Freedom Cloud: Қазақстан экономикасы үшін бұлтты бизнес неліктен маңызды

Freedom Cloud өз деректер орталықтарының желісін құрып, бизнеске және мемлекеттік секторға арналған бұлттық қызметтерді дамытып, соның ішінде Amazon Web Services (AWS) пен Alibaba Cloud сияқты халықаралық технологиялық серіктестерді Қазақстанда орналастыруда. Біз осы бизнестің Қазақстандағы экономикаға ықтимал әсерін қарастырамыз.

«Бұлттың» мақсаттары мен ауқымы

«Мемлекеттік қызметтер, онлайн-банкинг, маркетплейстер, медиаплатформалар  осы сервистердің барлығына тұрақты инфрақұрылым қажет. Оның үстіне, олардың негізгі платформасы Қазақстанда орналасқаны дұрыс. Бұл тек технологиялық тәуелсіздік мәселесі ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік мәселесі», – деп атап өткен еді сол кезде Тимур Турлов.

Freedom Cloud – Тимур Турловтың Freedom Holding Corp. экожүйесіне кіретін қазақстандық бұлтты провайдер әрі технологиялық холдинг. Компания өз қызметін 2025 жылғы сәуірде алғашқы деректерді өңдеу орталығының (дата-орталықтың) құрылысын бастаудан бастады.

Компания бұлтты платформаны және IaaS-провайдерді біріктіреді. IaaS (Infrastructure as a Service) немесе «қызмет ретіндегі инфрақұрылым» моделі клиенттерге жеке серверлер мен жабдық сатып алмауға мүмкіндік береді. Оның орнына олар бұлт арқылы есептеу қуаттарын, деректерді сақтау жүйелерін және басқа да IT-ресурстарды жалға алып, қажеттілігіне қарай олардың көлемін кеңейте алады.

Қазақстанды дамытуға арналған технологияның жаңа деңгейі

Freedom Cloud тек Freedom Holding Corp. құрамындағы компаниялармен ғана жұмыс істемейді – платформаның 3,4 мыңнан астам клиенті бар. Компания өз қуаттарының бір бөлігін халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, деректерді қауіпсіз сақтау және мемлекеттік сервистерді дамыту мақсатында мемлекеттік секторға ұсынуды жоспарлап отыр.

Компания құрылымында үш негізгі бағыт бар:

Freedom Cloud – бизнес пен мемлекеттік ұйымдарға IaaS және PaaS (бағдарламаларды әзірлеуге арналған дайын орта) қызметтерін, виртуалды инфрақұрылымды, деректерді сақтау мен қорғауды, сондай-ақ жоғары өнімді есептеу мүмкіндіктерін ұсынатын бұлтты бағыт.

Freedom Satellite – спутниктік байланыс пен гибридті желілерге жауап беретін телекоммуникациялық бағыт. Ол Starlink шешімдерін де пайдаланады. Компания шалғай және қатынауы қиын өңірлерді байланыспен қамтамасыз етеді.

Freedom Connect – жерүсті телекоммуникациялық инфрақұрылым бағыты. Компания талшықты-оптикалық байланыс желілерін салып, пайдалануға береді және Қазақстанның ауылдық әрі шалғай елді мекендерінде жоғары жылдамдықты интернетті дамытуға үлес қосады.

Қазақстанда әлемдік технологиялық алпауыттармен бірге инфрақұрылым қалыптастырып жатырмыз

2026 жылғы наурызда компания Alibaba Group құрамына кіретін халықаралық бұлтты провайдер Alibaba Cloud-пен стратегиялық серіктестік орнатты. Тараптар Қазақстанда озық бұлтты инфрақұрылымды дамытып, Alibaba Cloud елге жасанды интеллект негізіндегі бұлтты сервистерді ұсынатын болады.

Ынтымақтастықтың стратегиялық мақсаты – Қазақстанда өңірлік AI-хаб құру. Бұл бұлтты шешімдерді мемлекет үшін де, бизнес үшін де анағұрлым қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Компанияның тағы бір маңызды серіктесі – Amazon Web Services (AWS). Бұл серіктестік бұлтты есептеулер, деректерді сақтау, жасанды интеллект, машиналық оқыту, DevOps және киберқауіпсіздік салаларындағы озық технологияларға жол ашады. Соның арқасында қазақстандық бизнес елден шықпай-ақ Amazon, Netflix, NASA және Pfizer секілді жаһандық компаниялар қолданатын технологиялық құралдарды пайдалана алады.

Қазақстандық стартаптар үшін бұл серіктестік AWS Activate Startup Program бағдарламасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл стартаптарды қолдау және акселерациялау бағдарламасы. Сондай-ақ қазақстандық компаниялар өздерінің цифрлық өнімдерін әлемнің түкпір-түкпіріндегі клиенттерге ұсына алатын AWS Marketplace жаһандық платформасына шығу мүмкіндігіне ие болады.

Бұдан бөлек, отандық инженерлер халықаралық сертификаттар алып, әлемдік нарықта сұранысқа ие өнімдерді әзірлеу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Қазақстан есептеу қуатын дамытуда

Freedom Cloud-тың негізгі міндеті – жергілікті инфрақұрылымды қалыптастыру. Қазақстанның әр өңірінде дата-орталықтар желісін дамыту деректерді беру кезіндегі кідірісті азайтуға және оларды сақтауға қатысты Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.

Алатаудағы деректерді өңдеу орталығы

Жаңа деректерді өңдеу орталығы Алматының маңындағы Алатау қаласында салынып жатыр. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 175 млрд теңгеге дейін бағаланады. Орталық 480 серверлік тірекке есептелген, ал оның пайдалы IT-қуаты 7,2 МВт болады. Жалпы энергия тұтыну көлемі 13 МВт-ты құрайды. Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турловтың айтуынша, бұл деректерді өңдеу орталығы Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтуға, елдің халықаралық IT-компаниялар үшін тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Астанадағы Akashi Data Center

Freedom Holding Corp. бұл жобаны China Mobile компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бұл қуаты 50 МВт болатын, кейін 100 МВт-қа дейін кеңейту мүмкіндігі қарастырылған деректерді өңдеу орталығы. Ол 4,2 мың серверлік тірекке есептелген. Жоба өңірдің есептеу қуаттарын едәуір арттырып, шамамен 10 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Akashi Data Center орталығының инвестициялық құны шамамен 210 млн АҚШ долларына бағаланады. Оны 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Орталық Tier IV деңгейіне сәйкес болады. Бұл деректерді өңдеу орталықтарына қойылатын ең жоғары талаптардың бірі саналады және жүйенің үздіксіз жұмысын, сондай-ақ істен шығуға барынша төзімділігін қамтамасыз етеді.

Басқа жаңалықтар