Freedom Holding бірыңғай брендке көшу

Freedom Holding Corp. бұдан былай тек брокерлік және банктік бизнеспен ғана байланыстырылмайды. Холдинг Freedom бірыңғай брендіне көшетінін жариялады, енді осы брендпен экожүйенің барлық сервистері — қаржылық қызметтер мен сақтандырудан бастап travel, e-commerce және телекоммуникация бағыттарына дейін дамитын болады.
Freedom Holding Corp. экожүйесі ауқымды ребрендинг пен Freedom бірыңғай брендіне көшетінін жариялады. Компания Bank, Broker және басқа да нақтылаушы жалғаулардан бас тартты — топтың барлық сервистері ортақ визуалды және коммуникациялық архитектура аясында кезең-кезеңімен біріктіріледі.
Бұл шешім 20-дан астам елдегі қаржылық, сақтандыру, телекоммуникациялық және lifestyle-сервистерді біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйені дамыту стратегиясының бір бөлігі болды.
«Бренд трансформациясы – бұл Freedom-ның бірыңғай экожүйе ретінде дамуының қисынды жалғасы. Бүгінгі таңда біздің өнімдеріміз бен сервистеріміз өзара жеткілікті деңгейде біріктірілген, ал бірыңғай бренд бұл байланысты клиент үшін түсініктірек әрі танымалырақ етуге мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Freedom Holding Corp. СЕО-сы Тимур Турлов.
Жекеден жалпыға қарай
Осыдан он жыл бұрын бұл бренд, ең алдымен, брокерлік бизнеспен байланыстырылатын. 2019 жылы Nasdaq биржасында листингтен өткеннен кейін компания өз ауқымын тез кеңейте бастады және біртіндеп қаржылық сервистердің айналасында толыққанды цифрлық платформа құрды.
Қазіргі уақытта Freedom экожүйесі банк, брокер, сақтандыру, телеком, travel-сервистер мен төлем шешімдерін біріктіреді — олардың барлығы Freedom SuperApp қолданбасында жинақталған. Пайдаланушы бір инфрақұрылым ішінде инвестиция құя алады, ипотека рәсімдей алады, билеттер сатып алып, саяхаттарға бронь жасай алады, сондай-ақ сатып алулар үшін төлем жасап, мобильді байланысты пайдалана алады.
Холдинг басшысы Тимур Турловтың айтуынша , «құндылық бөлек өнімдерде емес, олардың арасындағы байланыста жасалады». Ал бұл құрылымның орталығы SuperApp-қа айналуда. Платформада тіркелген пайдаланушылар саны қазірдің өзінде 5 миллионнан асты, ал бүкіл экожүйенің аудиториясы 11 миллион клиентке жетті.
Бизнестің өсуі
Брокерлік сегмент басты драйверлердің бірі ретіндегі мәртебесін сақтап қалуда. Freedom Қазақстандағы ең ірі digital-брокер болып табылады: клиенттік шоттардың саны 315 мыңнан асты, ал бір жылдағы мәмілелер саны 41 миллионға жетті.
Freedom Holding құрамындағы банк депозиттердің өсу қарқыны бойынша Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылар қатарына кірді. Несие қоржыны 2,8 миллиард доллардан асты, ал проблемалық несиелердің деңгейі нарықтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болып қалуда.
Өмірге арналған суперқосымша
SuperApp қолданбасының ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі — Freedom Travel. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сервис Қазақстанның авиабилеттер нарығының шамамен 20%-ын иеленді — іс жүзінде елдегі әрбір бесінші билет Freedom экожүйесі арқылы сатылады. Қазіргі уақытта компания travel-платформаны халықаралық нарыққа шығарып, бүкіл әлем бойынша 3,5 миллион қонақүй мен апартаменттерге қолжетімділігі бар өзінің жаһандық агрегаторын іске қосуда. Жүйеге тікелей келісімшарттар арқылы 30-дан астам әуе компаниясы біріктірілген, бұл бағаны делдалсыз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Freedom Travel-дің мақсаты – Booking және Airbnb-дің тікелей бәсекелесіне айналу.
Сонымен қатар, холдинг e-commerce және жеткізу саласындағы позициясын нығайтуда. Arbuz-бен жасалған мәміледен кейін компания grocery-бағытын белсенді дамытуда: сервистің 2025 жылғы сатылымы екі еседен астам өсті. Компания жеткізу географиясын кеңейтуде, атап айтқанда, сервис Шымкент қаласында пайда болды. Бұдан бөлек, Freedom жаңа жеткізушілерді қосым, Еуропа мен Азиядан өнімдерді импорттау есебінен өз ассортиментін ұлғайтуда.
Freedom құрамындағы билет сервисі осы сегменттегі Қазақстанның ең ірі платформасына айналды: ол арқылы елдегі іс-шаралар нарығының 90%-ына дейін өтеді. Ticketon пайдаланушыларға бірыңғай экожүйе ішінде концерттерге, спектакльдерге және спорттық іс-шараларға билеттер сатып алуға мүмкіндік береді.
Freedom сонымен қатар health-tech бағытын дамытуда , SuperApp қолданбасында қазірдің өзінде цифрлық медициналық сервистер пайда болуда: дәрігерге жазылу, онлайн-консультациялар, дәрі-дәрмек сатып алу және денсаулық саласындағы дербес шешімдер. Болашақта компания бұл бағытқа ЖИ құралдары мен генетикалық сервистерді интеграциялауды жоспарлап отыр.
Экожүйенің тағы бір элементі Lenta әлеуметтік платформасы болмақ. Ол бір кеңістік ішінде контентті, коммуникацияларды, ұсыныстар мен сатып алуларды біріктіреді. Пайдаланушылар пікірлермен бөлісе алады, шолулар жариялай алады, сондай-ақ белсенділігі үшін бонустар мен кэшбэк ала алады.
Жаңа нарықтар
Freedom біртіндеп өңірлік ойыншыдан 20-дан астам елде өкілдігі бар халықаралық платформаға айналуда: холдинг Орталық Азияда, Еуропада, Таяу Шығыста және АҚШ-та белсенді жұмыс істейді.
Халықаралық экспансияның негізгі бағыттарының бірі Түркия. Freedom ол жерде брокерлік бизнесті іске қосып үлгерді және Turkish Bank A.Ş. сатып алатынын жариялады. Компания бұл жерге Қазақстанда сәтті жұмыс істеген үлгіні көшіруде: алдымен брокерлік инфрақұрылым, содан кейін банк, ал кейін – толыққанды экожүйе мен SuperApp-ты дамыту.
Түркия аймақтағы ең перспективалы нарықтардың бірі болып көрінеді: халқы шамамен 90 миллион адамды құрайды, инвестициялық белсенділігі жоғары және цифрлық қаржылық сервистерге сұраныс қарқынды артып келеді.
Алайда Түркия – халықаралық ауқымды кеңейту стратегиясының бір бөлігі ғана. Еуропада компания банк бизнесін кеңейту мүмкіндіктерін де зерттеп жатыр. Әлеуетті бағыттардың қатарында — Франция мен Армения бар, онда холдинг банктік активтермен жасалатын мәмілелерді қарастыруда . Арменияда холдинг жұмыс істеп тұрған банкті сатып алу арқылы нарыққа шығу мүмкіндігін бағалап отыр.