Freedom Holding-ке қарсы шыққан шорт-сатушыға алаяқтық үшін 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

Акцияларды шортқа сатумен айналысатын Citron компаниясының басшысы Эндрю Лефтке қор нарығындағы алаяқтық үшін 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

2023 жылы Citron және Hindenburg Research шорт-сатушылары Freedom Holding Corp. компаниясына қарсы шығып, оған қатысты айыптаулар жариялаған болатын. Алайда Deloitte аудиттік компаниясы мен тәуелсіз заңгерлік ұйымдар – Forensic Risk Alliance және Morgan Lewis & Bockius LLP жүргізген тексерулер бұл айыптаулардың жалған екенін және Freedom Holding Corp. компаниясының заң талаптарына сәйкес жұмыс істейтінін анықтады.

Freedom Holding Corp.-тан бөлек, Citron АҚШ-тың ең ірі компанияларының бірі саналатын Tesla мен NVIDIA акцияларына да шабуыл жасаған. Citron компаниясын басқаратын Эндрю Лефт өзінің шорт-сатушы екенін және танымал компаниялардың акцияларының құлдырауына бәс тігетінін жасырмаған.

2023 жылы Citron Freedom Holding Corp.-ты нарықты манипуляциялады және санкциялық комплаенс талаптарын бұзды деп айыптаған болатын. Freedom компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.

2026 жылғы маусымда Reuters басылымы АҚШ-тағы алқабилер сотының Citron басшысын бағалы қағаздар нарығындағы алаяқтыққа кінәлі деп танығанын хабарлады.

Эндрю Лефтке қатысты қылмыстық іс 2024 жылы басталған. Сол кезде АҚШ билігі Citron басшысы нарықты манипуляциялап, инвесторларды жаңылыстырған деп мәлімдеген еді. Ал Эндрю Лефт өз кінәсін мойындамаған.

2026 жылғы маусымда алқабилер Эндрю Лефтті бағалы қағаздармен байланысты алаяқтық схемасын ұйымдастырды деп кінәлі деп таныды. Сондай-ақ оған нақты мәмілелерге қатысты қосымша 16 айыптың 12-сі бойынша да кінә тағылды. АҚШ Әділет министрлігінің өкілінің мәлімдеуінше, қалған төрт айып бойынша ол ақталды.

Негізгі айып бойынша Эндрю Лефтке 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, ал қосымша 12 эпизодтың әрқайсысы бойынша 20 жылға дейін түрме жазасы қаупі төніп тұр. Соңғы үкімді жариялау 2026 жылғы 31 тамызға белгіленген.

Citron-нан бөлек, 2023 жылы Freedom Holding Corp. басқа шорт-сатушылардың – Hindenburg Research компаниясының да «аюлы» шабуылына ұшырады. Олардың мақсаты да Citron сияқты акция бағасының төмендеуінен пайда табу болды.

2023 жылғы 15 тамызда Hindenburg Research Freedom Holding Corp.-ты санкцияларды айналып өтті, ал Тимур Турловты «Цифра банк» пен «Цифра брокер» сияқты Ресей активтерін бақылап отыр деп айыптаған есеп жариялады . Сондай-ақ есепте компания нарықты манипуляциялады және қаржылық есептіліктегі деректерді бұрмалады деген мәлімдемелер де қамтылды.

Алайда Hindenburg акциялардың бағасын ұзақ уақытқа төмендете алмады: шабуылдың ең қызған кезеңінен кейін небәрі бірнеше күн ішінде Freedom Holding акцияларының құны 15%-ға өсті. Сарапшылардың пікірінше, бұл шорт-сквиздің орын алуымен байланысты болды: акция бағасы әрі қарай төмендейді деп есептеп, қысқа позиция ашқан инвесторлар оларды кері сатып алу арқылы жабуға мәжбүр болып, шығынға ұшырады.

Мұның бірнеше себебі болды. Біріншіден, Hindenburg Research акция бағасының төмендеуіне бәс тігетін шорт-сатушы ретінде бұрыннан танымал болғандықтан, көптеген инвесторлар оның есебіне аса мән берген жоқ. Екіншіден, Freedom Holding Corp. пен оның негізін қалаушы Тимур Турлов шорт-сатушылардың айыптауларын жоққа шығаратын мәлімдемемен дереу шықты.

Атап айтқанда, Тимур Турлов холдинг 2022 жылы Ресейдегі активтерін сатқаннан кейін Freedom компаниясының Ресейдегі бизнестен толықтай бөлінгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, компания санкцияларға іліккен жеке тұлғалар мен ұйымдарға қызмет көрсетпейтінін атап өтті. Freedom Holding Corp.-тың аудиторы саналатын «үлкен төрттікке» кіретін Deloitte компаниясы холдинг қызметінің өзі жұмыс істейтін барлық юрисдикциялардағы санкциялық талаптарға сәйкес келетінін растады.

2024 жылы Forensic Risk Alliance және Morgan Lewis & Bockius LLP заңгерлік фирмалары жүргізген тәуелсіз тексеру де холдингке тағылған айыптаулардың негізсіз екенін көрсетті. Тәуелсіз заңгерлер холдинг операцияларында қажетті бақылау және комплаенс рәсімдерінің сақталғанын растады.

Тексеру сондай-ақ холдингте санкциялық комплаенстің тиімді жүйесі және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес (AML) рәсімдері бар екенін анықтады. Бұл Тимур Турловтың және Deloitte компаниясының мәлімдемелерін растады. Тексеру нәтижелері АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) сайтында жарияланған.

Hindenburg Research компаниясы 2025 жылғы қаңтарда жұмысын тоқтатты. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жобаның жабылуына қылмыстық қудалаудан қауіптену себеп болуы мүмкін деген болжам айтады.

Ал Freedom Holding Corp., керісінше, өз бизнесін одан әрі дамытуды жалғастырды және аталған шабуылдан кейін негізгі қаржылық әрі қаржылық емес көрсеткіштері бойынша өсім көрсетті. Компанияның мәліметінше, 2024 қаржы жылында (2023 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 31 наурызға дейін) түсім көлемі 1,64 млрд АҚШ долларын құраған болса, үш жылдан кейін бұл көрсеткіш 2,19 млрд долларға жеткен. Холдингтің активтері 2024 қаржы жылында 8,3 млрд доллар болса, 2026 жылы –13,6 млрд долларға дейін өскен.

Freedom Holding Corp. клиенттерінің саны да жыл сайын артып келеді. 2023 жылы Freedom банкінің пайдаланушыларының саны 903,5 мың адамды құраса, брокерлік шоттар саны 530 мың болған. Қазіргі уақытта банктік сегменттегі клиенттер саны 5 миллионнан асты, ал брокерлік бағытта 858 мың клиент бар. 2024 жылы Freedom SuperApp іске қосылды. Ол 2025 жылға қарай Қазақстандағы ең көп жүктелген қосымшаға айналды. Қосымшада Freedom цифрлық экожүйесінің кең ауқымды қызметтері біріктірілген.

Бүгінде SuperApp пайдаланушыларының саны 5 миллионнан асады.

Шорт-сатушылардың шабуылынан кейін үш жыл өткен соң Freedom Holding Corp. әлемнің 20-дан астам елінде жұмыс істейтін және бизнестің 30-дан астам бағытын қамтитын толыққанды цифрлық экожүйеге айналды. Компания банкинг, брокерлік қызметтер мен сақтандырудан бастап, лайфстайл сервистеріне, медициналық қызметтерге және телекоммуникация саласына дейінгі кең ауқымда қызмет көрсетеді.

Басқа жаңалықтар