Экспортқа бағытталған экожүйе: 5%-дық ипотека, банктік картадағы криптовалюта және Booking-пен бәсекелестік
Freedom Holding Corp. негізгі бағыттарын дамытуды, жаңа елдерде өнімдерді іске қосуды және Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де инновациялық сервистерді әзірлеуді жалғастырып келеді. Бұл туралы холдинг басшысы Тимур Турлов пен холдингтің топ-менеджерлері 3 мыңнан астам адам жиналған Astana Freedom Inside форумында айтты. Спикерлер SPO-дан бастап экожүйенің халықаралық экспансиясына дейінгі, сондай-ақ Freedom SuperApp ішіндегі цифрлық сервистерді ауқымын кеңейтуге бағытталған жоспарларды талқылады.
SPO-дағы өтінімдер жиынтығы
Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов акциялардың қосымша жария орналастырылуын (SPO) өткізу мүмкіндігі және «экожүйені экспорттау» моделі туралы айтып өтті. Бұл холдингтің халықаралық стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Оның сөзінше, «бұл біз үшін өте маңызды индикатор болады. Орналастыру Қазақстанда және бірқатар басқа юрисдикцияларда ұсынылады, алайда бұл жолы АҚШ нарығы қамтылмайды», – деп атап өтті Турлов.
Бұл ұсыныстың АҚШ аумағынан тыс жерде ғана және тек АҚШ азаматтары немесе резиденттері болып табылмайтын тұлғалар үшін қолжетімді болатынын білдіреді. Мұндай шектеулер мәміленің реттеушілік құрылымына және орналастыру үшін таңдалған географияға байланысты.
Холдингтің СЕО-сы компания акцияларды қосымша жария орналастыруды капитал тарту құралы ретінде де, сонымен қатар экожүйені өсіру және ауқымын кеңейту стратегиясына инвесторлардың сенімін көрсететін индикатор ретінде де қарастыратынын түсіндірді. Тимур Турловтың айтуынша, орналастыру Қазақстандағы және бірқатар басқа юрисдикциялардағы алаңдарда өтуі мүмкін.
«Холдинг Freedom экожүйесін ауқымдастыру стратегиясын нарықтың қаншалықты қолдауға дайын екенін түсінгісі келеді», – деп толықтырды Турлов. Тартылатын қаражат компания тарапынан экспансияны жеделдетуге және экожүйе аясында жаңа өнімдерді дамытуға бағытталатын болады.
Экожүйені ауқымдау: «Жаңа нарықтарға біз дайын шешіммен шығамыз»
Тимур Турлов халықаралық өсімнің логикасы туралы айтып, компанияның негізгі артықшылығы – Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеу тәжірибесі екенін атап өтті. Бұл тәжірибе орнықты технологиялық әрі операциялық платформаны қалыптастыруға мүмкіндік берген.
«Әлемде біздің қазақстандық модель алғашқы жылдың өзінен-ақ айтарлықтай артықшылық беретін елдер өте көп», – деп түсіндіреді Тимур Турлов.
Компанияның дайын технологиялық платформасының болуы жаңа нарықтарға шығу үдерісін едәуір жеделдетуге әрі экспансия құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
«Қазақстанда Freedom Bank-ті іске қосу оңай болған жоқ: банкті сатып алу, лицензия алу, инфрақұрылымды құру, команданы қалыптастыру сияқты жұмыстар атқарылды. Ал Тәжікстаннан ашқан кезде осы жолдың бәрінен әлдеқайда жылдам өттік. Екі жылдың ішінде біз Қазақстанда тұтас он жыл бойы құрылған экожүйемен сипаттамалары жағынан тең келетін экожүйені қалыптастыра алдық», – деп атап өтті Тимур Турлов.
Корпорация жаңа елдерге стартап ретінде емес, дайын әрі жұмыс істеп тұрған шешіммен келеді, сондықтан холдинг үшін әрбір келесі нарыққа шығу әлдеқайда оңай әрі жылдамырақ жүзеге асады. FRHC бас директорының айтуынша, «біртұтас бренд — бұл біз қазіргі таңда кім екеніміздің шынайы көрінісі. Пайдаланушы үшін барлық сервистердің біртұтас жүйе ретінде қабылдануы маңызды». Оның сөзінше, мұндай тәсіл бизнестің ашықтығын арттырып, клиенттер мен инвесторлар тарапынан сенімді күшейтеді.
5% және 10%-бен цифрлық ипотека
Форумның қаржылық бөлігі аясында Қазақстанда мөлшерлемесі 5% және 10%-бен тұрғын үй-жинақтау ипотекасын іске қосу мәселесі талқыланды.
«Клиенттер жылжымайтын мүліктің цифрлық витринасына қол жеткізе алады, үй-жайларды ерте брондау мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ бастапқы жарнаны қалыптастыру үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады. Нәтижесінде біз клиентке біртұтас жүйе аясында 5–10% мөлшерлемемен тұрғын үй-жинақ ипотекасын алу мүмкіндігін ұсынамыз», – деп атап өтті Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Жұмағұлов банк бұл жобаны республикадағы ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингтерінің бірі — BI Group-пен бірлесіп әзірлеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, өнімнің бүкіл логикасы тұрғын үйді таңдауды, жинақтарды басқаруды және қаржылық құралдарды рәсімдеуді бір интерфейсте біріктіретін Freedom SuperApp платформасы айналасында құрылады.
Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық шамамен 9,6%-ды құрайды, алайда нарықтағы мөлшерлемелер, әдетте, жылдық 13%-дан 21%-ға дейінгі диапазонда өзгеріп отырады. Freedom Bank-тің жылдық 5%-дан басталатын мөлшерлемемен нарықтық ипотекалық бағдарламаны іске қосуы банкті ипотекалық өнімдердің қолжетімділігі бойынша нарықтағы көшбасшылардың біріне айналдырды.
Франция және Армениядағы жаңа банктерді сатып алу
Freedom Holding Corp. банк бизнесін Еуропада және ТМД елдерінде дамытуды жалғастырады. Компания Арменияда банк сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп мәлімдеді Freedom Broker Global Markets (БАӘ) және Freedom Yatirim (Түркия) директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Почекуев.
«Біз мәселені кез келген жолмен шешуге тырысып отырмағанымыз жайлы маңызды нәрсені атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Арменияның реттеуші органы жаңа банк лицензияларын беруге мүмкіндік көрмей отыр, бұл жағдай екінші нарықта мұндай лицензиялардың бағасының едәуір жоғары болуына әкеліп соғуда. Сонымен қатар Армениядағы банктердің меншікті капиталына қойылатын реттеушілік талаптар да салыстырмалы түрде жоғары – кемінде $80 млн», – деді ол.
Freedom Finance Europe атқарушы директоры Евгений Тяпкин компания Францияда банк лицензиясын алу мүмкіндігін зерттеп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, банк бағытын дамыту Freedom-ның Еуропадағы бизнесін трансформациялаудың келесі кезеңі болып табылады және классикалық брокерлік қызмет аясынан тыс клиенттік экожүйені кеңейтуге мүмкіндік береді.
Lenta: кэшбэкпен әлеуметтік желі
Freedom Holding Corp. SuperApp қосымшасының ішінде бірыңғай контенттік әрі коммуникациялық буынға айналатын өзінің Lenta атты әлеуметтік платформасын құрумен айналысып жатыр. Lenta экожүйе аясындағы пайдаланушылардың, брендтердің және сервистердің өзара әрекеттесуіне арналған кеңістік ретінде жасалуда, мұнда контент пен қаржылық өнімдер бір цифрлық ортада табиғи түрде тоғысады.
Пайдаланушыларды экожүйеге тартудың маңызды тетіктерінің бірі – кэшбэк. Lenta платформасының пайдаланушылары жасаған сатып алуларымен бөлісіп, лайк жинайды және балл алады, кейін бұл баллдар жоғарылатылған кэшбэк есептеу кезінде ескеріледі. Сатып алу туралы жарияланым орналастырғаны үшін 100 балл аударылады, ал әлеуметтік желінің басқа пайдаланушыларынан әрбір лайк үшін қосымша 1 балл беріледі. Бұдан бөлек, сауда нүктесін растағаны – яғни POS-терминал арқылы төлем жасағаны үшін – тағы 500 балл алуға болады.
«Біз Lenta платформасын экожүйеміздің әлеуметтік өзегі ретінде қарастырамыз. Бұл жай ғана жаңалықтар лентасы емес, пайдаланушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, контентпен бөлісіп, сонымен қатар инвестициялардан бастап lifestyle-өнімдерге дейінгі сервистерге бірден қол жеткізе алатын орта. Біздің мақсатымыз – әлеуметтік және экономикалық белсенділіктің бір кеңістікте қатар өмір сүруі», – деп атап өтті Жұмағұлов.
Цифрлық активтер мен дәстүрлі қаржы құралдары – бір шотта
Форумның жеке бір бағыты Freedom экожүйесі аясында криптовалюталық және инвестициялық сервистерді дамытуға арналды. Компания дәстүрлі және цифрлық активтерді брокерлік қызметтің бірыңғай инфрақұрылымында біріктіреді.
«Біз брокерлік шотты криптоәмияндардан тікелей толықтыру мүмкіндігін қаражатты жедел конвертациялау арқылы жүзеге асырдық. Бұл артық қадамдарды алып тастап, инвестициялау үдерісін пайдаланушылар үшін әлдеқайда ыңғайлы етеді», – деп хабарлады Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов.
Компанияның криптокастодиан лицензиясын алуы, клиенттерге цифрлық активтерді дәстүрлі құралдармен бірге бірыңғай шоттың ішінде сақтауына мүмкіндік береді.
«Бұл – әртүрлі активтер класстарын бір экожүйе аясында біріктірудегі маңызды қадам. Алдағы уақытта қолжетімді құралдар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деп қосымша айтты Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы.
