Moody’s Freedom Bank-ке тұрақты болжам рейтингін ұсынды

Moody’s Халықаралық рейтингілік агенттігі Freedom Bank Kazakhstan банкіне тұрақты болжаммен ұзақ мерзімді несие рейтингін ұсынды. Бұл — «үлкен үштік» агенттіктерінің бірі берген банктің алғашқы осындай рейтингі. Рейтинг Freedom Bank‑тің қаржылық тұрақтылығын, оның бизнес‑моделінің сапасын және халықаралық талдаушылардың сенім деңгейін көрсетеді.
Депозиттердің негізгі рейтингі Ba3 деңгейінде белгіленген, базалық несиелік бағалау– b1. Агенттіктің бағалауы бойынша, мемлекеттік тарапынан көрсетілетін көмек қолдаудың қосымша факторы болып табылады, әрі тұрақты болжамына әсер етеді.
Moody’s Freedom Bankті бөлшек және цифрлық сервистерді дамытуға көңіл бөліп отырған жылдам өсіп келе жатқан әмбебап банк және Freedom Holding Corp. Экожүйесінің негізгі бөлігі ретінде атап өтеді. Сонымен бірге оның бизнес‑моделі барған сайын тұрақты бола түсуде: банк трейдингтен түсетін құбылмалы табысқа тәуелділікті біртіндеп азайтып, классикалық кредиттеуді ұлғайтып жатыр.
Кредиттік тәуекелдер қалыпты деңгейде қалады, ал портфель сапасы — тұрақты. Агенттік сондай‑ақ Freedom Bank‑тің алдағы 12–18 айда табыстылығының біртіндеп өсетінін күтеді. Банктің капитал мен өтімділік деңгейі жеткілікті, ал депозиттік база белсенді түрде өсіп келеді. Бұл оған нарықтық белгісіздік жағдайында да сенімді дамуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Moody’s рейтингі Freedom Bank‑тің нарықтағы позициясын нығайтып, анағұрлым жетілген әрі тұрақты бизнес‑модельге қарай бет алып жатқанын білдіреді.
Басқа агенттіктердің бағасы
Бұған дейін S&P Global Ratings агенттігі Freedom Holding Corp.-тың бірқатар еншілес компанияларына да позитивті болжам берген болатын. Холдингтің ұзақмерзімді кредиттік рейтингі «B-» деңгейінде расталды, ал негізгі банктік құрылымдар, соның ішінде «Фридом Банк Казахстан» АҚ, сондай‑ақ брокерлік компаниялар «B+/B» рейтингтерін алды.
«Фридом Финанс» АҚ және «Фридом Банк Казахстан» АҚ ұлттық шкала бойынша «kzBBB+» деңгейінде бағаланды. Топтың осы және басқа да компанияларының халықаралық рейтингтері де позитивті болжаммен расталды. S&P Global Ratings пікірінше, бұл бағалар холдингтің тәуекелдерді басқару мен комплаенстің бірыңғай жүйесін құрудағы елеулі прогресін, сондай‑ақ осы процестердің Freedom Holding Corp. финтех‑тобының бүкіл құрылымында нығаюын көрсетеді.
Географиясы мен экожүйесін кеңейту
Рейтинг агенттіктерінің позитивті бағалары Freedom Holding Corp. бизнесінің белсенді түрде ауқымын кеңейтуімен сәйкес келеді. Холдинг Turkish Bank A.Ş. түрік банкін сатып алу мәмілесін келісу процесінде, бұл оның цифрлық экожүйесін дамытудағы жаңа кезеңге айналады.
Freedom SuperApp банктік қосымшасының бүгінгі таңда 5 миллионнан астам пайдаланушысы бар — бұл алты ай бұрынғыдан екі есе көп. Қосымша Қазақстандағы онлайн‑банкинг сегментіндегі ең жылдам өсіп жатқан сервиске әлдеқашан айналды, және холдинг басшылығы дәл осындай жетістікке басқа нарықтарда да қол жеткізуге болатынына сенімді.
Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және CEO‑сы болашақта Freedom SuperApp АҚШ нарығында да пайда болуы мүмкін екенін атап өткен.
Банк секторы басқа елдерде де белсенді дамып келеді: 2025 жылы Freedom Bank Тәжікстанда жұмысын бастады және Грузияда банк ашуға рұқсат алды. Алдағы уақытта топтың брокерлік бизнесі қазірдің өзінде бар Еуропа нарықтарына да кеңею мүмкіндігі қарастырылуда.
Moody’s және S&P Global Ratings рейтингтерінің жиынтығы банктің ағымдағы қаржылық тұрақтылығын ғана емес, топтың тұтасымен тәуекелдерді басқару, капиталды ұлғайту және ауқымды бизнес‑модель құру қабілетін де көрсетеді. Бұл холдингтің әрі қарайғы халықаралық экспансияға және экожүйені жаңа елдерде дамытуға қажетті қаржылық, технологиялық және басқарушылық ресурстары бар екенін дәлелдейді.