Тимур Турлов Қазақстандағы шахматты қолдауға $11 млн-нан астам қаржы бөлді
Freedom Holding Corp. компаниясының 2025 жылғы жылдық қаржылық есебіне сәйкес, компания Қазақстан шахмат федерациясын қолдауға $11,2 млн жұмсады.
«Қазақстан шахмат федерациясы — Тимур Турлов басшылық ететін компания. Топ Қазақстанда шахмат спортын дамытуды жалғастыруда», – делінген құжатта.
Бұл қаражат елде шахмат спортын дамытуға байланысты шахмат чемпионаттарын, турнирлерді, оқу-жаттығу жиындарын және басқа да іс-шараларды қолдауға бағытталды.
Компанияның жарияланған есебінде сондай-ақ 2025 фискалдық жылдағы $2,1 млрд (+23%) түсім және $84,5 млн (бір акцияға $1,43) таза пайда туралы хабарлады. Активтер 19%, $9,9 млрд дейін, міндеттемелер — 22%, $8,7 млрд дейін өсті. Комиссиялық кіріс 15% -ға, $505 млн-ға дейін, деривативтерден түсетін пайда — 112% -ға, $12,4 млн-ға дейін ұлғайды. Брокерлік шоттар саны 683 мыңға (+153 мың), сақтандыру клиенттері — 1,2 млн (+636 мың), банктік шоттар — 2,5 млн (+1,6 млн) жетті. Бұл ретте Freedom SuperApp мобильді қосымшасын пайдаланушылар 2,3 млн рет жүктеп алған.
2025 жылдың басынан бері компанияның акциялары 25% -ға өсті. Капиталдандыру $10 млрд. асып түсті. Осылайша, холдинг market cap әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіптің» көрсеткіштерінен 6,4% -ға (шамамен $9,4 млрд) асып түсті.
Ал Тимур Турлов Forbes ғаламдық миллиардерлер тізіміндегі Kaspi.kz тең иесі Вячеслав Кимді байлығы жағынан басып озды. Басылымның мәліметінше, енді Турлов ең бай қазақстандықтар арасында бірінші орында тұр.