2025 фискалдық жылдың екінші тоқсанында Freedom Holding Corp. түсімі 33% -ға өсті
Холдингтің түсімі 580,9 млн долларды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ол 33% -ға өсті.
Холдингтің банк сегментінде айтарлықтай өсім байқалды. 2025 жылғы екінші тоқсанда Freedom Bank Kazakhstan кірісі 21% -ға артып, 201,5 млн долларды құрады. Клиенттер саны 1,2 млн. дейін өсті. Холдинг Тәжікстанда банк қызметін жүзеге асыруға лицензия алды, бұл компанияның Орталық Азия нарығындағы қатысуын кеңейтуге және өңірдің банк секторындағы өз позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Холдингтің брокерлік сегменті 174,8 млн доллар табыс тапты. Қазіргі уақытта клиенттер саны — 555 мың.
Freedom Life және Freedom Insurance сақтандыру бағытындағы кіріс 121% -ға өсіп, 178,2 млн долларға жетті. Сақтандыру компанияларының клиенттік базасы 58% ұлғайып, 846 мың адамды құрады. S&P Global Ratings халықаралық агенттігі тұрақты операциялық көрсеткіштерінің арқасында Freedom Insurance рейтингін «BB-» -ға дейін көтерді. Болжам «тұрақты».
Басқа бағыттар (онлайн-төлемдер, билеттерді сату, маркетплейс, электрондық коммерция, туризм және телекоммуникациялар) холдингке 26,4 млн доллар түсімді қамтамасыз етті (өсім 56%-ға артты).
Freedom Holding Corp. түсімінің өсуіне сақтандыру андеррайтингінен түсетін кірісті арттыру, сауда-саттық бағалы қағаздары бойынша таза пайданы арттыру және комиссиялық кірісті ұлғайтуға негізгі үлес қосты.
Freedom Holding Corp. таза пайдасы кезең ішінде 114,5 млн долларды құрады. Компания активтері 8,8 млрд долларға дейін (+ 6%) өсті, міндеттемелері 7,5 млрд долларды құрады.