Технологиялар, инфрақұрылым және адами капитал: Қазақстанның экономикалық өсімін не қолдап отыр

Қазақстан Еуразиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі болып қала береді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) деректеріне сәйкес, Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,5%-ға өсті. ЕҚДБ 2026 жылы ЖІӨ өсімі 4,7%, ал 2027 жылы 4,5% деңгейінде болады деп күтуде. Сонымен қатар ұйым Қазақстанға шамамен 12,8 млрд доллар инвестиция салған, бұл елді Орталық Азиядағы ЕҚДБ инвестицияларының ең ірі алушысына айналдырады.

Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және БҰҰ да алдағы жылдары Қазақстан экономикасының өсімі шамамен 4,6–4,8% деңгейінде болады деп болжайды. Салыстыру үшін айтсақ, қазіргі уақытта әлемдік экономика жылына орта есеппен 2–3% қарқынмен өсіп келеді.

Қазақстан экономикасының тұрақтылығы бірнеше фактордың үйлесіміне негізделген: инфрақұрылымға инвестиция салу, технологияларды дамыту және адами капиталдың өсуі.

Қазақстанның халықаралық логистикадағы позициялары нығаюда

Қазақстан Еуразиядағы логистикалық және технологиялық хаб ретіндегі позицияларын нығайтып келеді. Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуы, көлік инфрақұрылымына салынған ауқымды инвестициялар және Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы көлемінің артуы халықаралық бизнес пен жаңа экспорттық бағыттар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуде.

Қазақстан көлік, логистика және өнеркәсіптік инфрақұрылымға инвестиция салуда. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бағалауынша, экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ірі инфрақұрылымдық жобалар, құрылыс саласының дамуы және инвестициялық белсенділіктің артуы болды.

Қазақстанның географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Бұл елге Еуропа мен Азия арасындағы негізгі логистикалық тораптардың біріне айналуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шикізаттық емес салалардың маңызы артып келеді. Халықаралық валюта қорының 2026 жылдың жазында Қазақстанға жасаған миссиясы сапарының қорытындысы бойынша ішкі сұраныс, инвестициялар және мұнайға қатысы жоқ секторлардың дамуы экономикалық тұрақтылықтың негізгі көздері болып қала беретінін атап өтті.

Жасанды интеллектке арналған инфрақұрылым — экономиканың жаңа драйвері

Соңғы жылдары Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі ІТ-хабқа айналды. Елордада мыңдаған технологиялық компанияларды біріктіретін халықаралық IT-стартаптар технопаркі — Astana Hub ашылды.

Күзде мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды. Бұл құжат елімізде жасанды интеллектіні әзірлеу мен пайдаланудың қағидаттарын жүйелі түрде реттейді.

Ел жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған жобалар желісін қалыптастырып жатыр. Жазда Freedom Holding Corp. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және америкалық Citi банкімен әлемдік деңгейдегі AI-кластер — Freedom AI Super Cluster құру туралы үшжақты меморандумға қол қойды.Бұл жасанды интеллекттің жұмысын қамтамасыз ететін есептеу қуатын беретін GPU графикалық процессорларын пайдалануға негізделген инфрақұрылымдық жоба болып табылады.

Тағы бір стратегиялық міндет — Freedom Holding Corp. пен Nvidia бірлесіп салып жатқан ұлттық AI-хабты құру. Инвестиция көлемі шамамен 2 млрд АҚШ долларына бағаланады. Хаб елді жоғары өнімді есептеу қуаттарымен қамтамасыз етіп, жасанды интеллект саласындағы өз шешімдерін әзірлеуге негіз болады.

Сонымен қатар деректерді сақтау және өңдеу инфрақұрылымы да дамып жатыр: Freedom Holding Corp. Еуразиядағы ең ірі Akashi Tier IV деңгейлі дата-орталығының құрылысына инвестиция салуда. Tier IV — халықаралық сенімділік стандарттарының ең жоғары деңгейлерінің бірі. Мұндай нысандар бұлтты сервистердің, ірі тілдік модельдердің және заманауи цифрлық платформалардың жұмыс істеуі үшін қажет.

ChatGPT Edu бағдарламасымен бірлескен жоба аясында Freedom экожүйесі ел бойынша 165 мың мұғалімге жасанды интеллект негізіндегі білім беру құралдарына қолжетімділік берді. Бұл өңірдегі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі ең ірі жобалардың бірі болып саналады.

