Tatler Asia Қазақстанда Тимур Турловпен серіктестікте басылымды іске қосады
Азияның жетекші медиа платформаларының бірі Tatler Asia қазақстандық белгілі кәсіпкер Тимур Турловпен эксклюзивті лицензиялық серіктестік туралы хабарлайды. Осы әріптестік аясында Tatler Kazakhstan, Tatler Türkiye, Tatler Azerbaijan және Tatler Uzbekistan журналдары шығарылатын болады.
1977 жылдан бастап Tatler оқырмандарға эксклюзивті материалдар мен адамдарды шабыттандыратын, олардың дүниетанымын кеңейтетін және ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін ұмытылмас әсерлерді ұсына отырып, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі ең ықпалды қауымдастықтарды біріктіреді. Tatler Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Таиланд, Макао, материктік Қытай, Тайвань және Вьетнам сияқты тоғыз азия нарығында ұсынылған. Tatler Азия мәдениеті және адамдар туралы айтуға мүмкіндік бере инновациялық медиа шығарады
Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінде журналдарды іске қосу арқылы біз Тимур Турловпен және оның командасымен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Біздің серіктестігіміз Tatler Asia тарихындағы және континент бойынша біздің экспансиямыздағы маңызды кезеңді білдіреді. іздің инновациялық өнімдеріміз бен креативті қызметтерімізді Қазақстанға және өңірдің басқа да елдеріне әкелу үшін қазақстандық командамен тығыз жұмыс істеу мүмкіндігін асыға күтемінTatler Asia директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Мишель Ламуньер
Tatler Kazakhstan бірінші нөмірі 2024 жылдың желтоқсанында сатылымға шығады. Журналдың баспа нұсқасының жылына он саны жоспарланған. Tatler Kazakhstan сайты әлеуметтік желілерде және YouTube аккаунттарын құрумен қатар қазақ және орыс тілдерінде де іске қосылады. Tatler Türkiye 2025 жылы шығады, одан кейін Tatler Azerbaijan мен Tatler Uzbekistan шығаы.
Tatler Kazakhstan, Tatler Türkiye, Tatler Azerbaijan және Tatler Uzbekistan журналдарын Turlov Private Holding Ltd. компаниясы басқарады, ал Турлов Байқау кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
«Әлемдегі ең ежелгі журналдық брендтердің бірі — Tatler біздің команданы және Қазақстанды таңдап алғанын, сондай-ақ Түркі әлемі сияқты үлкен өңірді бізге сеніп тапсырғанын мақтан тұтамыз. Бұл, сөзсіз, түрік өңіріндегі медиа саласындағы көшбасшылыққа дайындығын және кәсібилігін дәлелдеген қазақстандықтардың дарынын мойындау болып табылады. Біз Қазақстанға трендсеттер елі, креативтілік, сән, өмір мен мінез-құлық стандарттарының әлемдік орталықтарының бірі ретінде сенеміз», — деп атап өтті Турлов.
Tatler — Азияның өмірі, мәдениеті мен жетістіктері туралы баяндайтын жетекші медиа-платформалардың бірі. Tatler-дің миссиясы — эксклюзивті материалдар жасау және адамдарды шабыттандыратын, олардың дүниетанымын кеңейтетін және ортақ құндылықтарды біріктіретін ұмытылмас әсерлермен бөлісу. Tatler 1977 жылы құрылған және әрқашан ең жоғары әдеби стандарттар мен инновациялық медиа-стратегияларды ұстанады. Tatler Азияның тоғыз нарығында ұсынылған. Компания
Ламуньер отбасына тиесілі. Қосымша ақпарат алу үшін www.tatlerasia.com. сайтынан қарауға болады.
Дереккөз: https://www.tatlerasiagroup.com/news-articles/tatler-launches-in-kazakhstan