Freedom Broker клиенттерінің белсенділігінің өсуі арқасында тоқсандық кірісін шамамен 68%-ға ұлғайтты

Freedom Broker

Freedom Broker

Freedom Broker 2027 қаржы жылғы I тоқсанның қорытындысын жариялап, кіріс пен клиенттер қорының тұрақты өскенін көрсетті. Осы тоқсандағы брокерлік компанияның негізгі драйверлері: белсенді инвесторлар санының артуы, цифрлық сервистердің дамуы және брокердің технологиялық инфрақұрылымының нығаюы.

Бизнестің кеңеюі

2027 қаржы жылының I тоқсанының қорытындысы бойынша Freedom Broker клиенттері 19,6 мыңнан астам жаңа брокерлік шот ашып, бағалы қағаздармен 8,4 миллионнан астам мәміле жасады. Қазіргі таңдағы клиент шоттарының жалпы саны 333,4 мыңға жетті.

Компанияның жиынтық кірісі бір жыл ішінде 67,5%-ға өсіп, өткен жылғы 136,1 млн АҚШ долларынан 227,9 млн АҚШ долларына жетті. Акционерлерге 40 млн доллар көлемінде дивиденд төленгеніне қарамастан, меншікті капитал 17,1%-ға артып, 211,7 млн АҚШ долларына жетті.

Тоқсан соңындағы активтер көлемі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 278,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл компанияның қаржылық жағдайының орнықтылығын көрсетеді.

Брокер цифрлық сервистер мен инфрақұрылымды дамытуда

Компания қолдау көрсетілетін криптовалюталар санын 3-тен 11-ге дейін ұлғайтты. Енді клиенттер цифрлық активтерін тікелей брокерлік шотта сақтай алады, ал криптоактивтерді пайдалана отырып, шотты толтыру және қаражатты шығару қызметтері пайдаланушылардың кеңірек тобына қолжетімді болды.

Брокер International Trading System (Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясындағы халықаралық сауда алаңы) платформасымен ынтымақтастығын нығайтып келеді. Бұл компанияға мәмілелерді орындау жылдамдығын арттырып, клиенттердің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Freedom Broker KASE, AIX және ITS биржаларында маркетмейкер ретінде жұмысын жалғастырды.

Компания инвестициялық банкинг саласында «Қазақстан темір жолы» АҚ еурооблигацияларын AIX биржасында орналастыруға қолдау көрсетті, сондай-ақ Қазақстанның ең ірі құрылыс компаниясы BI Development Ltd. компаниясының 18,9 млрд теңге көлеміндегі теңгелік облигацияларын орналастыруды ұйымдастырды.

Халықаралық рейтингтер компанияның сенімділігін растады

Маусымның соңында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Freedom Finance Global компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен BB- деңгейіне дейін көтерді. Сонымен бірге, компания KPMG Tax and Advisory тәуелсіз аудитінен сәтті өтті. KPMG салық, құқық және консалтинг салаларында кәсіби қызмет көрсететін әлемдегі «үлкен төрттік» компанияларының бірі. Тексеру компанияның ішкі бақылау жүйесінің комплаенс саласындағы халықаралық талаптарға, соның ішінде FATF ұсынымдарына, ақшаны жылыстатуға қарсы еуропалық стандарттарға және тәуекелді басқарудың үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкестігін растады.

Түркия мен Қазақстандағы мәмілелер

Осы жазда Freedom Holding Corp. Turkish Bank A.Ş. акцияларының 99,32%-ын сатып алуды аяқтады, мәміле жабылғаннан кейін банк Freedom Bank A.Ş. болып қайта аталды. Жаңа банк холдингтің Түркия нарығындағы қаржылық сервистер экожүйесін дамытуға негіз болады, мұнда Қазақстанда іске асырылып қойған модель бойынша банктік, инвестициялық және төлем өнімдерін біріктіру жоспарланып отыр

Холдинг халықаралық серіктестіктерін әрі қарай дамытуда: шілде айында Freedom Tencent, Ant International, Alibaba Cloud, Baidu және Geely сияқты ең ірі қытайлық технологиялық компаниялармен бірқатар келісімге қол қойды. Ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды: трансшекаралық төлемдерді дамыту, бұлтты технологиялар, жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым, бұл серіктестік болашақта Freedom Holding Corp. экожүйесінің және оның клиенттерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар