Freedom calling: Тимур Турлов PAYTECH Magazine-ге сұхбат берді

Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов халықаралық финтех‑басылым PAYTECH Magazine‑ге сұхбат берді.Тимур Турлов Қазақстанда қаржылық экожүйе құрып жатыр, ол тек Орталық Азия үшін ғана емес, жаһандық экспансия үшін де үлгі бола алады. Осы арнайы Q&A материалында Freedom Holding Corp. негізін қалаушы SuperApp стратегиясының логикасы туралы және неге гиперскейлерлермен ынтымақтастыққа ашық екенін түсіндіреді.

— Компанияның даму жолына және оның қазіргі жағдайына қысқаша шолу жасай аласыз ба?

Біз 2010 жылдың соңында Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы адамдарға америкалық қор нарығына қолжетімділік беру деген қарапайым идеядан бастадық. Белгілі бір кезеңде біз технология құруды жақсы меңгергенімізді түсіндік те, сақтандыруды қоса алғанда, іргелес сервистерге кеңейе бастадық — ол әлі күнге дейін брокерлік бизнеске қарағанда әлдеқайда аз цифрланған сала. Сонымен бірге цифрлық банктер брокерлермен тікелей бәсекелесе бастады. Егер біз тәуелсіздігімізді сақтап, өсе бергіміз келсе, өзіміз цифрлық банкке айналуымыз қажет еді. Осылайша Қазақстанда Freedom Bank пайда болды – ол біздің экожүйеміздің негізіне айналды. Одан кейін біз телеком, e-commerce және басқа да цифрлық сервистерге кеңейе бастадық – олардың барлығы бастапқыда бірыңғай интеграцияланған платформаның бөліктері ретінде жобаланған еді. Брокер ретінде басталған компания уақыт өте келе Freedom Holding Corp.-қа – акциялары NASDAQ-та саудаланатын АҚШ-тағы жария компанияға айналды.

Біз 2024 жылы Freedom SuperApp-ты іске қостық. Бүгінгі таңда пайдаланушылар өздерінің қаржыларын басқара алады, инвестиция жасай алады, төлемдер жүргізе алады, концерттер мен футбол матчтарына билеттер сатып алады, сапарларды жоспарлай алады, тіпті фильдер көре алады – мұның бәрі бір қосымшада. Бұл жай ғана сервис емес – бұл күнделікті өмірді жеңілдетуге арналған толыққанды цифрлық экожүйе.

— Freedom SuperApp аймақтағы нң дамыған мульитвертикалды экожүйелердің біріне тез айналды. Оны құрудың логикасы неде еді?

Әр түрлі сервистер түрлі міндеттерді шешеді. Кейбірі пайдаланушыларды арзан тартуға мүмкіндік береді, бірақ оларды дұрыс ұстап қала алмайды.  Басқа сервистер – мысалы, сақтандыру немесе инвестициялар – масштабтау күрделірек әрі қымбат, бірақ олар ұзақ мерзімді байланыс қалыптастырады. Банктер де сенімді институттардың бірі болып қала береді. Бұл клиенттерге күрделірек өнімдерді ұсынуды жеңілдетеді.

Экожүйенің ішінде түрлі сервистер бірін бірі толықтырады. Мысалы, егер клиентте Freedom Bank шоты болса, төлем біршама ыңғайлы болады. Егер бізде клиент туралы мәліметтер болған болса, қосымша қызметтер ұсыну әлдеқайда жеңіл болар еді – мысалы, пайдаланушыға платформадан шықпай-ақ, авиабилеттер сатып алуға. Әртүрлі қосымшалар арасында қосылудың орнына пайдаланушы адам банк қосымшасын жай ғана ашып, түймені басып, сатып алады. Ол жылдам, ыңғайлы және көбінесе арзан.

Сонымен қатар, пайдаланушылар күнделікті пайдаға – адалдық бағдарламасы мен кэшбэк арқылы ие болады, бұл сервистерді пайдалануды анағұрлым тартымды етеді. Бір өнімдер табыс әкеледі. Басқалары – қстап қалуды күшейтеді. Үшіншілері – сенім қалыптастырады. Ал бәрі бірге экожүйе әсерін тудырады.

