Freedom Holding Corp. су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңге бөледі

Freedom Holding Corp. Қазақстанның бірнеше өңірінде көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Қаражат Freedom Holding Corp.-тың еншілес компаниясы болып табылатын «Freedom Шапағат» арнайы қайырымдылық қорынан «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының есепшотына аударылады.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры:
«Қазір біздің отандастарымыз, үлкен отбасымыздың бір бөлігі, үлкен сынақтан өтуде, және біз оған бейжай қарап қала алмаймыз. Біз әрқашан қиын сәтте жанында болып, көмекке мұқтаждарға қол ұшын беруіміз керек. Бәріміз бірге бұл қиындықты еңсереміз, сонда отандастарымыз қалыпты өмірге тезірек орала алады деген сенімдемін».

Қазіргі уақытта Қазақстан өңірлерінде көктемгі су тасқынымен күрес жүріп жатыр. Оның ауқымы соңғы 30 жылдағы ең ірі деп саналатын 2012 және 2017 жылдардағы көрсеткіштерден асып түсті. ҚР ТЖМ деректеріне сәйкес, бүгінгі күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай күрделі болып тұр. Су басу аймағында бес облыс бар, ал әкімдіктер жергілікті деңгейдегі 20 төтенше жағдай жариялады.