Сұхбат: Тимур Турловтың қарапайым бастамадан Freedom Holding Corp компаниясын құруға дейінгі жолы

Бастау тарихы

Тимур Турлов 1987 жылы, Шереметьево әуежайына жақын орналасқан Лобне қаласында туылды. Ол орта шаруа отбасында дүниеге келді. Әкесіз өсіп, 1991 жылдары Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қиын жылдарды басынан кешеді. Елдің жағдайы өзгеріп, экономикасы құлдырап, жинаған ақша құнсызданды. Осындай жағдайда өмір сүрген болашақ кәсіпкерде тұрақтылыққа деген құштарлық пен жақсы өмір сүруге деген талпыныс қалыптасты. Сол қасиеттері оның кейіннен бизнеске келуіне ықпал етті.

Бүгін,  37 жасында, ол — Қазақстандағы ең бай адам. Forbes-тың бағалауы бойынша, оның байлығы — $7,6 млрд. Турлов — Freedom Holding Corp (FRHC), банк және акциялары Нью-Йорк қор биржасында саудаланатын қордың басқарушы компаниясының негізгі акционері. Кейбіреулері оны Бориса Ельциннің аласапыран дәуірінен кейін шыққан «үшінші буынның олигархы» деп атайды. Бірақ, біршама алдыңғылардан айырмашылығы, Турлов өзінің капиталы — жекешелендірудің немесе билікке жақындықтың емес, қажырлы еңбектің нәтижесі деп есептейді. Ол — жаңадан ашылған нарықтардың мүмкіндіктерін пайдалана алған посткеңестік кәсіпкерлердің жаңа буынының өкілі.

90-шы жылдардағы аласапыран

Тимур 3 жаста болған кезде әкесі жоғалып кетеді. «Әкемнің маған ойыншық сатып әперетіні емес-есіс есімде, одан кейін ол жоқ боп кетті. Осы күнге дейін оған не болғанын әлі білмейміз. Ол із-түзсіз жоғалып кеткендердің тізімінде ресми түрде тіркелген», — дейді Турлов. Әкесі немен айналысқанын отбасы білмеген: «Ол 1991 жылдар еді, саудамен айналысқан болуы керек. Елдің бәрінде күнкөріс қамы болды ғой».

Елде ақша тапшылығы, жинақ ақшаны гиперинфляция жұтып жіберді. Осындай қиындықтармен қатар, елге жаңа леп келді.  «Темір перде» құлағаннан кейін бастыстың товарлары Ресейге ағылды: Кремльге қарама-қарсы «Диананың» жанында адамдар Levi’s-қа кезекке тұратын, көшеде талдап Marlboro, ал жер асты өткелдерінде — асыл тұқымды күшіктер сатыла бастады. Голливуд фильмдерінен жас Турлов капитализмнің жайлы әрі молшылық өмірін көреді; Уолл-стрит тарихы қор нарығы әлемінің есігін ашады. «Маған нақты қандай сюжеттер шабыт бергенін білмеймін, бірақ менің санамда байлық үнемі биржамен байланысты деген түсінік болды.  Бұл таңба сияқты», — дейді ол Дюссельдорфтағы bne IntelliNews сұхбатында. Әсіресе, есімде қалған фильм  — «Один дома»: «Бас кейіпкердің үлкен жайлы үйі маған үлкен әсер қалдырды. Мәскеуде мұндай тұрғын үй ешкімде болмаған. Біз  алтаумыз 30 шаршы метрден аз бір бөлмеде, тар пәтерде тұрдық. Ал фильмде әр отбасының үйі, қос-қостан машинасы және байлығы болды».

Алғашқы қадам

Өмірді өзгертуге деген құлшыныс арта берді. 16 жасында Москваға 1990 жылдардың басында келген Турлов World Capital Investments (WCI) американдық компаниясында тағылымдамадан өтеді. Таңертең мектепке барып, түстен кейін түннің бір уағына дейін Нью-Йорк қор биржасы жұмыс істеп тұрған уақытта кіші трейдер болып жұмыс істейді. Алғашқы брокерлік шотын оған дейін, 14–15 жасында ашады. Оған атасынан қалған $800 долларын түгел салады: бірақ оның бәрін жоғалтып, «алғашқы тәжірибеден өтеді».

