Арнайы визалар мен салықтық жеңілдіктер: Қазақстан-Кипр форумында не талқыланды

Кипр президенті Никос Христодулидис пен Қазақстанныңпремьер-министрі Олжас Бектенов екі ел арасындағыэкономикалық ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақАзия мен Еуропа арасындағы көлік және инвестициялықбайланыстарды дамытуға бағытталған бастамалардыталқылады. Бұл мәселелер Кипр басшысының ресмисапары аясында Астанада өткен Қазақстан–Кипр бизнес-форумының негізгі тақырыптарының бірі болды. Іс-шараға екі елдің үкімет өкілдері, бизнес қауымдастығы, соның ішінде Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов қатысты. Сонымен қатарХристодулидис Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізді.
Кипр – қазақстандық бизнес үшін Еуропа нарығынакіру нүктесі
Соңғы жылдары Қазақстан мен Кипр екіжақтыынтымақтастықты айтарлықтай нығайтты. Екі ел тікелейәуе қатынасын, бірлескен инвестициялық жобаларды, көлік бағыттарын және цифрлық технологияларсаласындағы өзара іс-қимылды дамытып келеді.
Форум барысында қазақстандық тарап шетелдікинвесторлар үшін мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдаушараларын таныстырды. Олардың қатарында «Алтын виза» арнайы визалық режимі, инвестициялық жобалардыбарлық кезеңінде сүйемелдеу, «Астана» халықаралыққаржы орталығының құралдары, салықтықынталандырулар мен инвестициялық жеңілдіктер, сондай-ақ елдің цифрлық инфрақұрылымына қолжетімділік бар. Қазіргі уақытта АХҚО-да кипр капиталының қатысуымен30-дан астам компания тіркелген.
Кипр президенті Қазақстанды Орталық Азиядағы өзелінің ең маңызды серіктестерінің бірі әрі Еуропалықодақ үшін де маңызды әріптес деп атады.
«Кипр Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңыздысеріктес, өңірлік және халықаралық маңызы артып кележатқан ел ретінде қарастырады. Ол Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуда және бүкілЕуразия бойынша жаңа сауда және инвестициялықдәліздерді дамытуда барған сайын маңызды рөлатқаруда», – деп атап өтті Кипр басшысы.
Христодулидистің айтуынша, бүгінде Транскаспийхалықаралық көлік бағдарының маңызы ерекше артыпотыр, ал Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы жаңалогистикалық архитектураның негізгі элементтерініңбіріне айналуда.
Форум қатысушылары ынтымақтастықтың тағы бірперспективалы бағыты ретінде цифрландыруды атады. Бірлескен жобалар үшін финтех, GovTech, жасандыинтеллект және басқа да технологиялық шешімдерайтарлықтай әлеует ұсынады. Сондай-ақ агроөнеркәсіпсекторына да назар аударылды: Қазақстан әлемдегі ең іріастық өндірушілердің бірі болса, Кипр жоғары қосылғанқұны бар өнім шығаруда құзыретке ие.
«Кипр экономикасы қазіргі сын-қатерлерге қарамастантұрақтылық пен орнықты өсімді көрсетуді жалғастырыпкеледі. Біз бірге жұмыс істей отырып, бұл әлеуетті нақтынәтижелерге айналдыра аламыз, жаңа мүмкіндіктержасап, экономикалық байланыстарды нығайтып, халықтарымыз бен экономикаларымыз үшін ұзақ мерзімдіөркендеуді қамтамасыз етеміз», – деді Никос Христодулидис.
Оның айтуынша, Кипр қазақстандық компаниялардыңЕуропалық одақ нарықтарына шығуы үшін ыңғайлыплатформа бола алады.
Freedom Европада қалай дамуда: Кипрден ЕО 10 елінедейін
Форумның модераторы Freedom Holding Corp. ТимурТурлов. Ол Кипр көптеген жылдар бойы Қазақстанныңқаржылық және инвестициялық қызмет көрсетусаласындағы негізгі серіктестерінің бірі болып қалаберетінін атап өтті.
Freedom Кипрде жұмысын 2013 жылы бастады. Дәл осы ел холдинг өз инвестициялық өнімдерін іске қосқанЕуропалық одақтағы алғашқы мемлекет болды. Бүгіндекомпания Кипр нарығындағы ең ірі брокер саналады, ал оның еуропалық желісі ЕО-ның он елін қамтиды. Сонымен қатар Freedom компаниясының еуропалықбөлімшесінің клиенттері саны Қазақстандағыаудиториясынан асып түсті.
Бұған дейін Freedom Finance Europe Ltd атқарушыдиректоры Евгений Тяпкин Кипрдегі реттеу жүйесіЕуропадағы ең қатаң жүйелердің бірі саналатынын атапөткен еді.
Брокерлік қызметтерден бөлек, холдинг Еуропада банк бағытын да дамытуға ниетті: компания Францияда банк лицензиясын алуды күтуде. Бұл елдегі өз экожүйесіндамыту үшін Freedom алдағы бес жыл ішінде шамамен500 млн еуро инвестициялауды жоспарлап отыр.
Холдингтің Еуропадағы штаб-пәтері орналасқан Кипрденбөлек, Freedom-ның брокерлік бизнесі Литва, Польша, Германия, Нидерланд, Франция, Испания, Италия, Грекияжәне Болгарияда ұсынылған. 2025 жылдың қорытындысыбойынша еуропалық бөлімшенің таза комиссиялық кірісі368,9 млн долларды құрады, бұл екі жыл бұрынғы 190,4 млн доллармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Сол кезеңде салықтан кейінгі пайда 120,7 млн доллардан 252,7 млн долларға дейін өсті. Компанияның Еуропадағыклиенттер саны 440 мыңнан асты, ал олардыңактивтерінің көлемі 11 млрд долларға жетті.
Алдағы жылдары холдинг Португалия, Чехия, Венгрия және Румынияда да өз қатысуын кеңейтіп, сондақаржылық сервистерін дамытуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар компания Грузия мен Түркиянарықтарындағы экспансиясын жалғастыруда. ГрузиядаFreedom банк қызметін жүзеге асыруға Қазақстанреттеушісінің рұқсатын алып, жергілікті реттеушіоргандар тарапынан келісімдердің аяқталуын күтуде.
Түркияда, Freedom Yatırım Menkul Değerler A.Ş. брокерліккомпаниясы жұмыс істеп тұрған жерде, Тимур ТурловTurkish Bank A.Ş.-ты сатып алу мәмілесін жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта ол реттеушілердің келісімінен өтуде.
Бұған дейін кәсіпкер әлеуметтік желілерде шамамен 90 млн халқы бар Түркия нарығы Freedom SuperApp-ты іскеқосу үшін үлкен қызығушылық тудыратынын атап өткен. Қосымша банк, брокерлік, сақтандыру, мемлекеттік жәнеlifestyle сервистерін біріктіреді және Қазақстандағы еңтанымал қаржылық қосымшалардың біріне айналды. Қазір оның аудиториясы 5 млн пайдаланушыдан асады. Түркиядағы экожүйені дамыту үшін Freedom шамамен300 млн доллар инвестициялауды жоспарлап отыр.