Freedom Inside ’26: Астанада цифрлық экожүйелер форумы өтеді

2026 жылдың 9 сәуірінде Астана қаласында, Тәуелсіздік Сарайында өтетін цифрлық экожүйелер форумы Freedom Inside ’26 – технологиялар, бизнес және цифрлық сервистердің болашағына арналған жаңа форматтағы талқылау алаңы. Оның ұйымдастырушысы – Freedom Holding Corp.

Форумда акционерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар, мемлекеттік қайраткерлері, креативтік индустрия өкілдері мен технологиялық компаниялар бас қосады. Қатысушыларды екі сахнада өтетін мазмұнды іскерлік бағдарлама, интерактивті аймақтар, цифрлық шешімдердің демонстрациялары және кәсіби қарым-қатынасқа арналған кеңістік күтеді.

Freedom Inside – экожүйелер экономиканы және күнделікті өмірді қалай өзгертетіні туралы ашық диалог алаңы ретінде ойластырылған. Биылғы форумға 3 000-нан астам қонақ қатысып, 30-дан аса спикер сөз сөйлейді және 20-дан көп пікірталас пен презентация өткізілуі жоспарлануда.

Freedom Inside ‘26 бағдарламасы

Үлкен сахнадағы баяндамалар цифрлық сервистердің, инфрақұрылымның және болашақ нарықтарының дамуының негізгі бағыттарына арналмақ. Форумды Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Тимур Турлов ашады. Ол ғаламдық қаржылық экожүйенің жаңа архитектурасы және қаржылық сервистерді түрлендірудегі технологиялардың рөлі туралы әңгімелеп береді.

Күн бойы үлкен сахнада бизнес пен технология саласының көшбасшыларының қатысуымен пікірталастар мен баяндамалар өтеді. Негізгі тақырыптардың қатарында: цифрлық экожүйелер мен қаржылық сервистердің дамуы, халықаралық технологиялық әріптестіктер мен болашақ инфрақұрылымы, ойын-сауық индустриясы, медиа және цифрлық медицинаның инновациялары, технологиялардың ықпалына байланысты экономиканың трансформациясы бар.

Тимур Турловтан басқа, үлкен сахнада Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев, NVIDIA компаниясының ТМД-дағы бизнесін дамыту жөніндегі өңірлік директоры Антон Джораев, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген және басқа да спикерлер сөз сөйлейді. Олардың баяндамалары технологиялық трендтерге, цифрлық экономикаға және бизнес пен қоғам үшін жаңа мүмкіндіктерге арналатын болады.

Негізгі бағдарламаға параллель түрде шағын сахнада бизнес пен пайдаланушылық сервистерді дамытуға арналған қолданбалы сессиялар сериясы өтеді.

Қатысушылар e-commerce және цифрлық платформаларды, экосистемалардағы жаңа бизнес-модельдерді, пайдаланушылық тәжірибені және болашақ сервистерді, сондай-ақ технологиялар дәуіріндегі мансап пен кәсіпкерлікті талқылайды.

Шағын сахна спикерлері қатарында Freedom экожүйесі мен серіктес ұйымдардың компаниялары мен жобаларының басшылары – цифрлық сервистер мен технологиялық платформалардың топ-менеджерлері болады. Бұл сессиялар технологияларды күнделікті өмірге және бизнеске енгізудің практикалық шешімдері мен нақты кейстеріне бағытталады.

Іскерлік бағдарламадан бөлек, форум қонақтары Freedom экожүйесінің цифрлық сервистері мен технологиялық шешімдері ұсынылатын интерактивті аймақтарды көре алады.

Freedom Inside ‘26 форумына билеттерді https://freedominside.kz/#about сатып алуға болады.

Форумның толық бағдарламасы: https://freedominside.kz/#program

Форум тәжірибе алмасуға, серіктестер табуға және цифрлық экономиканың болашағын талқылауға арналған алаңға айналады. Ұйымдастырушылардың пайымынша, Freedom Inside – цифрлық әлем шекарасы кеңейіп, экраннан шығып, адам өмірінің табиғи бөлігіне айналатын кеңістік. Мұнда сервистер, технологиялар және адамдар бір арнаға тоғысып, тұтас экожүйе құрайды.

Басқа жаңалықтар