— Қазақстан әдетте жахандық финтех-хаб ретінде қабылданбайды. Мұндай ауқымдағы платформаны құру үшін неге ол жақсы орта болып табылады?

Біріншіден, бізде мықты білімді мамандар көп. Біздің 10 000 қызметкерлеріміздің көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейді. Қазақстанда сондай-ақ, халық салыстырмалы түрде жас және жан басына шаққандағы ЖІӨ көптеген көрші елдерге қарағанда жоғары.  Қоғам мен мемлекет жалпы технологияларға өте ашық. Біз жаңа шешімдерді жылдам енгіземіз, және бұл жылдамдық шамамен 20 миллион адамдық нарық аясында өзіндік бір құмсауыт сияқты ерекше орта қалыптастырады.

Сонымен бірге, мұнда бизнесті жүргізу және R&D шығындары айтарлықтай төмен. Шығындар төмен болғанда, эксперимент жасаудан және қателесуден аса қорықпайсың. Қазір біз бүкіл экожүйемізде АІ енгізуді белсенді жүргізіп жатырмыз, осылайша анағұрлым ақылды әрі үздіксіз пайдаланушылық тәжірибе құруға тырысамыз.

Мен, AI технологияларын және open-source шешімдерін біріктіре отырып, бұрын тек ірі корпорацияларға қолжетімді болған сервистерді ұсынып, күнделікті өмірді жеңілдететін жүйелер жасай алатынымызға сенемін.

Иә, бұл үлгі. Мен өз елімде ең дамыған экожүйелердің бірін ғана емес – алдымен  оны өңірге таратуды, содан кейін жахандық деңгейге шығаруды қалаймы. Дәл сол себеппен біз Еуропада брокерлік бизнесті дамытып жатырмыз. Дәл сол себеппен, мысалы, Грузия мен Тәжікстан нарығына шығамыз. Біз сондай-ақ, Түркияға шығамыз және АҚШ-тағы қатысуымызды күшейтіп жатырмыз. Ақырында, біздің табысымыз қанша елде жұмыс істей алатынымызға байланысты болады – өйткені қазір бәсекелестік өңірлік және жахандық деңгейге шығып кетті.

— Freedom Holding Corp жуырда саласында ірі бастамаларды жариялады – OpenAI-мен серіктестікті және Nvidia-мен бірлескен құны $2 млрд болатын егеменді AI-хабты қоса алғанда. Қазақстан жаһандық AI‑экожүйесінде қаншалықты маңызды рөл атқара алады?

Егер Еуразиядағы гиперскейлерлердің дата‑орталықтар картасына қарасақ, Польша мен Оңтүстік Кореяның арасында дерлік ештеңе жоқ. Дәл осы алшақтық бізге өз инфрақұрылымымызды салуды бастауға мәжбүр етті. Егер өңірде ондай провайдерлер мүлде болмаса, біз сыртқы провайдерлерге сүйене алмаймыз.

Сонымен бірге  біз ынтымақтастыққа ашықпыз. Біз гиперскейлермен жұмыс істегіміз келеді және оларға макроаймақты Қазақстан арқылы қамтуға мүмкіндік бергіміз келеді. AI оқыту нарығы – жахандық. Есептеу қуатын елдер арасында қайта бөлуге болады, әрі сұраныс ұсыныстан асып түседі – compute пайдаланғысы келетіндер қолжетімді ресурстардан көп.

«Мен әлі де өз клиенттерім үшін, өз елім үшін, өзге елдер үшін пайдалы нәрсе жасай аламын деп сенемін. Мен мәні бар нәрсе жасай аламын.» — Тимур Турлов

Қазақстанда бірқатар құрылымдық артықшылықтар бар: тұрақты саяси жағдай, тікелей шет елдік инвестициялар ағымының өсуі, шет елдік несие рейтингі, капитал қозғалысына шектеудің болуы және қолайлы салық режимі болуы. Энергия құны салыстырмалы түрде төмен болуы Орта Азияда аймақтық AI-хаб қалыптастыру әлеуетін құрады.