WCI-де ол алғаш рет американдық нарықпен бетпе-бет кездеседі. Үлгісі қарапайым еді: ұсақ ордерлер (1000  акцияға дейін) бірден орындалып отыруы брокерлерге ірі өтінімдердің алдында шағын, бірақ тұрақты артықшылық беретін. «Шын мәнісінде бұл алгоритмдерден бұрын жоғары жиілікті сауда болды. Біз өтінімдерді институционалдардан тезірек алдық және бірнеше минуттан кейін кепілдендірілген пайдамен қағаздарды қайта сата алдық. Бұл маған бүкіл Нью-Йорк қор биржасының жұмысын түсінуге мүмкіндік берді», — деп еске алады ол.

Uniastrum Bank және 2008 жылғы дағдарыс

2005 жылы Турлов «Юниаструм» банкінің брокерлік бөлімшесіне жұмысқа орналасты, қайтадан америкалық нарықпен жұмыс істеп, клиенттерге АҚШ биржаларына шығуға көмектесті. 2008 жылғы әлемдік дағдарыс экономиканы қиратып, банктің өзін күйреткенше бәрі сәтті болды.

«Юниаструм» 2000 жылдардың басында өркендеді: ТМД-ға трансшекаралық аударымдар, содан кейін әртараптандыру — активтерді басқару, брокеридж, андеррайтинг. Әр уақытта директорлар кеңесінде тіпті Ұлыбритания қазынашылығының бұрынғы канцлері Норман Ламонт та болған.

2008 жылдың қазанында банк 80% акцияны Кипр Банкіне сатуға келісті, бірақ дағдарыс дәл осы сәтте болды: ресейлік «қоқыс» облигацияларындағы шамадан тыс позициялар мен жоғары леверидж сыни болып қалды. «Дефолттар нарықты құртты, қайта қаржыландыру жоғалды, қорлар EM-ден ақша шығарды. Американдық акциялар жөніндегі біздің департамент табысты болды және зардап шекпеді, бірақ барлығын жұмыстан шығарды», — дейді Турлов. Ол кезде 21 жаста еді. Ол университетті бітіріп, жаңадан үйленген кезінде жұмыссыз қалады. Нарықтың ең жас менеджеріне қайта бас көтеруге бес жыл кетеді.

Freedom Finance негізі

Шахмат — өмірбаянының маңызды бөлігі. Турлов оларды бала кезінен жақсы көреді; оның алты баласы да ойнайды. 2023 жылы ол Қазақстан шахмат федерациясын басқарды және ірі турнирлер өткізе бастады, оның ішінде рапид және блиц бойынша әлем чемпионаттары да бар, оларды Freedom Holding Corp тіпті Уолл-стритке де шығарды. Шахмат — стратегия, тәуекел және пайым туралы. Бұл принциптерді ол бизнесте де қолданады.

«Юниаструм» таратылғаннан кейін ол жаңа жұмыс іздемей, жеке компания құруға шешім қабылдады. «Біз дағдарыс кезінде де табысты іспен айналыстық. Неге өз бетінше жалғастырмасқа дедім?» — деп еске алады ол. Жұмыстан шығу жәрдемақылары бастапқы капиталға салынды — шамамен $100 000. Осылайша болашақ Freedom Holding Corp — алты адамнан тұратын шағын топ пайда болды. «Бұл банк ішіндегі стартап еді: мен бәрін білетінмін — бухгалтерия, сату, трейдинг, қызмет көрсету, маркетинг, оқыту. Банк жабылған кезде біз жай ғана команда жинап, бизнесті жаңғырттық».

