Freedom Holding Corp. NASDAQ биржасына шыққанына 7 жыл толуын атап өтуде

2019 жылғы 15 қазанда Freedom Holding Corp. акцияларын америкалық NASDAQ технологиялық биржасында орналастырды. Ол кезде бір акцияның бағасы $14 АҚШ долларынан сәл ғана асатын, ал қазір $175 АҚШ долларынан жоғары. Бүгінде Freedom Holding Corp.-тың нарықтық капитализациясы $11 млрд АҚШ долларын құрады.
«NASDAQ тізімінде болу бизнес жүргізудегі барынша ашықтықты және әлемдегі ең қатаң реттеуші органдардың талаптарына толық сай келуді білдіреді. Бұл – сенімнің кепілі. Ал сенім біз үшін ең басты құндылық», – деді Тимур Турлов.
Freedom Holding Corp. 7 жылда қандай жетістікке жетті
Freedom компаниясының брокерлік бизнесі нарықта 2008 жылы пайда болды. 2015 жылға қарай брокерлік бағыт бірнеше елде жұмыс істеп, сол жылы АҚШ-тың Невада штатында Freedom Holding Corp. компаниясы тіркелді. Компанияны Америкада құрудың негізгі мақсаттарының бірі — бизнесті сол жақта дамытумен қатар, әлемдегі ең ірі технологиялық биржа саналатын NASDAQ-қа шығуға дайындалу болды.
Freedom Holding Corp.-тың негізін қалаушы әрі бас директоры Тимур Турлов биржадағы листинг рәсімі заңдық және қаржылық тұрғыдан қомақты инвестицияларды, толық ашықтықты, сондай-ақ АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) бастаған америкалық реттеуші органдардың жан-жақты тексерулерінен өтуді талап еткенін бірнеше рет атап өткен болатын.
Барлық тексерулерден сәтті өткеннен кейін, 2019 жылғы 15 қазанда Freedom Holding Corp. FRHC тикерін алып, NASDAQ биржасында саудалана бастады. Бұл ТМД елдерінде құрылған компанияның АҚШ биржасындағы аплистингінің алғашқы мысалы болды. Сол кезде бір акцияның бағасы $14,42 АҚШ долларын құрады.
Содан бері компания акцияларының құны 12 еседен астам өсті. Акциялар бағасының ең жоғары өсімі 2025 жылы тіркеліп, қағаздар $190 АҚШ долларынан жоғары деңгейде саудаланды. Бұған әлемдегі ең ірі институционалдық инвесторлардың бірі саналатын BlackRock холдингке алғаш рет инвестиция салуы ықпал етті.
Бүгінде Freedom Holding Corp.-тың мажоритарлық акционері оның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Тимур Турлов болып табылады. Акционерлер қатарында холдингтің басқа да топ-менеджерлері бар. Холдингке инвестиция салатындар қатарында әлемдегі ең ірі институционалдық банктер мен қорлар бар, олардың ішінде: BlackRock (қазіргі таңда $105 168 614 АҚШ доллары көлеміндегі акцияларға иелік етеді), State Street Corp ($40 556 058 АҚШ доллары), Morgan Stanley ($19 836 006,10 АҚШ доллары), Vanguard Group Inc ($16 413 253 АҚШ доллары), UBS AG ($14 679 155 АҚШ доллары), Bank of New York Mellon Corp ($8 506 152 АҚШ доллары), JPMorgan Chase & Co ($7 745 228 АҚШ доллары), Bank of America Corp ($7 529 104 АҚШ доллары), Goldman Sachs Group ($3 288 357 АҚШ доллары).
Freedom Holding Corp. қызметін АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) реттейді. Deloitte холдингтің аудиторы қызметін атқарады, ал заңдық кеңесшісі халықаралық Skadden, Arps, Slate, Meagher & Flom LLP заң фирмасы болып табылады. Сонымен қатар, холдинг халықаралық бағалы қағаздардың орталық депозитарийі Euroclear жүйесінің тікелей қатысушысы болып саналады.
