Қазақстан Евразиядағы инвестициялық хаб ретінде: неге елге шетелдік капитал тартылуда

Соңғы онжылдықтарда Қазақстан 451 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты. Дамыған экономикалар өсімнің баяулауына және нарықтардың қызып кетуіне тап болып жатқан кезде, инвесторлар назарын дамушы елдерге аударуда. Шетелдік инвестициялар көлемі елдің ЖІӨ-нің жартысынан асқан Қазақстан бұл трендтің негізгі бенефициарларының біріне айналды. Freedom Holding Corp. компаниясы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын қалай арттырып жатқанын баяндап береміз.
БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі UNCTAD конференциясының деректеріне сәйкес, Қазақстан экономикасындағы жинақталған тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі $151,3 млрд долларға жетті – бұл ЖІӨ-нің 52%-ын құрайды. Қазақстанға өңірдегі барлық шетелдік инвестициялардың шамамен 69%-ы тиесілі, бұл елді Орталық Азиядағы халықаралық капитал үшін негізгі арнаға айналдырады. Жаһандық инвесторлар үшін бұл тек экономиканың ауқымын ғана емес, сондай-ақ институционалдық ортаның тұрақтылығын, дамыған инфрақұрылымды және Еуразияның ірі нарықтарына қолжетімділікті көрсетеді.
Негізгі инвесторлар
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан 451 млрд доллардан шетелдік инвестиция тартты. Тек 2025 жылдың өзінде тікелей шетелдік инвестициялар ағыны шамамен $20,4 млрд-ты құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артты.
Ең ірі шетелдік инвестор ретінде Нидерланд қалып отыр – осы юрисдикция арқылы халықаралық корпорациялар Қазақстандағы ірі жобаларға инвестицияларын құрылымдайды. Қытай, Катар, БАӘ және Сауд Арабиясы тарапынан қызығушылық та белсенді түрде артып келеді.
Орталық Азияның логистикалық торабы
Елдің басты артықшылықтарының бірі – оның географиялық орналасуы. Қазақстан Қытай, Ресей, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияның арасында орналасқан, бұл оны маңызды транзиттік және логистикалық торапқа айналдырады.
Сонымен қатар, ел көлік хабы ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Сыртқы сауда айналымының $143,9 млрд-қа дейін өсуі Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграцияланғанын көрсетеді. Freedom Holding Corp. бұл трендке теміржол және авиациялық логистиканы дамыту, жүк инфрақұрылымына инвестиция салу арқылы кірігіп отыр.
Сәуір айында компанияның негізін қалаушы Тимур Турлов жүк тасымалдауумен айналысатын Trans Logistics теміржол операторының 60% үлесін сатып алды. Жыл басында кәсіпкер KTZ Air Cargo жүк әуе тасымалдаушысының тең иесіне айналды. Бұл компанияны құру қажеттілігі туралы Қазақстан президенті айтқан болатын. Бұған дейін холдинг Қарағандыдағы «Сары-Арқа» үлесін сатып алған. Әуежайды дамыту бағдарламасы аясында жүк тасымалы көлемін 10 еседен астамға – 15 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
ЖИ және технологияларға сұраныс
Параллель түрде технологиялық бағыт дамып келеді. Qazaqstan Investment Corporation қатысуымен венчурлық қорлар стартаптарды қаржыландыруда.
Freedom Holding Corp. цифрлық инфрақұрылымдағы позицияларын нығайтуға да ықпал етуде. Холдингтің ірі жобаларының бірі Астана қаласында China Mobile қатысуымен салынатын Akashi Data Center болды. Сонымен қатар компания «Инновациялық технологиялар паркі» аумағында 175 млрд теңгеге дейін инвестициямен Freedom Cloud бұлттық платформасын дамытып жатыр. Деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан арқылы Еуропа мен Қытай арасындағы транзиттік деректерді беру арнасын пайдаланады.
2026 жылы корпорация АХҚО-да Freedom AI Ltd компаниясын тіркеді, ол Nvidia серіктестігімен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.
Қай салаларға инвестициялар бағытталуда
Инвесторларды дәстүрлі түрде шикізат секторы тартуды жалғастыруда. Соынмен қатар компаниялар өңдеуші өнеркәсіпке де белсенді түрде кіріп жатыр – 2025 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 30,6 трлн теңгеге жетті.
Дамудың тағы бір бағыты – агроөнеркәсіптік сектор. Қазақстан Еуразиядағы экспорттық аграрлық хаб рөліне ұмтылуда, ал жаңа инвестициялық қорлар өндірісті, сауданы дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға бағытталған.
Дамушы нарықтар – назарда
Инвесторлар американдық акцияларға капиталдың шамадан тыс шоғырлануын қайта қарап, өсімнің жаңа нүктелерін іздеуде, бұл туралы JPMorgan Chase және халықаралық қаржы компаниясы Lazard Asset Management шолуларында айтылған.
Бұған себептердің бірі – экономикалық өсімнің жоғары қарқыны. JPMorgan болжамынша, дамушы елдердің экономикалары демографиялық артықшылықтар, ішкі тұтынудың өсуі, инфрақұрылымға және цифрлық экономикаға инвестициялар есебінен дамыған елдерден озып түседі.
АҚШ нарығының көпжылдық өсуінен кейін де дамушы елдердегі компаниялардың акциялары әлі де елеулі дисконтпен саудаланып жатыр. Ірі қорлар бұл жағдайды капиталды қайта бөлу үшін пайдалана алады.
Қазақстан – капитал импорттаушы ел
Орталық Азия әзірге дербес инвестициялық өңір ретінде сирек қарастырылғанымен, Қазақстан инвесторлардың назарын барған сайын көбірек аударып келеді. Lazard шолуында ел Түркия және Египетпен қатар реформалар белсенді жүргізіліп жатқан ең тартымды нарықтардың бірі ретінде аталған.
Сонымен қатар, Қазақстан капитал импорттаушы ел болып қала береді: шетелдік инвестициялар көлемі қазақстандық компаниялардың шетелге салған инвестицияларынан шамамен 8–9 есе жоғары. Дәл осы айырмашылық халықаралық бизнестің ел экономикасына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Алдағы жылдары Қазақстан үкіметі кемінде $150 млрд жаңа тікелей шетелдік инвестиция тарту және 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есеге ұлғайту міндетін қойып отыр.