Freedom Fandomat Алматыда таныстырылды

Алматыда Freedom Holding Corp. және «Freedom Шапағат» қорының алғашқы қазақстандық фандоматы  қоқыс қабылдайтын ерекше автомат орнатылды

Бұл бастама қазақстандықтарда қалдықтарды бөлек жинау және саналы тұтыну әдетін қалыптастыруға көмектеседі. Алғашқы фандомат қала орталығында – Панфилов көшесінде, Төле би көшесінен жоғары орналастырылды. Жақын арада Алматы мен Астананың ең көп баратын орындарында 100 фандомат пайда болады.

Freedom Fandomat – пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды қабылдап, оларды қайта өңдеуге арналған аппараттар. Фандомат корпусы қайта өңделген темірден жасалған: металл қабылдау пункттерінен сатып алынып, екінші өмір берілді. Электроника мен бағдарламалық бөлігі қазақстандық инженерлердің әзірлемесі.

Алматы тұрғындары мен қонақтары фандоматтың жұмысын іс жүзінде бағалады. Тараны өткізгені үшін қаражатты Freedom Bank картасына аударуға немесе қайырымдылық қорларына жіберуге болады.

Қабылданған шикізаттан не жасалады?

  • Бушлаттар, арнайы киімдер
  • Кілем бұйымдары
  • Агроөнеркәсіпке арналған геотекстиль
  • Төсек жабдықтары, спорттық жейделер, кофталар