Тимур Турлов халықаралық бизнес-білім беруді дамыту жөніндегі кеңес құрамына кірді

Freedom Holding Corp. компаниясының басшысы Тимур Турлов халықаралық консалтингтік AWE Consulting компаниясының Ғылыми кеңесіне кірді. Ол Стэнфорд пен Гарвард университеттерінің профессорларымен, сондай-ақ заманауи басқару тұжырымдамаларының авторларымен бірге бизнес-білім беруді дамытуға және болашақ көшбасшыларды даярлаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге қатысады.
Бұл серіктестіктің негізгі мақсаты – академиялық теория мен практиканың арасындағы алшақтықты қысқарту, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың тәжірибесін әлемнің жетекші университеттерінің білім беру бағдарламаларына енгізу.
Бизнес-білім беруге жаңа көзқарас
AWE Consulting мемлекеттік құрылымдармен, университеттермен және халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатып, «Адамдар. Мақсат. Планета» басқару моделін ілгерілетіп келеді. Бұл модельге сәйкес, бизнес тұрақты дамуға тек қоғамдық құндылық қалыптастырған жағдайда ғана қол жеткізе алады, ал қаржылық нәтиже маңызды әлеуметтік міндеттерді шешудің табиғи салдары ретінде қарастырылады.
Kellogg School of Management халықаралық маркетинг профессоры Филип Котлердің айтуынша, заманауи бизнес-білім беру тек батыстық басқару модельдерімен шектелмей, әлемнің басқа өңірлеріндегі, соның ішінде Орталық Азиядағы табысты тәжірибелерді де ескеруі қажет. Дәл осы міндетті ғалымдар мен халықаралық компаниялардың жетекшілерін біріктіретін Ғылыми кеңес жүзеге асыруға бағытталған.
Enlightened Management тұжырымдамасының тең авторы Габриэле Карбони Тимур Турловтың Ғылыми кеңес құрамына кіруі ағартылған менеджмент қағидаттарын іс жүзінде қолданудың жарқын мысалы екенін атап өтті.
«Адамдар. Мақсат. Планета» моделі арқылы біз технологиялық инновациялар нақты мақсатқа бағытталып, адамды басты орынға қойған кезде ғана шынайы құндылық қалыптастыратынын көрсетеміз. Freedom Holding тәжірибесі цифрландырудың операциялық тиімділіктен әлдеқайда асып түсіп, қоғам үшін сенімнің, ашықтықтың және институционалдық құндылықтың жаңа деңгейлерін қалыптастыра алатынын дәлелдейді», – деді Карбони.
Білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты еңсеру
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттерінің бірі — The Knowing–Doing Gap деп аталатын, академиялық білім мен оны тәжірибеде қолдану арасындағы алшақтық мәселесін шешу. Жоба нақты басқарушылық тәжірибеге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін ғылым, бизнес және мемлекеттік сектор өкілдерін біріктіреді.
AWE Consulting президенті Тата Чолария көптеген елдер мен компаниялардың бірегей тәжірибелері бар екенін атап өтеді. Алайда бұл білім жүйелендіріліп, білім беру ортасына енгізілмесе, ол жекелеген ұйымдардың шеңберінде ғана қалып қояды.
Кейс әдісі бойынша халықаралық сарапшы Уильям Эллетт тиімді бизнес-білім берудің нақты басқарушылық жағдайларды талдаусыз мүмкін еместігін атап көрсетеді, өйткені мұндай жағдайда жалғыз дұрыс шешім болмайды. Дәл осындай кейстермен жұмыс істеу болашақ басшыларға жоғары белгісіздік жағдайында тиімді шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Ғылыми кеңестің жұмысына қатысуын түсіндіре келе, Тимур Турлов қазіргі заманғы технологиялар білім беру үдерісіне жаңа көзқарас қажет ететінін атап өтті.
«Біз бұл жобаға қатысу туралы шешім қабылдадық, өйткені технологиялардың күшін жақсы түсінеміз әрі білім беруді жаңа шынайылыққа бейімдеудің қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. Жасанды интеллект оқыту үдерісінің өзін өзгертіп жатыр, алайда басты мәселе — бірегей практикалық тәжірибені бүкіл әлемде сұранысқа ие болатын білімге қалай айналдыру керектігінде. Бүгінде Қазақстанның интеллектуалдық капиталы еліміздің шекарасынан әлдеқайда тыс жерлерде де қызығушылық тудыратынын нақты білеміз. Ғылыми кеңестегі өз миссиямды осы тәжірибені жаһандық деңгейдегі білімге айналдыруға үлес қосу деп білемін», — деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры.
Білім беру мен қайырымдылық стретегияның бір бөлігі ретінде
Freedom Holding Corp. жыл сайын білім беруді дамытуға және қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдауға миллиардтаған теңге инвестиция салады. Холдингтің қайырымдылық жобалары білім беру, денсаулық сақтау, спорт, экология және әлеуметтік қолдау салаларын қамтиды және Freedom Shapagat қоры арқылы жүзеге асырылады.
Ірі білім беру бастамаларының бірі — OpenAI және Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, ChatGPT Edu платформасын енгізу жөніндегі стратегиялық келісім. Жоба аясында Freedom Holding үш жыл бойы мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін 165 мың лицензияны қаржыландырады. Соның арқасында Қазақстан жасанды интеллектінің білім беру нұсқасын ұлттық деңгейде енгізген алғашқы елдердің біріне айналды.
Холдинг сондай-ақ заманауи білім беру инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салады. Freedom қолдауымен жас мамандарды даярлауға арналған мамандандырылған кеңістіктер ашылуда, олардың қатарында SDU University жанындағы Жасанды интеллект орталығы да бар. Сонымен қатар жекеменшік білім беруді дамыту және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Компанияның әлеуметтік стратегиясында шахматты дамыту ерекше орын алады. Freedom Holding Қазақстан шахмат федерациясы мен Халықаралық мектеп шахмат федерациясының (ISCF) бас серіктесі болып табылады, халықаралық жарыстарды өткізуге және шахматты мектептегі білім беру жүйесіне енгізу бағдарламаларын қолдайды. Компания шахматты балалар мен жастардың сыни ойлауын, логикасын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту құралы ретінде қарастырады.
Білім беру бастамаларынан бөлек, холдинг денсаулық сақтау саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырады, экологиялық бағдарламаларды қолдайды, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге көмек көрсетеді және спорттық инфрақұрылымды дамытуға қатысады. Мұндай кешенді тәсіл Freedom Holding-тің адами капиталды дамытуға және қоғам үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға бағытталған стратегиялық ұстанымын көрсетеді.