Freedom Media кореялық KBS радиотелерадиокорпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімге келді

Freedom Media Group пен Оңтүстік Кореяның ең ірі телерадиокорпорациясы KBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асырып, корейлік контентті ілгерілетуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қазақстан әйгілі Music Bank музыкалық шоуының әлемдік тур бағдарламасына қосылуы мүмкін.
Freedom Media Group пен Оңтүстік Кореядағы ең ірі телерадиокорпорация KBS Орталық Азиядағы ынтымақтастық туралы келісімге келді. Компаниялар бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыруды, корейлік контентті таратуды жоспарлап отыр және Қазақстанда Music Bank музыкалық шоуын өткізу мүмкіндігін талқылауда.
Серіктестер меморандумға 15 қыркүйекте Сеулде Қазақстан-Корея бизнес-дөңгелек үстелі аясында қол қойды. Freedom Media Group Оңтүстік Кореядағы серіктестерімен стратегиялық келісімдерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Суктың қатысуымен қол қойды.
Freedom Media мен KBS Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Қазақстанда оңтүстіккореялық контентті бірлесіп дамытуға және кеңінен насихаттауға ниетті. Мысалы, Қазақстан әлемге танымал KBS арнасының жетекші музыкалық бағдарламасы Music Bank-тің әлемдік туры өтетін елдердің қатарына қосылуы мүмкін. Бағдарламаның апта сайынғы шығарылымдарында танымал K-pop орындаушылары мен жас әртістер өздерінің жаңа әндері мен альбомдарын таныстырады, ал эфир соңында музыкалық чарттың жеңімпазы анықталады. Әр жылдары бұл сахнада BTS, BLACKPINK, EXO, TWICE, SEVENTEEN, Stray Kids, NCT, aespa, ENHYPEN, IVE және NewJeans секілді әлемдік жұлдыздармен қатар, өнер жолын енді бастаған жас орындаушылар да өнер көрсетті.
Қазақстан мен Кореяның іскерлік дөңгелек үстелі аясында Freedom Media Group сондай-ақ KT ENA телеарнасымен және Hanlim Arts School өнер мектебімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойғанын жариялады. Серіктестік аясында контент пен телевизиялық форматтар алмасу, бірлескен шоулар әзірлеу және Қазақстанда білім беру жобасын іске қосу жоспарланып отыр.
Freedom Media контенттік бағытын кеңейтуде
Freedom Media Freedom Holding Corp. экожүйесінің lifestyle бағытының маңызды бөлігі болып табылады және стримингтік әрі өзге де медиасервистерді дамытуда. Платформадағы тіркелген пайдаланушылар саны 500 мыңнан асып, қаралымдардың 77%-ы қазақстандық контенттің үлесіне тиесілі.
Сервис қорында 5 мыңнан астам фильм мен сериал, сондай-ақ 100-ден аса телеарна бар. Сонымен қатар Freedom Media спорттық трансляцияларды көрсетіп, Freedom Media Originals авторлық жобалар желісін дамытып келеді. Аудиторияның басым бөлігі Freedom SuperApp арқылы келеді, бұл холдингке қаржылық және күнделікті сервистерді медиаконтентпен бір экожүйеде ұштастыруға мүмкіндік береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Freedom Media-ны дамытуға бағытталған күрделі шығындар 9,2 млн АҚШ долларын құрады. Соңғы бес жылдағы платформаға салынған жиынтық инвестиция көлемі 54 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Жобаның табыстылыққа шығуы 2027 жылдан күтіледі.
Креативті экономикаға инвестициялар
Freedom Holding Corp. Қазақстандағы креативті индустрияларды дамытуға бағытталған бастамаларға да белсенді қатысып келеді. 2025 жылдың қазан айында Freedom Holding Corp., Almaty Creative және VPE Capital Fund Management бірлесіп бастапқы капиталы 21 млрд теңгені құрайтын Creative Capital Fund тікелей инвестициялар қорын құрды.
Қор кино, анимация, музыка, GameDev, IT-жобалар, сәулет, дизайн және цифрлық медиа салаларын қаржыландыруға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, KBS және өзге де кореялық серіктестермен жасалған келісімдер қазақстандық аудиторияның шетелдік контентке қолжетімділігін кеңейтіп қана қоймай, отандық жобалар мен таланттардың халықаралық нарыққа шығуына да жаңа мүмкіндіктер аша алады.