Тимур Турлов Қазақстанда мемлекет пен цифрлық экожүйелердің байланысы туралы айтты

Қазақстандағы мемлекет пен цифрлық экожүйелер арасындағы ынтымақтастық моделі әлемдегі ең табысты үлгілердің бірі болып табылады. Бұл туралы Freedom финтех-экожүйесінің негізін қалаушы Тимур Турлов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» халықаралық форумында мәлімдеді.
Кәсіпкердің айтуынша, бұл үдерісте мемлекет негізгі қағидалар мен стратегиялық бағытты айқындайды, ал экожүйелер оларды күнделікті нақты мазмұнмен толықтырады.
Баршаға тең мүмкіндіктер
Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот және құқық қорғау жүйелеріндегі түбегейлі реформалар елдің экономикалық трансформациясымен қатар жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер іскерлік белсенділікті ынталандырып, инвестициялық дауларды шешуді қоса алғанда, қолайлы институционалдық орта қалыптастырады.
«Нәтижесінде бүгінде сот шешімдерінің 80%-ға дейіні инвесторлардың пайдасына шығарылады. Ұлттық және шетелдік инвесторлармен кездесулер барысында мен билік пен бизнес сындарлы байланыс орнатуға, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және оларды бірлесіп шешу жолдарын іздеуге тиіс екенін үнемі атап өтемін. Биліктегі лауазымды тұлғаларға кез келген даулы жағдайда ымыра табуға тапсырма беремін, алайда шешім іздеу құқық жүйесінің талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Басқаша айтқанда, әрбір келісім заң шеңберінен шықпауы қажет», – деп атап өтті Президент.
Ол бұл міндеттерді шешу үшін АХҚО-да ағылшын құқық қағидаттарына сәйкес жұмыс істейтін Сот пен Арбитраж орталығы қызмет ететінін еске салды. Сондай-ақ Үкімет жанында инвестициялық штаб жұмыс істейді, ал Бас прокуратура жанынан Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет құрылған.
«Біз, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға барынша мүдделі мемлекет ретінде, бұл бағыттағы жұмысты ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі таңда Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту көрсеткіштері бойынша өңірде көш бастап келеді. Алайда босаңсуға болмайды. Біз табанды түрде еңбек етіп, одан да жоғары мақсаттарға ұмтылуымыз қажет. Бұл үшін еліміздің әлеуеті жеткілікті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мемлекет бизнес өкілдерімен ашық әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
«Біз «Заң және тәртіп» қағидаты үстемдік ететін және баршаға тең мүмкіндіктер жасалатын Әділетті Қазақстанды құру жолында ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сондықтан сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге басымдық береміз», – деп қосты Мемлекет басшысы.
Іс-шараға қатысқан бизнес қауымдастығының өкілдері де елде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті. Осылайша, Freedom Holding Corp.-тың негізін қалаушы және СЕО-сы Тимур Турловтың айтуынша, әкімшілік әділетті енгізу – мемлекеттік жауапкершіліктің ең жоғары деңгейі. Ол қазіргі таңда Қазақстанда тұрақтылыққа негізделген жағдай қалыптасқанын, онда бизнес өте құбылмалы кезеңге қарамастан, көптеген басқа елдермен салыстырғанда өзін анағұрлым сенімді сезінетінін атап өтті.
«Жуырда Мемлекет басшысы өте маңызды тезис айтты – цифрландыру мен бюрократия мұз бен от сияқты үйлеспейтін нәрсе. Технологиялар ескірген басқару тәжірибелеріне бағынбайды, керісінше оларды азаматтар мен ел мүддесі үшін өзгертуге тиіс», – деді Турлов.
Оның пікірінше, цифрлық экожүйелердің дамуына Қазақстан Үкіметі серпін беруде.
«Мемлекетпен қатар, онымен ортақ логика аясында біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналып үлгерген тағы бір құбылыс қалыптасты — бұл азаматтардың күнделікті өзара байланыстарының миллиондағаны өтетін цифрлық экожүйелер. Олар мемлекетті алмастырмайды және онымен ықпал үшін бәсекелеспейді. Экожүйе мемлекеттің өзі қалыптастырып жатқан ортаның табиғи элементіне айналады. Мемлекет негізгі шеңбер мен стратегиялық бағытты айқындайды, ал экожүйелер осы шеңберді күнделікті нақты мазмұнмен толықтыруға көмектеседі», – деп атап өтті Тимур Турлов.