Алғашқы жылдары — шағын кеңсе, салқын қоңырау шалулар, ондаған кездесулер болды. «Біз сол банктің клиенттерінен бастадық. Американдық нарыққа инвестиция салуға көндірдік. Алғашқы айларда — бірнеше ондаған клиент, орташа есепшот шамамен $20 000. Бірте-бірте біз американдық фильмдердегідей салқын сатудың ең тиімді командаларының бірін құрдық». Freedom-ның алғашқы кеңселері Таганкада (Regius Business Center) болды, содан кейін қарапайым үй-жайларға көшірілді. «Шынымды айтсам, алғашқы бес жылда біздің кеңселер ешкімді таң қалдырмады». Тек 2016 жылға қарай ғана компания Олимпиада даңғылындағы көрнекті кеңсеге ие болды. Барлық кірістер қайта инвестицияланды — жүздеген миллион долларлық EBITDA-ға қарамастан, ол бүгін де ұстанатын ереже.

Шетел акциялары мен СПБ Биржасы

Ставкалардың жеті жылға жуық төмендеуінен кейін Ресейдегі депозиттердің кірістілігі барынша төмен болды, жеке инвесторлар акциялар нарығына шықты. 2021 жылы бөлшек саудада қор нарығына деген қызығушылық 1996 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, сол жылы IPO өткізген Санкт-Петербург биржасында (SPB Exchange) сатылатын шетелдік қағаздар танымал болды.  «Біз СПБ биржасының алғашқы қатысушыларының бірі болдық: технологиялық іске қосуға, байланыстарға, орындалуына көмектестік. 2021 жылы американдық нарықтағы айналым бойынша ірі брокер болды деп ойлаймын», — деп еске алады Турлов. Бірақ 2022 жылдың ақпанында бұл бизнесті сызып тастады: «2020-2021 жылдары СПБ биржасы ресейліктер үшін американдық акциялар есебінен өсті. Біз 2019 жылдан бастап көмек көрсеттік, IPO-ға дайындық жүргізілді. Ресейліктер шетелдік активтерге айтарлықтай әртараптандырылды. Бірақ соғыс бәріне кедергі болды».

Қазақстандық таңдау

2011 жылы-ақ Турлов Қазақстанға көз салды. Ресейде Freedom Finance қарқынмен жұмыс істеп жатты, бірақ бәсекелестік өсті. «Бәсекелестер IT саласында, тарихының ұзақтығымен және кадрлармен әлдеқайда танымал, күшті болды. Мен олардан қалай озарымды білмедім. Досым Қазақстанға баруға кеңес берді». Турлов үшін бұл тамырына қайта оралу еді: оның әкесі Шымкентте дүниеге келген. Мені Қазақстан ресурстармен, өсіп-дамуымен және бәсекелестіктің аздығымен таң қалдырды. 2011 жылы ол жергілікті Amat Finance брокерлік компаниясын —  ақшалай төлемсіз мәмілемен сатып алды. Қазақстандықтарға американдық акцияларға қол жеткізуді ұсына отырып, бизнес жүріп кетті. Отбасымен Алматыға көшіп келеді.

2011 жылдың мамырында реттеушінің Freedom лицензиясын кері қайтарып алуы —  ауыр соққы болды. Турлов Ресей компаниясының филиалын ашып, жұмысын жалғастырды, ал 2012 жылы тағы бір брокерді — Seven Rivers Capital сатып алды.  2015 жылы оду ол қазірдің өзінде толыққанды инвестиция жасады — «Роснефть» компаниясынан шамамен $8 млн-ға шағын банк сатып алып, Қазақстанда банктік лицензияны және масштабтау мүмкіндігін алды. Жылдам даму басталды: жаңа брокерлер, ондаған филиалдар. 2014 жылға қарай Freedom «Халықтық IPO» («Самұрық-Қазына» арқылы) негізгі қатысушыларының біріне айналды. Бүгінде Freedom Finance — еліміздің жетекші брокері.

Бизнес орталығын көшіру

2022 жылы Украинада соғыс басталған соң Freedom-ның ондаған топ-менеджерлері Мәскеуден Қазақстанға көшіп келді. Енді топтың негізгі орталығы осы жер. Украина нарығы да зардап шекті:  2016–2017 жылдары Freedom NetTrader-ді сатып алып, сол жақта дамуды бастаған болатын; 2022-ші жылдары ол Украинадағы ірі брокердің бірі болатын, алайда сол жылдың желтоқсанында Freedom Finance және Турловтың өзі украиндық санкцияға түсіп қалды.