Freedom Nokia компаниясымен бірлесіп Кремний алқабында зерттеу зертханасын іске қосты. Бұл алаң телекоммуникациялар, жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы жобалармен айналысады. Мұндай тәсіл озық әлемдік технологияларды Қазақстанның экожүйесін дамытуға енгізуге мүмкіндік береді. Компанияның бас атқарушы директоры Тимур Турловтың айтуынша, технологиялар біртіндеп Қазақстанның жаңа экспорттық өніміне айналып келеді.

Бұдан бөлек, холдинг жоғары технологиялар саласындағы қатысуын кеңейтіп жатыр. Топ құрылымында Freedom AI Ltd. компаниясы жұмыс істейді. Ол жасанды интеллектіні қаржылық сервистерге, клиенттік өнімдерге және ішкі бизнес-процестерге енгізумен айналысады. Компания цифрлық инфрақұрылымға да инвестиция салуда. «Транстелекомды» дамыту арқылы Freedom деректерді беру желілерін жаңғыртуға және өңірлердің цифрлық байланысын кеңейтуге қатысады.

Цифрлық сервистер экспорты

Қазақстан экономикасының тағы бір ерекшелігі – жаңа өнімдер мен сервистерді жылдам бейімдеп, енгізе білу қабілеті. Бұған қаржы саласы жарқын мысал бола алады. Қазақстан қолма-қол ақшасыз төлемдер мен мобильді банкингті дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында. Ұлттық банктің деректері бойынша, қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 85%-дан асады, ал қаржылық қызметтердің басым бөлігі онлайн қолжетімді. Бұл жаңа цифрлық сервистер мен финтех-өнімдерді іске қосу үшін қолайлы орта қалыптастырады.

Бұл үрдіс кері бағытта да жұмыс істейді: өңірде құрылған бизнес-модельдер басқа елдерге де сәтті масштабталуда. Freedom өз қызметін Қазақстандағы брокерлік бизнес ретінде бастап, кейін қаржылық және цифрлық сервистерді біріктіретін халықаралық экожүйеге айналды. Бүгінде холдинг Орталық Азия, Кавказ, Еуропа және АҚШ елдерін қоса алғанда, әлемнің 22 мемлекетінде жұмыс істейді. Клиенттер саны 14 миллион адамнан асады.

Соңғы жылдары Freedom халықаралық қатысу аясын белсенді түрде кеңейтті. Холдинг брокерлік платформаға инвестиция салу арқылы Түркия нарығына шықты және өңірде банк құру жұмыстарын бастады. Сондай-ақ Францияда банктік лицензия алуға өтінім беру арқылы Еуропадағы қатысуын күшейтіп, осы бизнесті дамытуға шамамен 500 млн еуро инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Басты артықшылық – адамдар

Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов Қазақстанның басты артықшылықтарының бірі ретінде адами капиталды атайды. Оның айтуынша, Қазақстанда «көп энергия, өзгеріске ұмтылыс, бизнес құруға, еңбек етуге, жаңа мамандықтар мен технологияларды меңгеруге деген ниет бар».

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан адами капиталдың жаһандық рейтингінде 42-орынға көтерілді. Елдің көрсеткіштері табыс деңгейі ұқсас мемлекеттерге тән нәтижелерден жоғары. Сарапшылар күшті жақтардың қатарында білім беру жүйесін, жұмыс күшінің дағдыларын және еңбек өнімділігін одан әрі арттыру әлеуетін атап өтеді.

Бұл рейтинг елдің білім беру мен денсаулық сақтау салаларына салынған инвестицияларды болашақтағы экономикалық нәтижеге қаншалықты тиімді айналдыра алатынын көрсетеді. Адами капитал көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, жаңа буын мамандарының жоғары қосылған құн қалыптастыру және экономиканың ұзақ мерзімді өсімін қамтамасыз ету ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Бұл үрдісті Freedom Holding Corp. экожүйесінің клиенттері туралы деректер де айқын көрсетеді. Бұл аудиторияның бейнесі елдің жаңа экономикасын кімдер қалыптастырып жатқанын көрмсетеді. Пайдаланушылардың шамамен 20%-ы 18–24 жас аралығында, 26%-ы – 25–35 жас аралығында, ал тағы 27%-ы – 36–50 жас аралығында. Осылайша, аудиторияның төрттен үшіне жуығын еңбекке ең қабілетті әрі белсенді жастағы адамдар құрайды.

Клиенттердің басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент және елдің басқа да ірі қалаларында тұрады. Бұл адамдар күнделікті цифрлық сервистерді, онлайн төлемдерді, инвестициялық құралдарды, маркетплейстерді және заманауи қаржылық өнімдерді пайдаланады. Олар үшін технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған.

Басқа жаңалықтар