Холдинг әлдеқашан брокерлік бизнестің ғана емес, жалпы қаржы саласының да шеңберінен шығып кетті. Бүгінде Freedom 20-дан астам бағыт бойынша жұмыс істейді, ал оның құрамына жүзден астам заңды тұлға кіреді. Олардың қатарында банк, инвестициялық, сақтандыру, лайфстайл және телеком сервистері, сондай-ақ жасанды интеллектіні дамыту мен интеграциялауға бағытталған жеке жобалар экожүйесі бар. Бүгінде Freedom Holding Corp. толыққанды финтех-экожүйеге айналды.
Холдингтің географиясы да айтарлықтай кеңейді: бүгінде Freedom тобының компаниялары әлемнің 24 елінде жұмыс істейді. Олардың қатарында штаб-пәтері орналасқан Қазақстан, сондай-ақ Кипр, АҚШ, Ұлыбритания, Армения, БАӘ, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркия, Болгария, Германия, Грекия, Литва, Нидерланд, Португалия, Испания, Австрия, Франция, Польша және Италия бар.
Freedom өміріндегі бір жылдағы басты оқиғалар
NASDAQ-тағы алты жылдық межеден бері тура бір жыл өтті. Осы уақыт ішінде холдингтің өмірінде көптеген маңызды әрі қызықты оқиғалар орын алды.
Халықаралық рейтингтік агенттіктер Freedom экожүйесіне кіретін қаржы компанияларының бағалауларын жақсартты. S&P Global Ratings Freedom Bank рейтингтерін BB-/B деңгейінде растады, ұлттық шкала бойынша рейтингін kzA- деңгейінен kzA деңгейіне дейін көтерді және болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» өзгертті. Moody’s агенттігі алғаш рет Freedom Life компаниясына инвестициялық деңгейдегі Baa3 рейтингін, ал Freedom Insurance компаниясына Ba1 рейтингін берді. Екі рейтинг бойынша да болжам «Тұрақты» деңгейінде белгіленді.
Freedom Түркияның қаржы нарығындағы қатысуын кеңейтті. Freedom Yatırım Menkul Değerler A.Ş. компаниясы Түркияның Капитал нарықтары жөніндегі кеңесінен (CMB) лицензия алып, 1992 жылдан бері мұндай мәртебеге ие болған алғашқы шетелдік брокерлік компания атанды. Бұл холдингке Түркияда банк бизнесімен қатар брокерлік қызметті дамытуға, бірыңғай цифрлық қаржы экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Freedom Holding Corp. акцияларды орналастыру аясында шамамен $300 млн АҚШ долларын тартты. Холдинг бір акциясы $126,35 АҚШ доллары бағасымен 2,3 миллионнан астам акцияны орналастырды. Мәмілеге тек АҚШ резиденті емес инвесторлар ғана қатысты.
Freedom Holding Corp. Қазақстанда Freedom AI Super Cluster құру жөніндегі меморандумға қол қойды. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ америкалық Citi банкімен жасалған келісім жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға арналған ауқымды GPU-кластер құруды көздеді. Меморандумға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында қол қойылды. Бұл жоба холдингтің жасанды интеллект үшін есептеу инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарларының бір бөлігіне айналды.
Freedom Holding Corp. Францияда банк лицензиясын алуға өтінім берді. Сонымен қатар холдинг елде цифрлық банк құруға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға €500 млн еуро инвестициялауға дайын екенін мәлімдеді. Франция Freedom компаниясының Еуропадағы бизнесті одан әрі кеңейтуіне арналған негізгі бағыттардың бірі ретінде таңдалды. Ал лицензия алу Еуропалық Одақ нарығында қаржылық сервистерді ауқымды түрде дамытуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Freedom Holding Corp. 2026 қаржы жылының қорытындысы бойынша таза пайдасын екі еседен астам арттырды. Бұл көрсеткіш 101%-ға өсіп, бір жыл бұрынғы $76,2 млн АҚШ долларымен салыстырғанда $153,3 млн АҚШ долларына жетті. Холдингтің түсімі рекордтық $2,19 млрд АҚШ долларын құрап, 2019 жылы NASDAQ биржасына шыққан сәтпен салыстырғанда 26 еседен астам өсті. Жиынтық активтер 33%-ға артып, $13,16 млрд АҚШ долларына жетті, ал бір акцияға шаққандағы базалық пайда $2,56 АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, брокерлік бизнестің клиенттік базасы 26%-ға өсіп, 858 мың адамға жетті. Банк бағыты бойынша клиенттер саны екі есе артып, 5,03 млн-ға жетсе, сақтандыру компанияларының клиенттері саны 1,1 млн адамды құрады.
