Freedom Media-ның жарты миллион көрермені: неге аудитория түпнұсқа контентті таңдайды

Қазақстандық сериалдар, мистика және жергілікті драмалар Freedom Media өсімінің негізгі драйверіне айналды. Платформа 500 мың тіркелу шегінен асып, қаралымдардың 77%-ы қазақстандық контентке тиесілі. Көрермендердің ең жоғары қызығушылығын Freedom Media Originals жобалары — криминалдық драмалардан бастап хоррорлар мен әлеуметтік сериалдарға дейінгі өнімдер тудырады. Freedom Media-ның Amazon Prime Video-ға қандай ұқсастығы бар екенін түсіндіреміз.
Жарты миллион көрермен
Freedom Media — Freedom Holding Corp. құрамына кіретін стримингтік платформа. Бейнесервис жақында жаңа пайдаланушылар саны бойынша 500 мың тіркелу межесінен асты. Компанияның ішкі талдау деректеріне сәйкес, қаралымдардың 77%-ы қазақстандық контентке тиесілі.
Аудиторияның ең үлкен қызығушылығын Freedom Media Originals желісінің түпнұсқа контенті тудырады: MÚNAI, «На грани», «Казахские страшные сказки», ADASQAN және «Ұлжан» сериалдары. Бұдан бөлек, платформа пайдаланушыларға 5 мыңнан астам фильм мен сериалды, 100-ден аса телеарнаны, спорттық трансляцияларды, балаларға арналған контентті және өз өндірісінің жобаларын ұсынады.
2025 жылдың соңында компания Freedom Media-дағы капиталдық шығындар $9,2 млн болғанын хабарлады. Бес жыл ішінде платформаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі $54 млн деп бағаланады. Компанияда табыстылыққа шығу 2027 жылдан бастап күтілетінін атап өтеді.
Қазақстандық Amazon Prime Video
Сервис жасаушылары мен командасы өздерін Amazon Prime Video-мен салыстырады — бұл бір экожүйе ішіндегі әртүрлі сервистердің үлкен жиынтығының бөлігі. Аудиторияны тартудың негізгі арнасы ретінде Freedom SuperApp қолданбасы қызмет етеді — пайдаланушылардың шамамен 90%-ы видеоконтентті дәл осы қосымша арқылы қарайды.
Бұл Freedom Holding-тің кең стратегиясын көрсетеді: клиентке бір «терезе» арқылы банктік, инвестициялық, сақтандыру және lifestyle-қызметтерге қолжетімділік беретін бірыңғай платформаны дамыту. Сериалдар, спорттық трансляциялар және эксклюзивті контент арқылы компания пайдаланушылардың қатысу белсенділігін арттырады. Осыдан кейін аудитория экожүйенің басқа сервистеріне — банктік өнімдерге, travel-қызметтерге, сатып алулар мен билеттерге өтеді.
SuperApp — мүмкіндіктердің бірыңғай «терезесі»
Freedom SuperApp пайдаланушыларының саны 2026 жылдың басында 5 млн-нан асты. Корпорацияның жоспарына сәйкес, жақын уақытта бұл көрсеткішті 8 млн-ға жеткізу көзделіп отыр. Серіктес сервистерді қоса есептегенде, экожүйенің жалпы клиенттер саны 11 млн-нан асты.
Freedom SuperApp біріктіреді:
- Freedom Broker — америкалық, еуропалық және азиялық нарықтарға қолжетімділік;
● Freedom Bank — депозиттер, несиелер, цифрлық ипотека;
● Freedom Travel — қонақүйлерді, теміржол және әуе билеттерін брондау;
● Freedom Life және Freedom Insurance — сақтандыру қызметтері;
● Freedom Telecom — байланыс операторы;
● Lifestyle-сервистерге Arbuz.kz онлайн-супермаркеті, Freedom Ticketon билет сату сервисі, Lenta әлеуметтік желісі және басқа да қызметтер кіреді;
● Freedom Pay — төлем сервисі;
● Freedom Media — түпнұсқа контенті бар стримингтік платформа.
Финтех — экожүйенің өзегі
Соңғы жылдары Freedom Holding брокерлік компаниядан халықаралық цифрлық экожүйеге айналды. 2008 жылы Freedom жеке клиенттерге америкалық қор нарығына қолжетімділік ұсына бастады. 2019 жылы NASDAQ биржасына шыққаннан кейін холдинг халықаралық дамуын және бизнесті әртараптандыруды жеделдетті.
Экожүйе құру клиенттерді тарту құнын төмендетеді — Freedom Holding жағдайында шығындар 30%-ға қысқарды. Сонымен қатар экожүйелік тәсіл платформа ішіндегі «клиенттің өмірлік құнын» (lifetime value) арттырады.
SuperApp пайдаланушылары холдингтің басқа сервистеріне белсендірек қосылады. Freedom Holding негізін қалаушысы әрі CEO Тимур Турловтың айтуынша, финтех нарығындағы бәсекелестік біртіндеп жекелеген банктерден қаржылық және күнделікті қызметтерді біріктіретін экожүйелерге ауысуда.
lifestyle-бағытын дамыту
Ең жылдам өсіп келе жатқан сегменттердің бірі — Freedom Travel. Компания деректеріне сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай елдегі әр бесінші әуе билеті Freedom экожүйесі арқылы сатылған. 2026 жылы компания әлем бойынша 3,5 млн орналастыру нысанына қолжетімділігі бар қонақүйлерді брондаудың халықаралық платформасын іске қосады.
Freedom қосымша түрде жеткізу және e-commerce сервистерін дамытып жатыр. Arbuz-бен жасалған мәміледен кейін компания онлайн азық-түлік жеткізу сегментіндегі позициясын күшейтіп, бұл бағытты Қазақстанда әрі қарай ауқымдауды жалғастыруда.
Экожүйе ішінде Freedom Ticketon да дамып келеді, ол Қазақстандағы іс-шараларға билеттер сататын ең ірі платформа болып қала береді.
Жекелеген жоба ретінде Freedom Lenta әлеуметтік платформасы дамуда, мұнда пайдаланушылар белсенділігі үшін кэшбэк алады. Компания Lenta-ны контентті, коммуникацияны, сатып алуларды және адалдық жүйесін Freedom SuperApp ішінде біріктіретін ішкі әлеуметтік-коммерциялық орта ретінде дамытып жатыр.
Қаазақстаннан тыс
Freedom Holding SuperApp-ты халықаралық нарықтарда дамыту жоспарларын мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда Freedom Қазақстан, АҚШ, Еуропа елдері, Орталық Азия, Кавказ және Таяу Шығыс өңірлерін қамтитын 20-дан астам елде жұмыс істейді.
Freedom Holding аталған нарықтарға қазақстандық бизнес-моделін экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл сценарий қазірдің өзінде Түркияда жүзеге асырылуда. 2025 жылы холдинг Freedom Yatırım Menkul Değerler брокерлік компаниясын іске қосуға рұқсат алды, ал 2026 жылы Turkish Bank A.Ş.-тің 99,32% акциясын сатып алу туралы жариялады.