Тимур Турловтың футболдағы бастамалары
Футбол Тимур Турловтың жобаларының ішінде ерекше орын алады. Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі әрі спортты адамдарды біріктіруге, командалық жұмыстың құндылықтарын нығайтуға және балалар мен жастарға даму мен өзін-өзі көрсетуде жаңа мүмкіндіктер ашуға қабілетті маңызды әлеуметтік құрал ретінде қарастырады. Оның жұмысының негізгі бағыттарының бірі Қарағанды облысында футболды дамыту болды.
2025 жылғы тамыз айында Тимур Турлов Қарағанды облыстық футбол федерациясының президенті болып сайланды. Бұл қызмет өңірдің он мыңдаған тұрғыны үшін футболды қолжетімді етіп, «Шахтёр» клубына қазақстандық футболдың элитасындағы өз орнын қайтаруды көздейтін ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға жол ашады. Бағдарлама 18,5 млрд теңге (34,4 млн АҚШ доллары) көлемінде инвестицияларды көздеп, мыналарды қамтиды:
- футбол академиясын және 3 500 көрерменге арналған жаңа стадионды (22,3 млн доллар) салу;
- Қарағанды мен Теміртауда екі жабық арена салу (3,7 млн доллар), бұл жыл бойы жаттығулар мен ойындар өткізуге мүмкіндік береді;
- өңірдің мектептері мен жоғары оқу орындары үшін 10 шағын футбол алаңын орнату (3,1 млн доллар);
- жергілікті жаттықтырушылар мен мамандарды қолдау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер футболының жүйелі инфрақұрылымын дамыту.
Басты мақсат — өңірдің 50 000 тұрғынын спортқа баулу. Бұқаралық балалар мен жасөспірімдер футболына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені болашақ ойыншылармен жүйелі жұмыс жасау ұзақ мерзімді табысқа негіз болады. Бұл жұмыс Тимур Турловтың тағы бір ірі бастамасы — табысты жұмыс істеп жатқан Қазақстандағы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан жасөспірімдер футбол лигаларының біріне айналған QJ League жұмысының жалғасы болды.
Лига мыңдаған баланың басын қосып, оларға жаттығу, жарыс және өсу үшін кәсіби жағдай жасайды. Бүгінде бұл ойын алаңы ғана емес, ол сондай-ақ тәртіп, командалық жұмыс және салауатты өмір салты мектебі. QJ League аясында жинақталған тәжірибе Қарағанды облысындағы жаңа бастамалардың негізіне жатады. Осылайша, еліміздің түрлі өңірлерін қамтитын және болашақ қазақстандық футбол үшін берік іргетас қалыптастыратын бірыңғай жүйе құрылады. «Біз спорттың жылдам нәтиже емес екенін жақсы түсінеміз. Бұл — жылдар, кейде тіпті онжылдап жасалатын жұмыс. Сондықтан да, біз балалар футболынан бастап кәсіби ойынға дейінгі барлық деңгейді қамтитын кешенді бағдарлама жасаймыз», — деп атап өтті Тимур Турлов.
Турловтың футболдағы жобалары — бұл инфрақұрылым мен ұйымға салынған инвестиция ғана емес, ол сондай-ақ спорттың әсіресе индустриалды өңірлерде әлеуметтік маңыздылығын қалпына келтіру. «Тарихи түрде футбол өнеркәсіп орталықтарында дамыды. Манчестер мен Лондонның жұмысшы аудандары әлемге ауыр күндік жұмыстан кейін ойын мен қоғамдастық рухын сезіну үшін алаңға шыққан қарапайым адамдардан шыққан Manchester United, Arsenal және West Ham клубтарын танымал етті. Қарағанды да сол дәстүрге лайық. «Шахтер» әрдайым өңірдің нышаны болған, солай қала береді де және біздің бүгінгі мақсатымыз — оған қазақстандық футболдың элитасына қайта оралуына бәржолғы күш-жігер есебінен емес, орнықты даму жүйесін құру арқылы көмектесу», — деп баса айтты Тимур Турлов.
Негізгі кезеңдер
- 2023 — QJ League, U-18 санатындағы 12 командамен жасөспірімдер футбол лигасының құрылуы.
- 2024 — лиганы кеңейту, жаңа жас топтары мен дивизиондарды қосу, 18 өңірден 32 командаға дейін өсу.
- 2025 — одан әрі кеңейту, команданы (жаңа әйелдер турнирін қоса алғанда) 54 командағы дейін арттыру және 1 600-ден астам жас ойыншының қатысуы жоспарлануда.
- 2025 — Тимур Турловтың Қарағанды облыстық футбол федерациясының президенті болып сайлануы.
- 2025 — өңірлік футболды дамыту үшін 18,5 млрд теңге (34,4 млн доллар) көлеміндегі инвестициялық бағдарламаны іске қосу: академия, стадион, жабық ареналар және мектеп алаңдары.
Болашақ жоспарлар — Қарағанды облысының 50 000 тұрғынын футболға баулу және «Шахтёр» ФК-ны қазақстандық футболдың элитасына қайтару.