Қазақстан «құтты мекен» болып шықты. 2017 жылдан бастап мұнда AIX биржасымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC) жұмыс істейді: ағылшын құқығы, Nasdaq IT-жүйесі, Clearstream-ге қосылу. 2023 жылы Freedom активтерін $140 млн-ға сата отырып, Ресейден толығымен шықты. 2022 жылдың жазында Турлов Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды. «Мен Ресейде туылдым, онда бірнеше жыл өмір сүрдім,  АҚШ, Еуропа, Орталық Азия және Шығыс Еуропа арасында көпір салдым. Алайда, соғыс бәрін өзгертті. Мен бұзғым келмейді, жасағым келеді».

Nasdaq-ғы листинг

2019 жылы Nasdaq-та орналастыру үлкен серпіліс болды. Бұл Ресей мен Орталық Азиядан американдық капитал нарығына шыққан алғашқы қаржы-инвестициялық компания болды. Оқиға 2015 жылы басталды: Freedom BMB Munai-мен (Невадада тіркелген Қазақстанның бұрынғы мұнай-газ компаниясы) қайтадан бірігуді бастады, ол кезде — активтерін гонконгтық инвесторға сатқаннан кейін «бос қаңқасы» болатын. Ортақ таныстары Турловты BMB Munai президенті Асқар Тәшитовпен таныстырды; ол «бос қаңқасын» сатып алып, оны американдық биржада қайта тіркеуді ұсынды. Ақырында Тәшитов Freedom Holding президенті болды. Көп жылдық қағаз жұмысынан және капитал тарту раундтарынан кейін компания Nasdaq-да 2019 жылғы 16 қазанда FRHC тикерімен дебют жасады. Листинг күні Турлов Nasdaq алаңында қоңырау соғып, бала арманы орындалған сәт болды.

Ірі ойыншылармен тең ойын

Нью-Йорктегі листинг тек бизнес-қадам ғана емес, сонымен қатар тану символы да болды. Жария компания нарықтың үнемі назарында тұрады. 2021 жылғы қаңтарда Freedom Нью-Йорк қор биржасында (NYSE) $2,5 млн-ға Prime Executions брокер-дилерін сатып алып, жеке орынға ие болды.  Уолл-стриттегі — Дональд Трамптың ғимаратындағы № 40 ғимараттағы кеңсені берді. 2021 жылы IPO бумы аясында Freedom акциялары 200% -ға өсті, ал Турловтың байлығы оны алғаш рет Forbes әлемдік миллиардерлер тізіміне енгізді (жыл соңына қарай — $2,1 млрд). Кейін ол Вячеслав Кимді (Kaspi.kz) басып озып, Қазақстанның ең бай адамы болды; 2025 жылдың мамырында Forbes оның байлығын $7,2 млрд деп бағалап, әлемнің ең үздік 500 миллиардерлерінің қатарына қосты.

Мықтылығын сынау: Hindenburg Research

Танымалдық қиындықтар та әкеледі. 2021 жылы Hindenburg Research «Freedom Holding Corp: санкцияларды айналып өтудің өрескел схемасы, жалған табыстың белгілері және клиенттердің біріккен құралдарымен тәуекел операциялары» есебін жариялады. FRHC қағаздары отырып қалды, нарықтағы мәселелер күшейе түсті. Сынның ортасында — FFIN Belize Brokerage Services, клиринг үшін Freedom ішінара пайдаланған белиз құрылымы. SEC есептілігі бойынша ол комиссиялық кірістің 60% -ын қамтамасыз етті. Hindenburg оның құрылуын АҚШ-тың Ресейге қарсы 2014 жылғы санкцияларымен байланыстырды.