— Дәстүрлі қаржы институттары әлі де тар веритакальдарда жұмыс істейді. Бірыңғай цифрлық экожүйенің артықшылығы неде?

Әрі банктер – қуатты құрылымдар, бірақ олар тиімсіз болуы мүмкін. Ауқым сенім қалыптастырады, бірақ сонымен бірге инерция да тудырады. Мұра оаларды алға жылжытуға көмектеседі, бірақ дәл сол уақытта олардың икемділігін шектейді. Бұл жаңа модельдерге және тіпті бүкіл саланы қайта ойластыруға мүмкіндік береді.

Цифрлық банктердің басты артықшылығы – шығындардың тиімділігі. Біз біршама арзан қызметтер ұсына аламыз.

Иә, дәстүрлі банктердің ауқымына жету үшін уақыт керек, бірақ өсім өте жылдам жүруі мүмкін – бұл Қазақстанда бұрын-ақ дәлелденді. 2020 жылға дейін төлемдердің шамамаен  80%-ы қолма-қол жасалатын, қазір бұл көрсеткіш шамамен 12%. Егер сенде дұрыс өнім болса, клиенттер оны ерте ме, кеш пе бағалайды.

Соынмен бірге, қаржы секторы анағұрлым тиімді бола бастады – транзакцияяларды орындау үшін аз ресурс қажет. Бұл клиенттер үшін қызметтердің құнын төмендетеді және олардың ақшаны тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада қаржы секторының ЖІӨ-дегі үлесі тіпті қысқаруы мүмкін.

— Болашақтағы жаһандық қаржы сервисінде Freedom үшін қандай рөл көресіз? Және АҚШ-тағы өсу әлеуетін қалай бағалайсыз?
Біздің АҚШ-та лицензияланған брокер-дилеріміз бар, ол талдау және институционалдық инвестициялық қызметтер көрсетеді. Бұл одан әрі өсу үшін берік негіз қалайды. Freedom-ға мұқият қарасаңыз, топтың ішінде іс жүзінде ондаған әлеуетті «единорог» бар екенін көруге болады — әртүрлі еншілес компаниялар мен өнімдерде: core banking, карта процессингі, төлем шешімдері, BNPL және тағы басқалары.
Бұл шешімдерді ауқымды етіп, басқа нарықтарға шығаруға болады.

Мысалы, АҚШ‑та ипотекалық кредитті рәсімдеу құны қазір $10 500‑ден асады.
Қазақстанда дәл сол процесс шамамен $200 тұрады.Бұл технологиялардың қаржы сервистеріне қандай тиімділік әкеле алатынын айқын көрсетеді.

Кейбір функцияларды — мысалы, бухгалтерияны немесе кредиттік скорингтің бір бөлігін — аутсорсингке беруге болады. Бірақ технологиялар компанияның ішінде қалуы керек. Цифрлық банк — әсіресе цифрлық экожүйе — ең алдымен технологиялық компания. Оның басты активі — технологиялар және оларды жасайтын адамдар.

— Сіз миллиондаған клиенттері бар табысты компания құрдыңыз. Неліктен осымен тоқтап,  жетістікке жай қуанып жүрмеске?

Менің ойымша, адам шын мәнінде тек бірдеңе жасағанда — қоғамға алғанынан көбірек берген кезде ғана бақытты бола алады. Мен әлі де өз клиенттерім үшін, өз елім үшін, басқа елдер үшін мәні бар бір нәрсе жасай аламын деп сенемін.

Мен бұл жылдам өзгеріп жатқан жаһандық индустрияда қолымнан келгенше бәсекелесуді жалғастырғым келеді. Жай ғана карьерамды аяқтай саламын деп елестетуім қиын. Бұл тым зеріктірер еді.

Басқа жаңалықтар