Freedom Holding Corp. акцияларды орналастыру барысында 300 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат алды

Freedom Holding Corp. бір бағалы қағаз үшін 126,35 АҚШ доллары бағасымен 2,3 млн-нан астам акцияны ойдағыдай орналастырылды. Тартылған қаражаттың жалпы көлемі шамамен 300 млн АҚШ долларын құрады. Мәмілеге тек АҚШ-тың резиденті емес инвесторлар ғана қатысты.

«Біз қашанда клиенттерімізбен бірге дамып, ортақ жетістікке қол жеткізген компания болдық. Акцияларды орналастыру барысында тартылған қаражат бизнесті одан әрі дамытып, біздің экожүйеміздің халықаралық нарықтардағы аясын ұлғайтуға жұмсалады. Freedom қызметін жүргізетін өңірлердің барлығында Қазақстандағы командамыз құрған цифрлық инфрақұрылымға деген сұраныс жоғары болып, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді деп нық сенемін.», – деп мәлімедеді Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Нарықта 18 жылғы нәтижелері

Freedom Holding Corp. – акциялары Nasdaq биржасында FRHC тикерімен саудаланатын халықаралық қаржы технологиялық топ. Компания Америка биржасына 2019 жылы шықты, сол кезде бір акцияның құны шамамен 14 АҚШ долларын құраған еді.

18 жылда Freedom брокерлік компаниядан Орталық Азиядағы ең ірі цифрлық экожүйелердің біріне айналды. Қазіргі таңда холдинг Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-ты қоса алғанда, 22 мемлекетте жұмыс істейді, ал оның сервистерін жалпы пайдаланушылар 14 млн-нан астам. Компанияның даму тарихы Стэнфорд бизнес мектебінің МВА студенттерінің зерттеу тақырыбына айналды.

Холдингтің негізін қалаушысы және CEO Тимур Турлов атап өткендей, Freedom компаниясының басты бәсекелес артықшылықтарының бірі – қаржылық, сақтандыру және лайфстайл-сервистерді біртұтас экожүйеге интеграциялау. Тұрақсыздық жағдайында өзгерістерге жылдам бейімделіп, сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге айналдыра алатын компаниялар ұтады.

Жария компанияның мәртебесі корпоративтік басқару мен ашықтықтың жоғары талаптарын орындауды талап етеді. Freedom кеңейтілген қаржылық есептілікті жария етіп, реттеушілердің тарапынан жүргізілетін тексерулерден жүйелі түрде өтіп отырады. Құны шамамен 10 млн АҚШ долларын құрайтын жыл сайынғы Deloitte аудитін 120-дан астам маманнан құралған команда жүргізеді. Сонымен бірге, холдинг АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы тарапынан кешенді тексеруден өтеді, бұл ішкі бақылау және тәуекелді басқару рәсімдерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Маусым айында S&P Global Ratings агенттігі Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингін тұрақты болжаммен «ВВ-» деңгейінде растады. Сондай-ақ «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Europe Ltd., Freedom Finance Global PLC және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ рейтингтері «В+» деңгейінен «ВВ-» деңгейіне дейін көтерілді. Агенттік топтың тәуекел менеджменті мен комплаенс-рәсімдерінің нығайтылғанын атап өтті.

Холдингтің өсу қарқыны қандай факторларға негізделген

Соңғы жылдары Freedom қысқа мерзімді пайданы барынша арттырудан ұзақ мерзімді даму мен әртараптандыруға бағытталған стратегияға көшті. Егер 2022 жылы компанияның түсімінің негізгі бөлігін брокерлік бизнес қамтамасыз еткен болса, бүгінде банк бағыты, сақтандыру қызметтері және лайфстайл-сервистер елеулі үлес қосып отыр.

Осы бағыттағы негізгі жетістіктердің бірі – 2021 жылы 50 млн АҚШ долларына сатып алынған банктің трансформациясы болды. Бірнеше жылда банктің меншікті капиталы шамамен 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайып, клиент қоры 6 млн астам адамға жетті. Банк бүгінде өңірдегі ең цифрландырылған қаржы ұйымдарының бірі ретінде танылып, Қазақстандағы карта арқылы транзакция жүргізуде көлемі жағынан үшінші орынға жайғасты.

Холдингтің басқа бағыттарының жиынтық түсімі 500 млн АҚШ долларына жуықтады. Бір жылда лайфстайл-сервистердің айналымы екі есе артып, 516 млн АҚШ долларын құрады. Freedom Travel Қазақстандағы әуе билеттері нарығының шамамен 30%-ын қамтиды, ал пандемия кезінде сатып алынған билет сервисінің айналымы бүгінде 87 млн АҚШ долларына дейін өсті.

Компания электроника мен шиналарды сатуды, кредит беруді, сақтандыру өнімдерін, медиа сервистерін және телекоммуникациялық инфрақұрылымды әрі қарай дамытуда. Былтыр іске қосылған медиа-платформа пайдаланушыларға Warner, Universal, Paramount, Sony және Disney сияқты әлемдік студиялардың контентін ұсынады. Холдинг телекоммуникациялық бағытты дамыту шеңберінде 220 базалық станция салып, ұялы байланыс нарығына шығатын дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға бағытталған құны миллиардтаған инвестиция

Freedom компаниясының инвестициялық басым бағыттарының бірі – өзінің жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Бұлтты бизнестен келіп түсетін түсім 250 млн АҚШ долларына жетті. Компанияның бағалауынша, болашақта жылына түсім 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаюы мүмкін.

2025 жылы холдинг үшжақты келісімге қол қойды, ол өңірдегі ең ірі жасанды интеллект кластерін құруға құны 2 млрд АҚШ долларына бағаланатын NVIDIA компаниясымен жасалатын келісімшартқа негіз болуы тиіс. Жобаға меншікті қаражаттан қазірдің өзінде жүздеген миллион АҚШ доллары инвестиция құйылды. Шілде айының басында Freedom инфрақұрылымды қаржыландыруды көздейтін Citi компаниясымен меморандумдарға қол қойды.

Қазақстан технологияларды әзірлеп, тестілейтін негізгі алаң болып қала береді, кейін оларды басқа нарықтарға кеңейту жоспарлануда. Енді Freedom шетелдік нарықтарға тек банк және брокерлік өнімдермен ғана емес, сондай-ақ жасанды интеллектіні кеңінен пайдалануға негізделген дайын цифрлық экожүйемен шығады.

Шілде айының басында холдинг Түркияда банк қызметін жүзеге асыруға рұқсат алды. Тимур Турловтың бағалауынша, түрік нарығына шығу компания бизнесін екі еседен астам ұлғайтуы мүмкін. Онымен қатар Freedom Еуропалық одақта, ең алдымен Францияда, банк лицензиясын алумен жұмыс істеп, Азия мен Таяу Шығыс нарықтарын қарастыруда.

Холдингтің стратегиялық мақсаты – аудиториясы болашақта 100 млн адамға дейін, ал кейіннен бір миллиард адамға дейін өсуі мүмкін жаһандық экожүйе қалыптастыру. Шетелдік нарықтарға шығу, цифрлық сервистерді дамыту және жасанды интеллектке ауқымды инвестициялар салу аудиторияның өсуіне негіз болуы тиіс.

Басқа жаңалықтар