Алғашқы инвестициялардан Nasdaq-қа дейін: Тимур Турлов өз капиталын қалай қалыптастырды?

Екі онжылдыққа да жетпейтін уақыт ішінде Тимур Турлов шағын брокерлік компанияны банк, сақтандыру компаниялары, телекоммуникациялық бизнес және өз цифрлық сервистері бар халықаралық холдингке айналдырды. Бүгінде Freedom Holding Corp. Орталық Азия кәсіпкерлері құрған ең ірі жария компаниялардың бірі саналады. Халықаралық бизнесті құру жолында Турловқа көмектескен бес қағида болды. Соларға толығырақ тоқталайық.

2026 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Forbes журналы Тимур Турловтың байлығын шамамен 6,5 млрд АҚШ долларына бағалады. Осы көрсеткішпен ол әлемдегі ең бай адамдардың жаһандық рейтингінде шамамен 600-орынға жайғасты. Сонымен қатар, Турлов Қазақстандағы ең бай әрі ықпалды кәсіпкерлердің қатарына кіреді. Оның капиталының негізгі көзі – өзі құрған Freedom Holding Corp. холдингіндегі шамамен 70%-дық үлесі.

2025 жылы Тимур Турлов Forbes-тың «40 жасқа дейінгі өз еңбегімен миллиардтаған капитал жинаған ең бай кәсіпкерлер» жаһандық рейтингіне енді. Бұл тізімге байлығын мұрагерлікпен емес, өз күшімен қалыптастырған кәсіпкерлердің тарихы енгізілген. Төменде посткеңестік кеңістіктен шыққан кәсіпкерге халықаралық финтех компаниясын құруға көмектескен қағидалармен бөлісеміз.

№1 ереже. Өзгелерден бұрын бастау

Тимур Турловтың қор нарығына деген қызығушылығы мектеп кезінен басталған. Ол атасынан мұра ретінде 800 доллар алып, алғашқы акцияларын сатып алды және биржалық бағамдарды қадағалай бастады.

Кейін Турлов алғашқы тәжірибесінің сәтсіз болғанын еске алған. Ол акциялар бағасы бірнеше есе өспей тұрып-ақ оларды сатып жіберген. Бұл жағдай оған шыдамдылықты үйретті. Кейіннен бұл қасиет инвестор әрі кәсіпкер ретіндегі қызметінде маңызды рөл атқарды.

16 жасында-ақ ол америкалық World Capital Investments инвестициялық компаниясының Мәскеу бөлімшесінде трейдер болып жұмыс істей бастады. Кейін «Юниаструм Банкте» АҚШ қор нарығына қолжетімділік инфрақұрылымын дамытуға атсалысты.

№2 қағида. Дағдарыстарды мүмкіндік ретінде пайдалану

2008 жылы әлемдік нарықтар тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыстардың бірін бастан өткеріп жатқан кезде, Тимур Турлов өзінің «Фридом Финанс» брокерлік компаниясын құрды.

Кейін кәсіпкердің өзі: «Бізге ең көп көмектескен нәрсе – бастан өткерген ең ауыр дағдарыстар болды. Егер бұл тек сенің компанияңа емес, айналадағы бүкіл ортаға әсер ететін жаһандық дағдарыстар болса, онда кез келген кәсіпкер үшін бұл үлкен мүмкіндік», деген болатын.

Компания инвесторларға АҚШ акциялар нарығына қолжетімділік ұсынуға басымдық берді. Ол кезде бұл бағыттағы нарықтық кеңістік әлі толық игерілмеген еді. Нәтижесінде дәл осы брокерлік бизнес кейін болашақ холдингтің берік іргетасына айналды.

№3 қағида. Бизнесті қорғау емес, оны кеңейту

Тимур Турловтың негізгі ұстанымдарының бірі үздіксіз даму болды. 2012 жылы компания Қазақстан нарығына шықты. Уақыт өте келе брокерлік бизнестің айналасында жаңа бағыттар қалыптасты: банк қызметтері, сақтандыру, инвестициялық платформалар және lifestyle-сервистер.

