Freedom Holding Corp. IQanat High School of Burabay мектебін қайта жаңғырту мен кеңейтуге қолдау көрсетті

Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен және IQanat қамқоршыларымен бірге Бурабайдағы IQanat мектебінің жаңа корпусын ашу рәсіміне қатысты.

Аумағы 2500 шаршы метрді құрайтын көпфункционалды кешен Freedom House деп аталып, онда планетарий, амфитеатр, дыбыс жазу студиясы, IT және STEM зертханалары, кітапхана, жаттығу және фитнес залдары, шахмат клубы, қыш өнері мен бейнелеу өнері бойынша шеберханалар, сондай-ақ коворкингтер орналасқан.

Жаңа кампустың ашылуының арқасында IQanat мектебінде жыл сайын ауылдық жерлерден келген 800-ге дейін дарынды бала сапалы білім алып, курстардан өте алады.

«Еліміздің басты байлығы – адамдар. Бір адам көп нәрсеге қол жеткізе алады, ал бәріміз бірігіп, шын мәнінде маңызды нәтижелерге жете аламыз. Еліміздің болашағы – біздің білімге және Отанға деген сүйіспеншілігіміздің нақты істерге айналуына тікелей байланысты.

Қазір осы жерде оқып жатқан балалар елімізді жақсы жаққа өзгерте алады. Олардың көпшілігі бизнесте, ғылымда, мемлекеттік басқаруда, өнерде, спортта табысқа жететініне сенімдімін. Бұл жерде алынған білім белгілі бір эталон ғана емес, сонымен қатар теңсіздік мәселесін шешуге елеулі үлес қосады», – деді Тимур Турлов жаңа корпусты алғаш рет көрген оқушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, Тимур Турлов 2019 жылдан бері IQanat жобасының қамқоршысы болып табылады.