Freedom экожүйесі: 14 млн пайдаланушы және акциялардың өсімі
Freedom финтех-экожүйесі бүгінде әртүрлі ондаған сервистен тұрады. Олардың басым бөлігі Freedom SuperApp қосымшасында біріктірілген, ол 5 млн-нан астам пайдаланушыға ие және AppStore мен Google Play дүкендерінде жүктеу саны бойынша тұрақты түрде алғашқы орындарға шығып отырады. Сонымен қатар бүкіл экожүйенің клиенттері, оның ішінде серіктес компаниялар мен Freedom Holding Corp. құрамындағы шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, 14 млн-нан асып кеткен.
Freedom SuperApp қосымшасының негізі – брокерлік қызметтермен бірлескен банкинг.
Қосымшада лайфстайл-сервистер де бар: азық-түлік жеткізу, саяхатқа және іс-шараларға билеттер сатып алу. Freedom SuperApp ішінде сақтандыру сервисі, электроника дүкені, байланыс және интернет операторы, «қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, мұнда сантехник, электрик және басқа мамандарды шақыруға болады, сондай-ақ өз өндірісіндегі шиналарды қоса алғанда, шина сату қызметі ұсынылған.
Freedom SuperApp-қа біріктірілген медиа-сервистердің жеке кластеры да бар: фильмдер мен сериалдары бар жеке стримингтік платформа, оның бір бөлігін Freedom өзі продюсерлік етеді, жаңалықтар лентасы мен мақалалары бар SuperJournal журналы, сондай-ақ компанияның топ-менеджерлері өз блогтарын жүргізетін жақында іске қосылған Freedom Lenta әлеуметтік желісі.
Freedom SuperApp-қа біріктірілген медиа-сервистердің жеке кластері де бар: фильмдер мен сериалдарды ұсынатын жеке стримингтік платформа, оның бір бөлігін Freedom өзі продюсерлейді, жаңалықтар лентасы мен мақалалары бар SuperJournal журналы, сондай-ақ компанияның топ-менеджерлері өз блогтарын жүргізетін жақында іске қосылған Freedom Lenta әлеуметтік желісі.
Сонымен қатар, Freedom өз қосымшасына бірқатар мемлекеттік қызметтерді де біріктірді. SuperApp азаматтардың цифрлық құжаттарына, оның ішінде автокөлікке қатысты құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді; айыппұлдарды, салықтарды, баждарды және МӘМС төлемдерін төлеуге, тұратын орнына тіркелу және тіркеуден шығуға жағдай жасайды; мемлекеттік органдар мен медициналық мекемелердің анықтамаларын қамтиды; сондай-ақ активтер декларациясын тапсыруға немесе жеке кәсіпкерлікті тіркеуге болады.DTP.kz сервисі бар — ол арқылы жол-көлік оқиғасы кезінде полицияның қатысуынсыз еурохаттама рәсімдеуге болады. Жақында «Менің денсаулығым» бөлімі іске қосылды, онда дәрігерге жазылып, медициналық тексерулердің деректерін сақтауға мүмкіндік бар.
Жалпы Freedom өз қосымшасына бірқатар мемлекеттік қызметтерді біріктірді.
Экожүйе қанша табыс табады: Freedom есептілігі
Тимур Турловтың холдингі 2026 қаржы жылы бойынша есептілігін жариялады. Жыл қорытындысы бойынша таза пайда екі еседен астам өсіп, $153,3 млн-ды құрады (бір жыл бұрынғы $76,2 млн-ға қарсы). Түсім $2,19 млрд деңгейінде: 2019 жылы NASDAQ-та IPO өткізгелі бері бұл көрсеткіш 26 еседен астам артқан.Жалпы активтер бір жылда 33%-ға өсіп,
$13,16 млрд-қа жетті (бір жыл бұрын $9,92 млрд болған). Бір акцияға шаққандағы базалық пайда $2,56-ны құрады. Freedom-ның брокерлік сегментіндегі клиенттер саны 26%-ға өсіп, 858 мың адамға жетті. Банктік сегментте клиенттер саны бір жыл ішінде екі есеге артып, 5 млн-нан асты, ал сақтандыру бағыты бойынша 1,1 млн-ға жетті. Басқа сегменттерде пайдаланушылар базасы 83%-ға ұлғайды.