Тимур Турлов Қазақстан президентінің атынан «Парасат» орденін алды

timur turlov

Freedom Holding Corp. негізін қалаушысы және басшысы Тимур Турлов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапат алды. «Парасат» ордені елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін берілді.

Марапатты Тимур Турловқа Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады. «Парасат» ордені ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қызметте елеулі еңбек ісңірген, елдің рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға үлес қосқан азаматтарға немесе адам құқығын қорғау ісіне белсенділік танытқан тұлғаларға берілетін марапат. Биылғы жылы Тимур Турловпен қатар орденді Әділет министрі – Ерлан Сәрсембаев,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы – Асхат Хасенов, председатель правления АО «НК «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы – Талғат Алдыбергенов және мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі – Қанат Ысқақов алды.

Олжас Бектенов, марапатты тапсыра отырып, Қазақстанда 15 наурызда республикалық референдум өткенін, оның қорытындысы бойынша ҚР Жаңа Конституциясы қабылданғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы реформалардың мәні формалды өзгерістерде емес, адамдардың өмір сүру сапасын арттыруда, әділдікті және мемлекетке деген сенімді нығайтуда екенін бірнеше рет атап өткен. Жаңа жағдайда мемлекеттік аппарат пен бизнестің үйлесімді жұмысы ерекше маңызды. Тек осылай ғана реформалардың тұрақты ілгерілеуін және олардың қоғамға нақты қайтарымын қамтамасыз етуге болады», – деді Премьер‑министр.

Тимур Турлов сондай‑ақ референдумда дауыс бергенін айтып, оны Instagram‑да бөлісті. Холдинг басшысы Қазақстан Президенті мен Үкіметі бүгінде цифрландыруды мемлекеттік саясаттың басым бағыты етіп отырғанын, бұл ел үшін үлкен жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Бүгін, үлкен әрі қасиетті мереке – Ораза айт күні, мен мемлекеттік марапат – «Парасат» орденіне ие болдым. Марапатқа ие болу – қашан да қуанышты жағдай. Бұл – атқарған жұмысыңның, еңбегіңнің, талпыныстың бағалануы, Президентіміздің сенімі мен қолдауының белгісі. Сонымен қатар бұл, әрине, өзіңе ой салу сияқты: қабылдаған барлық шешімдерің мен жасаған істерің дұрыс болғанын, олардың адамдарға пайда әкелгенін және туған үйіңді – еліңді көркейту әрі қауіпсіз ету дегенді білдіреді».

«Білесіздер ме, біз осындай керемет те ғажайып уақытта, әрі дәл Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызға мен шын қуаныштымын. Өзгеруден қорықпайтын елде, айналаңда өте мықты да өршіл адамдар бар жерде, расымен де ірі жобаларды жүзеге асыруға барлық тамаша мүмкіндіктер жасалған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция бұл сезімді тіпті күшейте түседі. Мемлекет есеюде, жаңа міндеттемелер қабылдап жатыр, жаңа шектер айқындалуда, әрі мұның бәрі түптің-түбінде бәрімізге жаңа мүмкіндіктер ашатыны анық», – деді Тимур Турлов марапатты табыстау рәсімінен кейін.

«Парасат» ордені – Freedom Holding Corp. басшысы алған алғашқы мемлекеттік марапат емес. 2024 жылдың қазан айында Қазақстанның Премьер‑министрі Олжас Бектенов Тимур Турловты «Құрмет» орденімен марапаттаған болатын. Марапат Қазақстан Республикасы Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаевтың атынан табысталды, ал рәсім Республика күні қарсаңында өтті. Бұл орден елдің әлеуметтік‑экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан қайраткерлерге беріледі.

Басқа жаңалықтар