«Қорғанысқа көшу өте нашар стратегия. Әрдайым шабуылдаған дұрыс. Бір нәрсені қорғағаннан гөрі, оны кеңейтуге ұмтылған әлдеқайда тиімді. Егер біз консервативті болғанымызда, ешқандай жетістікке жете алмас едік», деген еді Турлов.

Freedom Holding Corp. үшін маңызды кезеңдердің бірі 2019 жылы Nasdaq биржасына шығу болды. Холдинг әлемдегі ең ірі технологиялық биржада листинг алған өңірдегі алғашқы қаржы компанияларының біріне айналды. Биржаға шыққан сәттен бастап компания акцияларының құны бір акция үшін шамамен 14 доллардан 10 еседен астам өсті.

№4 қағида. Ақшаны жинақтамай, қайта инвестициялау

Тимур Турлов бірнеше рет «өлі ақшаны» ұнатпайтынын және капиталды жаңа жобаларды дамытуға салуды жөн көретінін айтқан.

«Менің байлығым – бизнеске салған ақшам. Ақшаны қозғалыссыз қалдырудан асқан қате жоқ».

Дәл осы ұстанымның арқасында Freedom Holding Corp. кәдімгі брокерлік компаниядан әртараптандырылған экожүйеге айналды. Холдинг банк секторына, сақтандыруға, электрондық коммерцияға, телекоммуникацияларға, бұлтты технологияларға және жасанды интеллектке үздіксіз инвестиция салып келеді. 2026 қаржы жылының қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. активтері 13 миллиард доллардан асты, ал компанияның түсімі 2,19 миллиард долларға жетті.

№5 қағида. Бизнесті сенімге негіздеу

Тимур Турловтың пікірінше, кез келген компанияның ең құнды активі – сенім.

«Ақшаны жоғалту қорқынышты емес, сенімді жоғалту қорқынышты. Өйткені адамдардың сенімі болса, жаңа қаржы көздерін әрдайым табуға болады».

Сондықтан холдинг АҚШ, Еуропа, Қазақстан және басқа да елдердің реттеуші органдарымен өзара іс-қимыл жасап, қаржылық есептілігін тұрақты түрде жариялап отырады. Бизнес-процестердің ашықтығы мен тиімді комплаенс жүйесінің арқасында компания халықаралық капитал нарықтарының талаптарына сәйкес келеді және ірі институционалдық инвесторларды тарта алады. Freedom Holding Corp. акционерлерінің қатарында BlackRock, Morgan Stanley, J.P. Morgan сияқты халықаралық инвестициялық компаниялар және басқа да инвесторлар бар.

Freedom Holding Corp. бүгін қандай компанияға айналды?

Freedom Holding Corp. бүгінде әлемнің 20-дан астам елінде жұмыс істейтін халықаралық экожүйе болып табылады. Оның құрамына брокерлік бизнес, банк, телекоммуникация қызметтері, сақтандыру компаниялары, билет сату операторы, саяхат сервистері, азық-түлік жеткізу қызметі және көптеген lifestyle-жобалар кіреді.

Компанияның экожүйесі клиенттердің инвестициялау, қаржылық қызметтерді пайдалану, сақтандыру рәсімдеу, байланыс қызметтеріне қосылу, сапарларды жоспарлау және күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі сервистерді бір платформада алуына мүмкіндік береді.

2026 жылы халықаралық S&P Global Ratings агенттігі Freedom Holding компаниясының бірқатар еншілес ұйымдарының рейтингтерін «BB-» деңгейіне дейін көтерді. Агенттік тәуекелдерді басқару мен комплаенс жүйесінің едәуір жетілдірілгенін ерекше атап өтті. Оның бағалауынша, холдинг қызмет ететін барлық елдерде санкциялық, реттеушілік, беделдік және кибертәуекелдерді бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастырған.

Freedom Holding халықаралық бизнесінің ауқымы компанияның әртүрлі елдердегі реттеуші талаптарды қатаң сақтауын талап етеді. Компания қызметі тұрақты түрде қадағалаушы органдардың тексеруінен өтеді, ал қаржылық есептілігі әлемдегі ең ірі аудиторлық компаниялардың бірі Deloitte тарапынан тәуелсіз аудиттен өткізіледі.

Басқа жаңалықтар