Freedom Broker клиенттерінің саны бір жылда 1,5 есе өсті

Freedom Holding Corp. еншілес компаниясы — Freedom Finance Global (Freedom Broker) 31 наурызда аяқталған 2026 қаржы жылына арналған қаржылық нәтижелерін жариялады. Негізгі көрсеткіштер: клиенттік базаның және платформадағы операциялар көлемінің өсімі. Қазақстандағы белсенді клиенттік шоттар саны шамамен 50%-ға артып, 315 мыңға жетті. Бір жыл ішінде брокер клиенттері 41 млн операция жасады.
Freedom Finance Global активтері 23%-ға өсіп, $278,4 млн-ға жетті. Негізгі өсім драйвері бағалы қағаздар портфелінің кеңеюі болды — ол 40%-дан астамға артты. Сондай-ақ компанияның меншікті капиталы 40,2%-ға ұлғайып, $180,8 млн құрады. Қаржы жылындағы таза пайда $133,6 млн болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1%-ға ғана төмен. Ал тоқсандық динамика, керісінше, айтарлықтай өсімді көрсетті: 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында таза пайда екі еседен астам өсіп, $35,8 млн-ға жетті. Бұған негізгі үлесті пайыздық және комиссиялық табыстың артуы қосты — тиісінше $28,4 млн және $11,1 млн.
Қазақстан нарығының маркетмейкері
Маркетмейкер — бұл белгілі бір бағалы қағаз бойынша өтімділікті қамтамасыз ететін сауда қатысушысы. Freedom Finance Global Қазақстан қор биржасында сегіз құрал бойынша, Astana International Exchange алаңында 17 құрал бойынша және астаналық халықаралық International Trading System сауда платформасында шамамен 2,8 мың құрал бойынша маркетмейкер ретінде әрекет етеді.
Freedom Broker Қазақстан қор нарығындағы ең ірі қатысушылардың бірі саналады. KASE-тің жыл сайынғы марапаттау рәсімінде компания «Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы» және «Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы» атанды.
Қазақстандықтар қандай акциялар сатып алады?
Freedom Finance Global қазақстандық инвесторлар арасында ең танымал бағалы қағаздар бойынша статистикамен бөлісті. Сарапшылар оларды екі параметр бойынша бағалады: ақшалай мәндегі мәмілелер көлемі және мәмілелер саны.
Мәмілелер көлемі бойынша көшбасшылар, Қазақстан нарығы:
- AltynGold plc (GB_ALTN)
- «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» (KZAP)
- «Қазақстан Халық Банкі» (HSBK)
- «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» (KZAPD)
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» (KMGZ)
Мәміле көлемі бойынша көшбасшылар, американдық нарық:
- Petrobras (PBR)
- Newmont Corporation (NEM)
- Nebius Group N.V. (NBIS)
- Nvidia (NVDA)
- Micron Technology (MU)
Мәміле саны бойынша көшбасшылар, қазақстандық нарық:
- «Қазақстан Халық Банкі» (HSBK)
- «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» (KZAP)
- «Эйр Астана» (AIRA)
- «КазТрансОйл» (KZTO)
- AltynGold plc (GB_ALTN)
Мәміле саны бойынша көшбасшылар, американдық нарық:
- Nebius Group N.V. (NBIS)
- Nvidia (NVDA)
- Micron Technology (MU)
- Microsoft Corporation (MSFT)
- Advanced Micro Devices Inc (AMD)
Жаңа технологиялар
Freedom-ның дамуындағы негізгі бағыттардың бірі — технологиялық жаңғырту. Өткен тоқсанда компания халықаралық бағалы қағаздар саудасына арналған электрондық алаң — International Trading System-пен әріптестігін жалғастырды.
Freedom Finance Global брокерлік шоттар арқылы криптовалютаны толықтыру және шығару қызметін іске қосты. Цифрлық активтер автоматты түрде фиат қаражатына айырбасталады, содан кейін клиенттер оны инвестициялау үшін пайдалана алады. Компания Bitcoin, Ethereum, USDT және USDC-ті қоса алғанда, 11 ірі цифрлық активпен операцияларды қолдайды.
Брокерлік қызмет шеңберінен шығу
Freedom Finance Global — акциялары Nasdaq биржасында саудаланатын Freedom Holding Corp. құрамына кіретін еншілес ұйым. Брокерлік бизнесті дамыту компания стратегиясының негізі болып қала береді, алайда холдинг классикалық қаржы компаниясының шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.
Бүгінде топ 21 елде жұмыс істейді және жаңа нарықтарға кезең-кезеңімен қанатын жаюда. Соңғы жылдары холдинг ауқымды экожүйе қалыптастырды, оның құрамына Freedom Bank, Freedom Finance Global, Freedom Pay, Freedom Telecom, сондай-ақ Freedom Ticketon, Freedom Travel сервистері және басқа да цифрлық жобалар кіреді.
Бизнестің дамуында маңызды рөлді қаржылық және тұтынушылық сервистерді бір қосымшада біріктіретін SuperApp атқарады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша экожүйе мен оның серіктестерінің жалпы пайдаланушыларының саны 11 млн адамнан асты, ал SuperApp аудиториясы 5 млн-нан жоғары болды. Жақын арадағы мақсат — бұл көрсеткішті 8 млн-ға дейін жеткізу.