Турлов былай деп жауап берді: «Біз Белизде компанияны барлық оқиғаларға дейін құрдық: бұл клиенттерге америкалық нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етудің ең оңай жолы болатын. Заңгерлер бізді бұл заңды әрі арзан деп сендірді — тіркеу бір айға созылып, ондаған мың доллар тұрды. Қазір көп нәрсе өзгерді, бірақ ол кезде бұл қалыпты жағдай болатын». Сол жылдары ресейлік және қазақстандық инвесторлар АҚШ нарығына СПБ Биржасы арқылы жаппай шықты, ал Қазақстан Clearstream-ға тек 2018 жылы (AIX — 2020 жылы) ғана қосылды, сондықтан «айналма жолдар» міндетті болды. «Жанжал ауыр болды, акциялар бір сәтте шамамен 3% жоғалтты, бірақ бизнес түбегейлі зардап шеккен жоқ. Біздің кредиттік рейтингіміз төмендеген жоқ және кейіннен тіпті өсті», — деп қорытындылады ол.

Freedom суперқосымшасы

Freedom Holding Corp «американдық акциялар бойынша брокерден» Қазақстандағы және одан тыс күнделікті өмірді өзгеретін  көп функциялы финтех-экожүйеге айналды. Дәстүрлі қызметтерге — шоттар, брокеридж, сақтандыру — ондаған сервистері бар толыққанды SuperApp қосылды. «Қазақстанда бәсекелестік компаниялар арасында емес, экожүйелер арасында жүреді. Кімнің суперқосымшасы мықты, сол жеңіске жетеді», — деп түсіндірді Турлов.

Қосымшада депозит ашуға, несие картасын рәсімдеуге, коммуналдық пәтерді немесе сақтандыруды төлеуге болады. Freedom елдегі барлық жаңа автосақтандыру полистерінің 50% -дан астамын сатады. Бірнеше минуттың ішінде тұтыну кредиттерін, автокредиттерді және тіпті ипотеканы беруге болады. «Біздің суперөніміміз клиенттерді тарту құнын төмендетеді. Бізде тұтыну кредиттері, ШОБ үшін несиелер, өмірді сақтандыру бойынша ең үздік скорингтік модель бар», — дейді ол. Қосымшада қаржыдан басқа — авиабилеттер, қонақ үйлер, концерттерге билеттер (Алматыдағы Дженнифер Лопесті қоса алғанда), онлайн-тауарлар және тамақ жеткізу. Жақында Freedom голливудтық жаңалықтармен өз стриминг-сервисін іске қосты: Қазақстанда ірі бәсекелестер аз, ал Freedom-ның платформасы мен миллиондаған аудиториясы бар.

Электрондық үкімет және финтех

Турлов Қазақстанның негізгі артықшылықтарының бірі ретінде e-gov жүйесін дамытуды санайды. «Біздің e-gov жүйесі әлемдегі үздік алтылықтың қатарына кіретініне сенімдімін. Төлемдердің 85% қолма-қол ақшасыз. Бұл өнімдерді толығымен цифрландыруға мүмкіндік береді», — дейді ол. Мысал — ипотека: клиент банк көрмеген үйді ешқашан кездеспеген сатушыдан сатып ала алады; меншік құқығын тексеру және қайта ресімдеу мемлекеттік база арқылы онлайн жүргізіледі. «Бүкіл процесс екі сағатқа жуық уақытты алады».

Орта Азиядағы экспансия

Freedom Қазақстан аумағынан тыс дамуда:

  • Өзбекстан  бөлшек сауда үшін ірі ойыншылардың бірі брокерлік бизнес іске қосылды
  • Тәжікстан — 2024 жылы банктік лицензия алынды және елдегі алғашқы толық цифрлық банк құрылды; карталар, несиелер, қазақстандық модель бойынша супер қосымшалар.
  • Қырғызстан — 2025 жылдың маусымынан бастап Бішкекте Freedom Broker жұмыс істейді.
  • Түркия —брокерлік лицензия, Freedom Yatirim Menkul Degerler JSC.
  • БАӘ — B2B-бағытын лицензиялау аяқталады.
  • Грузия — банктік лицензияға өтінім берілді.

