Freedom Holding Corp. $300 млн көлемінде SPO-ны іске қосады

Freedom Holding Corp. $300 млн-ға дейінгі сомаға қосымша акциялар орналастыру (SPO) туралы жариялады. Орналастыруға қатысуға өтінімдер қабылдау 2026 жылғы 15 маусымда басталды. Орналастыру АҚШ-тан тыс жерде жүзеге асырылады және америкалық инвесторлардың қатысуын қарастырмайды.

Инвесторларға холдингтің бағалы қағаздарын 11 маусымдағы сауда жабылу бағасына қатысты 10% жеңілдікпен сатып алу ұсынылады. SPO дайындығы туралы бұған дейін компанияның негізін қалаушы және бас директоры Тимур Турлов мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, тартылатын қаражат бизнесті халықаралық деңгейде одан әрі кеңейтуге бағытталады.

Freedom не үшін капитал тартады

Бүгінде Freedom Holding 21 елде, соның ішінде АҚШ-та, Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінде қызмет етеді. Тимур Турловтың айтуынша, жаңа орналастыру көлемі компания акцияларының жалпы санының шамамен 3%-ына тең, ал холдингтің free float үлесі шамамен 30%-ды құрайды. Компанияның нарықтық капитализациясы шамамен $8,5 млрд деңгейінде бағаланады.

Холдинг басшысы атап өткендей, Freedom дәстүрлі түрде ашық компания ретінде дамып келеді, ал қазіргі орналастыру экожүйені ауқымды түрде кеңейтуді жеделдетіп, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беруге тиіс.

SPO-ға қатысу үшін өтінімдерді брокерлік шоттары бар инвесторлар бере алады, АҚШ азаматтарынан басқа. Сұраныс жоғары болған жағдайда компания аллокация механизмін қолдануы мүмкін, яғни, қатысушылар арасында қағаздарды пропорционалды түрде бөліп, инвесторлар аясын кеңейтуге ұмтылады.

Не себептен Тимур Турлов FRHC-тің әрі қарай дамуына сенеді

2019 жылы NASDAQ биржасына шыққаннан бері Freedom Holding Corp. акциялары (тикері – FRHC) айтарлықтай қымбаттады. Өткен жылдың тамыз айында котировкалар бір акция үшін шамамен $190 деңгейіндегі тарихи максимумға жеткен болатын, ал қазіргі уақытта шамамен $140 маңында саудаланып жатыр – бастапқы орналастырудан бері акциялар шамамен 10 есеге өсті.

Осы уақыт ішінде компания клиенттік базасын және қызметтер экожүйесін едәуір кеңейтті. 2021 жылы шамамен 40 мың клиентке қызмет көрсеткен Freedom-ның банк сегменті бүгінде 5 миллионнан астам пайдаланушыны қамтиды. Тек Қазақстанның өзінде брокерлік клиенттер саны жарты миллионнан асты.

Холдингтің сервистері түрлі бағыттарды қамтиды – сақтандыру мен билеттерді сатып алудан бастап travel-tech және онлайн қызметтерге дейін. Freedom Ticketon платформасын 3 миллионнан астам адам пайдаланған, компанияның сақтандыру өнімдері де осындай деңгейдегі сұранысқа ие.

Naimi.kz және Freedom Travel сервистері 2 миллионнан астам қолданушыны тартқан, ал Freedom-ның сақтандыру өнімдері арқылы 1,8 миллион автокөлікке полис рәсімделген.

Холдингтің барлық негізгі сервистері Freedom SuperApp қосымшасына біріктірілген, оның аудиториясы 2026 жылғы маусымға қарай 6 миллионнан астам пайдаланушыға жетті. Тек 2026 жылдың бірінші тоқсанының өзінде пайдаланушылар саны 800 мыңнан астам адамға артқан. Турловтың бағалауынша, алдағы бір жыл ішінде 8–10 миллион пайдаланушы деңгейіне жету әбден мүмкін.

Холдинг басшысы цифрлық экожүйенің одан әрі дамуы компанияның капитализациясын айтарлықтай арттыра алатынын атап өтті.

ЖИ және деректер орталықтары саласындағы жобалар

Соңғы екі жылда Freedom Holding технологиялық жобаларға және жаһандық компаниялармен серіктестіктерге белсенді түрде инвестиция салып келеді. NVIDIA компаниясымен және Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, холдинг Астанадағы Дербес AI орталығын құруға қатысуда. Бұл жоба жасанды интеллектіні дамытуға арналған өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық алаңдардың біріне айналуы тиіс.

Сонымен қатар Тимур Турлов AI жүктемелеріне, бұлттық шешімдерге және үлкен деректерді сақтауға бағытталған Tier IV деңгейіндегі Akashi Data Center деректер орталысының құрылысына инвестиция салды. Жоба 4 мыңнан астам серверлік тіректі орналастыруды және 100 МВт-қа дейін қуатты қамтуды көздейді. Бірінші кезеңін іске қосу 2027 жылға жоспарланған.

Бұдан бөлек, Freedom Қазақстан мектептері үшін ChatGPT Edu енгізу бойынша OpenAI-мен серіктестік орнатты. Бағдарлама аясында шамамен 165 мың мұғалім жасанды интеллект платформасының білім беру нұсқасына қол жеткізеді.

Түркия мен Еуропаға экспансия

Freedom Holding халықаралық нарықтардағы қатысуын кеңейтуді жалғастыруда. Түркияда компания брокерлік бағытты дамытып, оны болашақ цифрлық экожүйесіне біріктіру үшін жергілікті банкті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Францияда холдинг банк лицензиясына өтінім берді, ал Грузияда бұған дейін брокерлік лицензия алған. Болашақта Freedom SuperApp қосымшасын тек Түркия нарығына ғана емес, Еуропа елдеріне де шығаруды жоспарлап отыр. АҚШ-та компания технологиялық және қаржылық бағыттардың жекелеген сегменттерін дамытуды жалғастыруда.

Қаржы нәтижелері

2026 қаржы жылы бойынша есептілікке сәйкес, Freedom Holding Corp. компаниясының таза пайдасы екі еседен астам өсіп, $153,3 млн-ға жетті. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы $76,2 млн-мен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Түсім $2,19 млрд-қа жетіп, 2019 жылғы IPO кезіндегі көрсеткіштен 26 еседен астамға артты. Холдингтің жиынтық активтері 33%-ға өсіп, $13,16 млрд-ты құрады.

Өсімнің негізгі драйверлері брокерлік шоттардағы клиенттік қаражаттың артуы және компанияның инвестициялық портфелінің кеңеюі болды. Негізгі акцияға шаққандағы пайда $2,56-ны құрады.

Брокерлік бизнестегі клиенттер саны 26%-ға өсіп, 858 мың пайдаланушыға жетті. Банктік сегмент 5 миллион клиенттен асты, сақтандыру бағыты 1,1 миллион адамға қызмет көрсетеді, ал холдингтің басқа сервистерінің аудиториясы жылдық мәнде 83%-ға артты.

Басқа жаңалықтар