Freedom-нан саяхат: миллиондаған отель және билет іздестірудің жаңа алгоритмі
Freedom Holding Corp компаниясының travel-сегменті біртіндеп толыққанды саяхат платформасына айналуда. Жүйеге әлем бойынша шамамен 3,5 миллион орналастыру нысаны, соның ішінде қонақүйлер мен апартаменттер, сондай-ақ авиакомпаниялармен 30-дан астам тікелей интеграция енгізілген. Мамыр айында компания әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған нысандарға қолжетімді қонақүйлер агрегаторын іске қосуды жоспарлап отыр.
«Біз ірі халықаралық платформалармен бәсекелес болғымыз келеді, сондықтан пайдаланушыға делдалсыз барынша тиімді баға ұсыну үшін жеткізушілермен және авиакомпаниялармен тікелей келісімшарттарға басымдық берудеміз», – деп мәлімдеді Freedom Travel компаниясының басшысы Игорь Бойко.
Ол сервиске тек қана бронь жасау қызметі ғана емес, кеңейтілген қызметтер – трансфер, экскурсияжәне визалық қолдау да кіретінін атап айтты.
Сонымен қатар, Бойконың айтуынша, корпорацияның ұшу бағыттарын іздеу және біріктіруге арналған, баламасы жоқ өзіндік алгоритмі бар. Жасанды интеллектіні қолданатын жүйе әртүрлі типтегі әуе тасымалдаушылардың маршруттарын біріктіріп, пайдаланушы үшін ең тиімді нұсқаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Travel-бағыт экожүйе ішіндегі ең ірі сегменттердің біріне айналып, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Freedom Lifestyle басшысы Алексей Лидің сөзінше, 2025 жылдың соңына қарай Freedom Travel-дің Қазақстан нарығындағы үлесі 20%-ға жетті, бұл елдегі әрбір бесінші әуе билеті SuperApp арқылы сатылатынын білдіреді.
Лидің айтуынша, мұндай өсім Freedom Travel тартымды бағаларымен байланысты.
«Қазіргі таңда бізде қазақстандық та, шетелдік те барлық мүмкін әуе компанияларымен тікелей қосылулардың көптеген түрлері бар. Біздің миссиямыз – әлемнің кез келген бағытына әуе билеттерін барынша қолжетімді бағамен ұсыну».
Lifestyle-сервистердің өсуі және жаңа жобаларды іске қосу
Travel бағытынан бөлек, компания lifestyle-экожүйенің өзге де бағыттарын дамытып келеді. Мысалы, азық-түлік жеткізу сервисін белсенді түрде ауқымдап жатыр: 2025 жылы сатылым көлемі екі есеге артты. Алексей Ли онлайн азық-түлік ритейлі нарығы әлі де айтарлықтай бағаланбай отыр деп есептейді. Сондай-ақ ол сервистің географиясы кеңейіп жатқанын атап өтті: компания қазір Қазақстанның үш қаласында жұмыс істейді және Шымкентті қоса алғанда тағы бес қалада іске қосуды жоспарлап отыр. Бұнымен қатар, тауар ассортименті жергілікті және халықаралық жеткізушілермен тікелей келісімшарттар есебінен кеңеюде, соның ішінде Жапония мен Еуропадан өнім импорттау да бар.
Ticketon Қазақстандағы ивент-индустрия нарығында көшбасшы болып қала береді: елдегі барлық іс-шаралардың 90%-ға дейіні осы платформа арқылы өтеді. Сұраныстың артуына байланысты сервис техникалық тұрғыдан да қарқынды дамып келеді: ірі концерттер мен спорттық іс-шараларды қоса алғанда, негізгі шектемелі жүктемелер жүйені жетілдірудің маңызды драйверіне айналуда.
Ауқымын кеңейту мақсатында компания жаңа жобаларды жариялайды:
- Осы көктемде Freedom Food елдің бірнеше қаласында іске қосылады, ал алғашқысы Ақтау қаласы болады.
- SuperApp аясында «Менің денсаулығым» бағыты әзірленіп жатыр, ол цифрлық медициналық сервистерді, дәрігерге жазылуды және дәріханада сатып алуды қамтиды.
- Freedom Holding health-tech бағытын іске қосып жатыр, оған экспресс-генетикалық тестілеу мен дербестендірілген медициналық сервистер кіреді; алдағы уақытта олар экожүйеге біріктірілетін болады.
«Егер бізге классикалық қаржы компаниясы ретінде қарасақ, көп нәрсе шынымен де тосын көрінуі мүмкін. Бізде қатаң вертикаль жоқ. Бағыттарымыз көп. Біз барлық жерде алдыңғы қатарда емеспіз, әрі кейде осыдан бізді дұрыс жасай алмайды деген жылдам қорытынды жасап жатады. Бірақ шын мәнінде біз саналы түрде күшті командалар шешімдерді жылдам әрі жергілікті деңгейде қабылдайтын компания құрып жатырмыз. Мұнда әртүрлі бизнес бағыттары бірін бірі нығайта түседі, ал құндылық бір ғана өнімде емес, олардың арасындағы байланыстарда қалыптасады. Біз – құрылымы күрделі компаниямыз, бірақ бұл үлгі өз тиімділігін нақты көрсетіп отыр», – деп атап өтті Тимур Турлов.