«Тәжікстанның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, біз экожүйені Қазақстаннан тысқары жерлерде жылдам кеңейте аламыз. Енді үлгіні басқа елдерде ұсына аламыз», — деп атап өтті Турлов.

Телекомға инвестиция

Сандық өсімді қолдау үшін Freedom инфрақұрылымға инвестиция салады. 2023 жылдың желтоқсанында телеком-бағытты дамыту үшін $200 млн облигациялық қарыз орналастырылды. Дата-орталықтар, базалық станциялар сатып алынуда, оптикалық талшықты желілер салынуда. «Алматыдағы байланыс жаман емес, бірақ оны жақсартуға болады. Біз телеком желісіне инвестиция салып, Орталық Азияны цифрландыруды жеделдету мүмкіндігін көріп отырмыз», — дейді ол.

Freedom Holding Corp: корпоративтік бейін

Freedom Holding Corp 2008 жылы құрылған. 2025 жылдың ортасында нарықтық капиталдандыру $5,8 млрд шамасында, қызметкерлер — 15 елде 2 900 астам. Қазақстан басты табыс көзі мен экожүйенің орталығына айналды. 2025 жылдың ортасына қарай FRHC акциялары $180 шамасында, Турловтың байлығы — $7,6 млрд. болды. Клиенттер — 5 млн. асты.

Экожүйе біріктіреді:

  • Брокеридж: FRHC JSC, FRHC Global, FRHC Europe / Freedom24
  • Банкинг: Freedom Bank Kazakhstan
  • Сақтандыру: Freedom Life, Freedom Insurance
  • Цифрлық платформалар: Tradernet (онлайн-трейдинг)
  • Төлемдер: Freedom Pay
  • Телеком: Freedom Telecom
  • Лайфстайл-сервистер: Arbuz.kz (онлайн-супермаркет), Aviata (авиа- және темір жол билеттері), Ticketon (іс-шаралар)

Қаржылық көрсеткіштер (2025 жылдың І тоқсаны)

2025 жылғы 8 тамызда жарияланған аудиттелмеген есептілікке сәйкес, Freedom Holding Corp кірістері ж/ж 17% -ға — $533,4 млн. дейін өсті.

Негізгі өсім драйверлері:

  • Банк бизнесі: +60% ж/ж, $146,2 млн; Freedom Bank базасы 2,5 млн-нан 2,9 млн-ға дейін өсті.
  • Сақтандыру: +18% ж/ж, $174 млн; таза сақтандыру сыйлықақылары — $153,3 млн; клиенттер базасы — 1,4 млн.
  • Брокеридж: $176,3 млн (+1%); шоттар саны — 683 000-нан 725 000-ға дейін.
  • Лайфстайл және телеком: $36,9 млн

Қазақстанның портфельдегі мемлекеттік облигациялары құнының өсуінің арқасында бағалы қағаздармен операциялардан түскен пайда — $45,6 млн (бір жыл бұрын — $52,1 млн шығын) . Тоқсанда телеком-бағытты күшейткен Astel Group сатып алу аяқталды.

Шығыстар мен пайда

  • Жалпы шығыс: $492,9 млн, оның ішінде
    • $113,4 млн — қарыз бойынша пайыздар,
    • $93,1 млн — еңбек төлеу қоры және бонустар,
    • $24,5 млн — жарнама және демеушілік.
  • Акционерлерге тиесілі таза пайда: $30,4 млн.
  • Бір акцияға бөлінген пайда: $0,50.
  • Активтер: $9,69 млрд.
  • Меншікті капитал: $1,23 млрд.
  • Ақша қаражаты мен баламалары: $567,9 млн.
  • Кредиттік портфель: $1,75 млрд ($231,7 млн байланысты тараптарды қоса алғанда).

Қорытынды

«Біздің нәтижелеріміз негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсімді көрсетеді және Freedom әртараптандырылған экожүйесінің күшін растайды. Біз технологияларға инвестиция салуды, сервистер желісін кеңейтуді және Орталық Азия мен Еуропадағы позицияларды нығайтуды жалғастырамыз», —  деп түйіндеді Турлов.

Басқа жаңалықтар