Moody’s агенттігі алғаш рет Freedom Bank Kazakhstan-қа кредиттік рейтингтер берді. Банктік депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі «Тұрақты» болжамымен Ba3 деңгейінде, ал базалық кредиттік бағалау (Baseline Credit Assessment) b1 деңгейінде белгіленді. Агенттік Freedom Bank-ті бөлшек және цифрлық сервистерге басымдық беретін әмбебап банк ретінде дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ трейдингтен түсетін кірістерге тәуелділіктің біртіндеп төмендеп, оның орнына дәстүрлі несиелеу бағытынан түсетін кірістер үлесінің артып келе жатқаны көрсетілді.
Freedom Holding Corp. акциялары The Motley Fool инвестициялық портфеліне енгізілді. Америкалық инвестициялық-талдамалық компания холдингтің (NASDAQ: FRHC) бағалы қағаздарын өзінің TMF Moneyball Portfolio үлгілік портфелінің құрамына қосты. Портфельге компанияларды іріктеу барысында жасанды интеллект пен The Motley Fool компаниясының меншікті талдамалық базасы пайдаланылды. Бағалау кезінде қаржылық тұрақтылық, инновациялық әлеует, корпоративтік басқару сапасы және нарықтық өсу мүмкіндіктері ескерілді. Жалпы алғанда, жүйе көрсеткіштері ең жоғары шамамен 250 жария компанияны іріктеп алған.
Freedom Holding Corp. жасанды интеллект саласында NVIDIA компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 2025 жылғы қарашада холдинг NVIDIA компаниясымен және Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен Sovereign AI Hub егеменді жасанды интеллект хабын құру жөніндегі меморандум жасасты. Құны шамамен $2 млрд АҚШ долларын құрайтын жоба аясында Қазақстанда NVIDIA-ның жоғары өнімді инфрақұрылымы негізінде, қолжетімді энергетикалық қуаты 100 МВт болатын ірі деректерді өңдеу орталығын салу көзделді.
Freedom Holding Corp. жобаны қаржыландыру мен іске асырудағы негізгі серіктес ретінде қатысып, болашақта ЖИ-хабтың операторы рөлін өз мойнына алды. Сонымен қатар бастама шеңберінде жасанды интеллект саласындағы инженерлер мен мамандарды даярлау үшін жасанды интеллект академиясы мен зерттеу зертханасын құру жоспарланды.
NASDAQ тізімінде болу бизнес жүргізудегі барынша ашықтықты және әлемдегі ең қатаң реттеуші органдардың талаптарына толық сай келуді білдіреді. Бұл – сенімнің кепілі. Ал сенім біз үшін ең басты құндылық.
«Осы орайда әріптестеріміз бен клиенттерімізге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Мен кез келген бизнестің ең үлкен капиталы да, ең басты күші де – адамдар екеніне сенемін. Біз үшін басты құндылық саналатын сенімнің негізін қалайтын да, оны күн сайын нығайтатын да – адамдардың өзі», – деді Тимур Турлов.
Бұл Freedom тобының өткен бір жылдағы жетістіктерінің толық тізімі емес. Тимур Турлов атап өткендей, ең маңызды жетістіктер әлі алда. Холдинг географиялық кеңею стратегиясын дәйекті түрде жалғастырып, жаңа сервистерді жетілдіруде. Компания озық технологияларды енгізіп, әлемдегі ең ірі корпорациялармен серіктестік орнатып, мемлекеттік қолдауға сүйене отырып жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, холдинг қайырымдылық жобаларына, Қазақстандағы және шетелдердегі спортты дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келеді.