенің клиенттік базасы 8,7 миллионнан асты, ал серіктес компаниялардың пайдаланушыларын қоса есептегенде, топ қызметтерін 14 миллионнан астам адам пайдаланды.