Freedom Түркиядағы банкті сатып алып, өзінің SuperApp қосымшасын сол нарықта дамытады

Тимур Турловтың Freedom Holding Corp. компаниясы өзінің сандық экожүйесін Түркияда дамыту үшін Turkish Bank A.Ş. түрік банкін сатып алды. Банк акцияларының 99,32%-ын сатып алу туралы келісім Özyol Holding және КувейтҰлттық банкімен жасалды. Мәміле түрік реттеушісімен келісім кезеңінде. В планах Freedom Holding Corp. Алдағы уақытта Түркияда өзінің экожүйесінің өзегін – Freedom SuperApp платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Банкті сатып алу – Freedom Holding Corp.-тың өзінің цифрлық инфрақұрылымын қызмет көрсететін өңірлерде дамыту жөніндегі стратегиясының жалғасы. Түркияда холдинг құрамына кіретін брокерлік компания – Freedom Yatirim (Freedom Investment Securities Inc.) қазірдің өзінде тіркелген.

Түркияда банкті сатып алу жөніндегі мәміле холдингке өз экожүйесінің клиенттік базасын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда серіктес компанияларды қоса алғанда, экожүйе 11 миллионнан астам пайдаланушыны қамтиды. Холдингтің банктік бизнесі бүгінде Тәжікстан нарығында сәтті дамып келеді. Сонымен қатар, холдинг Грузияда банк сатып алу процесінде. Бұған дейін Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов Еуропада банк сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын, сондай-ақ жаңа банк аудиториясын Freedom Bank Kazakhstan-пен біріктіру үшін Қазақстанда тағы бір банк сатып алудың да ықтимал екенін мәлімдеген.

Қазақстанда Freedom Bank ең ірі қаржы институттарының қатарына кіреді. Екі жыл бұрын SuperApp қосымшасы іске қосылған сәттен бері оның пайдаланушыларының саны 5 миллионға жетті. Банктің болжамы бойынша, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін екі еселенуі мүмкін.

SuperApp тек дәстүрлі банктік қызметтерге ғана емес, сонымен қатар сақтандыру келісімшарттарын рәсімдеуге, іс‑шараларға билеттер сатып алуға, үйге өнімдер мен түрлі тауарлар жеткізуге тапсырыс беруге, әуе билеттері мен туристік жолдамалар сатып алуға, сондай‑ақ мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын пайдалануға мүмкіндік береді.

«Біз Түркияға өзіміздің цифрлық өнімімізбен, экожүйемізбен барамыз, оның өзегі — SuperApp. Біз өте белсенді өсіп келеміз, және бұл — бірінші кезекте біздің кәсіби, талантты менеджерлер мен кәсіпкерлерден тұратын үлкен командамыздың еңбегі. Олардың құзыреттерінің арқасында біз өз бизнесімізді өте нәтижелі түрде кеңейте аламыз. Өткен жылы біз Түркияда брокерлік офисімізді аштық, ал банкті сатып алу — осы нарықтағы холдингтің одан арғы дамуындағы логикалық қадам. Біз бұл жерде технологияларымызды тиімді енгізіп, банк өнімдері, капитал нарықтары, төлем қызметтері және бөлшек инвестициялар шешімдерін біріктіретін кешенді экожүйе құра алатынымызға ешқандай күмән жоқ», — деді Тимур Турлов.

Freedom Holding Corp. өзінің қаржылық қызметтерін Қазақстанды, АҚШ-ты, ЕО елдерін, Орталық Азияны және Кавказды қоса алғанда, 21 елде көрсетеді. Холдингтің бас атқару кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Қазақстанда Freedom экожүйесін дамытып келеді, оған Freedom Bank, Freedom Broker, Freedom Life және Freedom Insurance сақтандыру компаниялары, сондай‑ақ lifestyle сегменті (Arbuz.kz, Freedom Ticketon, Aviata және т.б.) кіреді.

Freedom Holding Corp. акциялары АҚШ‑тың технологиялық биржасы NASDAQ‑та, Қазақстан қор биржасында (KASE) және AIX алаңында FRHC тикерімен саудаланады. Холдингтің капитализациясы $8 млрд‑тан асады.

Басқа жаңалықтар