BlackRock Freedom Holding компаниясынан $89 млн долларға үлес сатып алып, екінші ірі акционер атанды

BlackRock өзінің Freedom Holding Corp.-тағы үлеісін 0,85%-ға дейін ұлғайтты, бұл активтері $12,5 трлн долларды құрайтын басқарушы компанияны компанияның негізін қалаушы және бас директоры Тиур Турловтан кейінгі екінші акционерге айналдырды.
Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) әлемдегі ең ірі инвестициялық компания BlackRock топтағы өз үлесін $89 млн. жуық инвестициямен 0,85% -ға дейін арттырғанын растады.
Bloomberg деректері бойынша BlackRock соңғы есепті кезең ішінде қосымша 443 965 акция сатып алып, жалпы позициясын 520 565 акцияға жеткізді. Бұл қадам BlackRock компанияның негізін қалаушы және бас директоры Тимур Турловтан кейінгі екінші ірі акционеріне айналады.
Freedom Holding басқа ірі институционалдық инвесторларына State Street Corp., Grace Partners of DuPage L.P. және Geode Capital Management кіреді.
Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас директоры Тимур Турлов: «Біз жаһандық институционалдық инвесторлар тарапынан өсіп келе жатқан қызығушылықты қолдаймыз. BlackRock сияқты серіктестердің қатысуы біздің бизнестің орнықтылығын және халықаралық нарықтардағы Freedom Holding-тің стратегиялық әлеуетін растайды».
1988 жылы Нью-Йоркте құрылған BlackRock бүгінде $12,5 трлн астам активтерді басқарады. Топ өзінің iShares биржалық қорларымен және Aladdin технологиялық платформасымен неғұрлым танымал.
Freedom Holding Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және Арменияны қоса алғанда, 22 елде қаржылық қызметтер көрсетеді. Компания Қазақстанда Freedom Bank, Freedom Broker, Freedom Life және Freedom Insurance сияқты қаржылық және цифрлық экожүйені құрды.
Ол сондай-ақ Arbuz.kz, Freedom Ticketon және Aviata сияқты платформалары бар lifestyle-қызметтер саласына да кеңейді.
Freedom Holding акциялары NASDAQ, Қазақстан қор биржасында (KASE) және Астана халықаралық биржасында (AIX) FRHC тикері бойынша бағаланады. Компанияны АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия реттейді.